Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ – Ішкі істер министрлігіндегі жаңа тағайындау туралы prokadrykz жазды. Данияр Мейрханұлы Ресей ІІМ басқару академиясын тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар. 2003 жылы Ақтөбе облыстық ІІБ-да жедел уәкіл болып қызметін бастаған. 2005-2012 жылдары ОҚО ішкі істер органдарының бөлімшелерінде қызмет атқарды. 2012-2022 жылдары ОҚО полиция департаментінде бөлім бастығынан басқарма бастығына дейінгі жетекшілік қызметтерде еңбек етті. 2023 жылдан бастап Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бөлім бастығынан академия бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерде болды. 2024 жылдан бері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2024-2025 жылдары ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы болды.
Автор: erimbetkaz
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ – Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың екеуі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Астана қалалық №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еске сала кетейік, 20 тамызда жарақат алған екі бала Үржар аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы елордаға жеткізілген еді. Олар №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болды. Медициналық мекеменің дерегінше, мамандар балаларға күрделі операциялар жасап, толыққанды ем жүргізген. Соның нәтижесінде 4 қыркүйекте олар үйлеріне шығарылды. «Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында балалардың өмірін аман алып қалу мүмкін болды. Ең бастысы – қазір олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Алдағы оңалту кезеңі…
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен шеберлік байқасты.Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші, ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр.Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Заңғар брейк жасай білді. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді — 6:2.Екінші сетті З.Нұрланұлы брейкпен бастағанымен, соны жалғастыра алмады — 1:1. Дегенмен есеп 3:3 болғанда, қайыра брейк жасап, өз геймін алды — 5:3. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді — 6:4.Заңғар…
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ – Бұған дейін Ақ үй басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін талқылау аясында «ниет білдірушілер коалициясының» өкілдерімен телефон арқылы сөйлескен, деп хабарлайды Deutsche Welle. АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр. «Иә, мен мұны жасаймын. Бізде өте жақсы диалог болды», — деді Трамп жұма күні, 5 қыркүйекте Ақ үйде өткен брифингте. Алайда, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Кремльде әзірге РФ және АҚШ президенттерінің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыру бойынша «дайындықтар жоқ», бірақ ол «жылдам ұйымдастырылуы мүмкін», деп хабарлады «Интерфакс». Бұған дейін Дональд Трамп Украина президенті Владимир…
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ – Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы сайысқа 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысып, барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, барлық төрт қатысушысы жүлдегер атанды. Ел намысын қорғаған оқушылар бір күміс және үш қола медаль иеленді. Күміс медальді Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Құрмет Әбілмансұр жеңіп алды. Ал қола медальдарды Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Шаймерден Нұрәлі, Өскемен қаласындағы осы аттас лицейдің оқушысы Юсупов Саят және тағы бір көкшетаулық оқушы Мұғжан Дінмұхаммед еншіледі. Жас таланттарды жарысқа тәжірибелі тәлімгерлер –…
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ — AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тарифтік реформаны жалғастыру және энергетика мен коммуналдық секторларда Ұлттық жобаны жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. «Бұл жұмыс 2023 жылы басталып, 2024 жылы жалғасын тапты және биыл да жүргізіліп жатыр. Екі жарым жыл ішінде инженерлік инфрақұрылымды, жылу көздерін, түрлі желілерді жаңғыртуға 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 6,2%-ға төмендеді. Қиындықтарға қарамастан, біз бұл жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, өйткені қазіргі заманға сай жаңғыртылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қалыптастырғымыз келеді», – деді Олжас Бектенов. Премьер-министр энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жалғасы…
Астана. 5 қыркүйек. BM.KZ — Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына күзгі әскерге шақырылушылардың бірінші легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бүгін Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына мерзімді әскери қызмет өткеруге елорданың 22 тұрғыны жіберілді. Азаматтар қызмет ететін әскери бөлімнің жүз жылдан астам тарихы бар және мемлекеттік шекараның негізгі тіректерінің бірі болып саналады. Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықовтың айтуынша, 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 22 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде Астанадан 1 200-ден астам жас жіберіледі. «Әскердегі қызмет – нағыз батылдық,…
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен бизнесмен Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталғаны жайында ақпарат тараған болатын. «Orda» телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге сала кетейік», – деп жазылған ҰҚК мәлімдемесінде. Мұның алдында Сыртқы істер министрлігі де ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеген.
Қызылорда. 4 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Шиелі ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жобаның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Аудан орталығында бірқатар әлеуметтік нысандардың аумақтары абаттандырылып, жаңа демалыс орындары пайда болды. «Руханият» орталығының ауласы толықтай көркейтіліп, тамшылатып суару жүйесімен жасыл көгал егілді, субұрқақ, жарық шамдар мен орындықтар орнатылды. Сондай-ақ, И.Әбдікәрімов көшесі бойынан жоба құны 118,5 млн теңгені құрайтын жаңа аллея салынды. Кентке кіреберіс Н.Бекежанов көшесінің бойында «Шиелі кенті» аркасы орнатылып, шаңырақ бейнелі арка, түнгі жарық шамдары, сәнді қоршаулар қойылды. ХҚКО маңындағы аумақ…
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің ақпарат алаңында тараған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен бизнесмен Гаджи Гаджиевтің ұсталуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Министрдің сөзінше, бұл расталмаған ақпарат. «Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауға тиіс», – дейді Аида Балаева. Соған байланысты әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырған. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін…