Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ – Албания жасанды интеллектті министрлік лауазымға тағайындаған алғашқы ел болды, деп хабарлайды «Коммерсант». Diella деп аталатын ИИ-бот мемлекеттік сатып алуларға жауап береді, деп мәлімдеді премьер-министр Эди Рама, деп хабарлайды Gazeta Tema. ИИ-министрді қолдау үшін үкіметте жасанды интеллект технологияларын енгізетін арнайы бөлімше құрылды. Бұл тендерлердің толық ашықтығын қамтамасыз етіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Премьер-министр Эди Рама Diella-ның енгізілуімен сатып алулар біртіндеп ИИ-дың бақылауына өтетінін атап өтті. Ол ИИ мемлекеттік сатып алу қызметінің функцияларын орындайтынын айтты. Бұған дейін Diella e-Albania үкіметтік порталында виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеген.
Автор: erimbetkaz
Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ – Ішкі істер министрі тергеуді жеке бақылауына алды. Қайғылы жағдай Сенек кентінен 90 шақырым жерде болған. Автожолда «Toyota Hiace» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Оқиға салдарынан 8 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханада көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Осығай байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. ІІМ тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрды. Жүргізушінің әрекеттері, автокөліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары зерттеліп жатыр. Барлық жолаушы Қазақстан азаматтары болған және Бекет-Атаға зиярат етуге бара жатқан. ІІМ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастырып…
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесуде жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мән-мазмұны жайында мәлімет берді. Онда парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды. «Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайтуды көздейді. Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталады. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау қажет. Сол себепті мен саяси жоспарларымыз туралы алдын ала айтамын. Бұған дейінгі реформалар кезінде де, АЭС құрылысына қатысты референдум…
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Қостанай облысында полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың жолын кесті. Қаскөйлер жаңа өнімнен 54 тонна бидайды ұрлап кеткен. Барлығы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде анықталды. Жергілікті учаскелік инспектор Мейірбек Нұргелдин мен полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Бикетбаев Әулиекөл – Диев тасжолында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. «Жүкке қатысты құжаттар күдік тудырды, ал жүргізуші астықтың қайдан алынғанын және қайда жеткізіліп жатқанын нақты түсіндіре алмады. Жүк көлігі полиция бөліміне жеткізілген соң, бидайдың «Диев агрофирмасы» аумағынан ұрланғаны анықталды. Кейінірек Аманқарағай ауылындағы алдын ала жалға алынған қоймадан үш күн бұрын шығарылған ұрланған бидай табылды», – деп жазылған…
Алматы облысы. 11 қыркүйек. BM.KZ — Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция мәліметіне қарағанда, белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапқан. Олардың денелері оқиға орнынан табылған. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің нысандары мен бланкілеріне өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер дайындады. Жобадағы негізгі мақсат құжаттардан электронды чипті алып тастау. Министрлік мұндай қадамды қаржылық жағынан тиімді деп санайды. ІІМ түсіндіруінше, чип-модульдерді орнату мен пайдалану қосымша шығынды талап етеді, ал олардың қызметін қазір мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер толық атқарып отыр. Осы себепті чиптен бас тарту бюджет қаржысын үнемдеуге және құжат дайындау рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында 22 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеевтің мезгілсіз дүниеден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады.
Маңғыстау облысы Шетпе ауылында балаларды мектепке тасымалдау мәселесі ата-аналардың қатты алаңдаушылығын тудырып отыр. Олардың айтуынша, сыйымдылығы 30 орындық автобустарға күніне 60-тан 80-ге дейін оқушы отырғызылады. Соның салдарынан балалар дем жетпей қиналып, кейбірі есінен танып қала жаздайды, жолда құсып қойған жағдайлар да болған. Бұл туралы Lada.kz жазды. Ауыл тұрғындарының сөзінше, мәселе №7 Ащыбұлақ лицей-мектебі жабылғаннан кейін туындаған. 1 қыркүйектің алдында апатты деп танылған мектепте 1600-ге жуық оқушы білім алған. Соның ішінде 950 бала амалсыздан Шетпенің «Жаңа орпа» шағынауданындағы №6 орта мектепке ауыстырылған. Алайда ата-аналар жаңа мектепте не балаларға, не мұғалімдерге жағдай жасалмағанын айтады. Қазір екі мектеп бір ғимаратта оқып жатыр. Соның…
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — «Геологияны цифрландыру» жобасын жүзеге асыру аясында бұрғылау қондырғылары мен дала лагерлерінде Starlink терминалдары орнатылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жоғары жылдамдықтағы байланыс арнасы геологиялық және геофизикалық үлкен деректерді нақты уақытта беру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ол бұрғылау параметрлері мен техниканың жай-күйін бақылауға арналған IoT-сенсорларды интеграциялауға, учаскеге шықпай-ақ персоналға қолдау көрсетуге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін арттыруға тиімді жағдай жасамақ. Қосымша алаңнан бейнеағын Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластердің диспетчерлік орталығына жіберіліп жатыр. Цифрлық даму, инновациалар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink келісімі аясында спутник интернеті елімізде 2025 жылғы 13 тамыздан бастап ресми түрде жұмыс істейді.
Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Бұл туралы банк бүгін ресми мәлімдеме таратты. «Құрметті клиенттер, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады», – деп жазылған банк мәлімдемесінде. Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді. Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны туралы қосымша хабарланады. Айта кетейік, бұған дейін ҚМА БЖЗҚ-дан жалған стоматологиялық қызмет арқылы 200 млрд теңге шығарылғаны туралы ақпарат берген болатын.