Автор: erimbetkaz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында авиация мәселесіне тоқталып, өңірлердегі әуежайлардың жаңғыртылып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ, Ұлттық жүк тасымалдаушы компания құру идеясын ұсынған. Алайда Қазақстанда ұлттық әуе тасымалын құруға кедергі болатын бірқатар фактор бар. Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев оны шешпей табысты тасымал желісін құру мүмкін емес деп есептейді. Алдымен әуежайдың өзінен бастасақ. Мәселен, президент өңірлердегі бірқатар жаңа әуежайды аралап көрді. Алматы мен Шымкент әуежайына барды. Бірақ, оларды жеке инвесторлар салған, яғни Үкіметтің атқарған жұмысы емес. «Алматыда түрік инвесторы, Шымкентте SCAT әуе компаниясының иелері салды. Қызылордадағы жаңа терминал Болат Өтемұратов қорының жобасы, оны өз қаржысына салып, жергілікті әкімдікке өткізді. Қазір Павлодар әуежайын биыл…

Толығырақ

Қарағанды. 15 қыркүйек. BM.KZ — Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталған. 17 күдікті қолға түсіп, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр. «Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26…

Толығырақ

Астана. 14 қыркүйек. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында жүлделі болған ел спортшыларын құттықтады.  Мемлекет басшысының құттықтауы әлеуметтік желіде жарияланды. «Санжар Тәшкенбай мен Махмуд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтаймын!», — деп жазды президент. Сондай-ақ, өзге де жүлде олжалаған боксшыларды атап өтіп, Олимпиада ойындарына да тыңғылықты дайындалу қажет екенін еске салды. «Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Instagram парақшасында.…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ — Ішкі сауданы дамыту шараларын іске асыру аясында сауда саласындағы 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Жыл басынан бері субсидиялау аясында жалпы несие көлемі 57,5 млрд теңгені құрайтын 418 жобаға қол қойылған. Төленген субсидиялардың жалпы құны 2 788 млн теңге. Сонымен қатар, кепілдендіру құралы бойынша кредит сомасы 8 млрд теңгені құрайтын 103 кепілдік беріліп, мемлекет тарапынан кепілдіктердің көлемі 3,6 млрд теңгені құраған. Аймақтардағы сауда инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Базарларды жаңғыртудың Жол картасы аясында 2025 жылы Өскемен қаласында «Заря», «Заречный» және «Орталық» атты үш базарды жаңарту аяқталады. Оның…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ — «Цифрлық ипотека» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстанда екінші дәрежедегі тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн-ресімдеудің пилоттық тетігі енгізілді.  Енді азаматтарға банкке және нотариусқа барып уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Барлық кезеңдерді қашықтан, электрондық форматта өтуге болады. Ипотекалық қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алғандар үшін «цифрлық ипотека» сервисі өтінім беруден бастап тіркеу туралы құжаттарды алуға дейін мәмілені толығымен онлайн ресімдеуге мүмкіндік береді. Процестің барлық қатысушылары – банк, нотариус және тіркеуші органдар – қағаз құжат айналымын болдырмайтын бірыңғай цифрлық платформа арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Мәміленің екі тарабы да жүйеде авторизациядан өтеді және өз әрекеттерін…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ – Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды. Берік Ноғайұлы арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ, азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 млрдтеңге залал өтелді. Қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынды. Қозғалған қылмыстық істер бойынша…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ — Жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін ІІМ Ұлттық ұлан ұшағы жіберілді. Қаза тапқандардың денелерін тану және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады. Сондай-ақ, ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Айта кетейік, көз жұмған жандардың ішінде – бес әйел Қарағанды облысынан болса, біреуі Астана қаласының тұрғыны. Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда жол апатынан 10 адамның қаза тапқаны жайлы жазып едік. Сенек кентінен 90 шақырым қашықтықтағы автожолда «Toyota Hiace» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Оқиға салдарынан 8 адам…

Толығырақ

Атырау. 12 қыркүйек. BM.KZ — Атырауда ерекше оқиға болды. Балалардың таласына ашуланған әйел үш жасар қыздың үстінен полицияға арызданған. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы жазды. Оқиға былай болған. Қаланың бір дәмханасында үш жастағы қыз ойыншық шаңсорғышты қолына алады. Оны бес жастағы қыз тартып алмақ болған. Дегенмен арада он минут өтпей, балалар қайтадан бірге ойнай бастаған. Алайда бес жастағы қыздың анасы бұл «бейбастақтыққа» шыдай алмаған болу керек, айқайлап «қызыңызға әдеп үйретіңіздер!» деп дүрсе қойып, үш жасар баладан көпшілік алдында кешірім сұратуды талап еткен. Тіпті, полицияға арызданған. Атырау облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Органның хабарлауынша, арыз қараусыз қалдырылған.…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ — Непалда апта басында басталған жаппай наразылықтарға байланысты министрлер мен олардың отбастарын эвакуациялау үшін әскери тікұшақтар қолданылды. Бұл туралы Times of India жазды. Әлеуметтік желілерде тез тараған бейнежазбаларда шенеуніктер мен олардың туыстарын армия тікұшағына көтеріп жатқан сәт түсірілген. Ал төменде жиналған наразы жұрт бұл көріністі бақылап тұрғаны байқалады. Наразылық күндері түсірілген кейбір бейнематериалда қаржы министріне, сондай-ақ, сыртқы істер министрі Арзу Рана Деуба мен оның жұбайы, бұрынғы премьер-министр Шера Бахадур Деубаға шабуыл жасалған сәттер де көрініс тапқан. Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздіктер 8-9 қыркүйекте басталған еді. Оған үкіметтің бірқатар мессенджер мен әлеуметтік желілердің жұмысына шектеу қоюы себеп болған.…

Толығырақ

Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ — Мәскеу мен Алматының арасында 26 қазаннан бастап тікелей теміржол бағыты ашылады. Араға 8 жыл салып, Мәскеу бағыты қайта жанданбақ. Бір ерекшелігі, Мәскеуге баратын қос вагон №7/8 «Алматы-Саратов» пойызының құрамында болады. Оларды алдымен Саратов станциясына жеткізіп, әрі қарай «Дербент – Мәскеу» бағытындағы № 85/86 бағытына жалғап, Мәскеуге жөнелтеді. Мәскеуге тікелей баратын «Алматы-Мәскеу» бағытындағы вагондар күнара жүреді. Олар бір купелік және бір плацкарт вагоннан тұрады. Жолаушылар билетті онлайн сатып ала алады. Айта кетейік, Алматыдан Мәскеуге тікелей пойыз 2017 жылы тоқтатылған еді. Себебі, жолаушы тым аз болып, бағыты Саратовқа дейін қысқартылды.

Толығырақ