Астана. 28 тамыз. BM.KZ — 28 тамыз күні Монакода өткен UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімінде алматылық «Қайрат» өз тарихында алғаш рет басты клубтық турнирге қатысып отыр. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық командаға әлемдік футболдың алыптары қарсылас болды. Қайраттың қарсыластары: — «Реал Мадрид» (Испания) — әлемдегі ең атақты клубтардың бірі Алматыға келеді. — «Интер» (Италия) — миландық ұжыммен «Қайрат» сырт алаңда ойнайды. — «Арсенал» (Англия) — «Қайрат» Лондонда матч өткізеді. — «Брюгге» (Бельгия) — бұл команда Алматыға қонаққа келеді. — «Спортинг» (Португалия) — сырт алаңдағы тағы бір қарсылас. — «Олимпиакос» (Грекия) — алматылықтармен бір топта. — «Копенгаген» (Дания) —…
Автор: erimbetkaz
Шымкент. 28 тамыз. BM.KZ — 2025 жылғы 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ШМӨЗ) аумағында қайғылы оқиға болды. Оқыс жағдай кезінде автокөтергіш аударылып, мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері – оқшаулау мамандары мерт болды. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі мәліметті растап, оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыра бермек. Компания басшылығы марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты.
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге, Ұлттық Антифрод-орталықтың функционалын кеңейтуге, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару ісін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданғанын хабарлады. ҰБ мәліметінше, енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады. Бұрын сот шешімі қажет болатын. Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталықта заңсыз операцияларға тартылған күдікті төлем карталары мен электрондық әмияндардың дерекқоры құрылады. Сонымен қатар, банктік шоты алаяқтық күдігіне байланысты бұғатталған тұлғалар үшін зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады. «Қаржы ұйымдары күдікті операцияларға сапалы…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — 2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп жатыр. Бақылау камералары жолдардың түзу аумақтарында орнатылған, онда орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі. Қазавтожол мәліметінше, биылғы наурыз-тамыз айларындағы талдау деректері бойынша орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам дерегі анықталған. Ең көп ережебұзушылық тіркелген аумақтар: Шымкент – Қызылорда – 54 863, Астана – Щучинск – 29 330, Астана – Павлодар – 18 188. Ең аз ережебұзушылық мына бағыттарда байқалды: Павлодар – Семей – Қалбатау – 3 882, Шымкент – Тараз – 1…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасын жалғастырып жатыр. Бұл шара есірткі айналымына, соның ішінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу мен өсіруге қарсы бағытталған. Полиция дерегіне қарағанда, Жамбыл облысында ұсталған 40 жастағы жергілікті тұрғынның ауласынан табылған каннабис өсімдіктерінің саны 144 түп болып, үйінен алынған кептірілген және кептірілмеген марихуананың жалпы салмағы 239 келіні құраған. Ұлытау облысында қолға түскен азаматтан алынған марихуана мен гашиштің салмағы 20 келіден асқан. Қарағанды қаласында тоқтатылған оңтүстік өңірлерден жеткізілетін есірткі арнасымен ұсталған 75 жастағы ер адамның жанынан табылған гашиш пен марихуананың салмағы…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қайсар Қамза өзінің телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келеді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агпенттігі мәлімдеді. Жалпы, жыл басынан бері агенттік 34 блогердің онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтаған. Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23 контент жасаушыға қатысты материал Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданған. Көпшілігі заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзады. Мәселен, хип-хоп орындаушы «Baller» (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған. Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») әлеуметтік желілерінде азаматтарды заңсыз ойындарға тарту мақсатында агрессивті науқан жүргізіп, жарнама үшін 15,8 млн теңге алып,…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ – Energy Fuels компаниясының акциялары Қазақстан уран өндірісін арттыратыны туралы хабардан соң 20%-ға жуық төмендеді, деп хабарлайды GuruFocus порталы. Америкалық уран өндіруші Energy Fuels акциялары 19,3%-ға арзандап кеткен. Қазақстандағы «Қазатомпром» мен француздық Orano бірлескен кәсіпорны Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында өндіріс көлемін 2026 жылға қарай жылына 4 000 тоннаға дейін ұлғайтатыны туралы жаңалықтан соң инвесторлар әлгі компания акцияларына қызығушылығын азайтқан. Жаңа қайта өңдеу зауыты кен орнының оңтүстік бөлігінде 2025 жылдың шілдесінде іске қосылған болатын. Бұл жаңалықтардан кейін саладағы басқа компаниялардың да акциялары құлдыраған. Мысалы, Lightbridge – 14,1%, Uranium Energy – 12,5%-ын жоғалтқан. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген. Оқыту барысында педагогтер: жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды; промпт жазу әдістерін; сабақ жоспарлау тәсілдерін; тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді; иллюстрациялар жасауды; оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді. Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Миннеаполис қаласында 27 тамыз күні жеке католиктік бастауыш мектепте атыс болып, екі бала қаза тапты. Полиция мәліметінше, 8 және 10 жастағы екі оқушы көз жұмған. Тағы шамамен 20 адам, көбі бала, түрлі жарақат алған. Бұл туралы DW жазды. Қайғылы оқиға таңғы сағат 8:30 шамасында, мектеп шіркеуінде өтетін таңғы құлшылық кезінде болған. Қара киім киген шамамен 20 жастағы ер адам қолындағы мылтық, аңшы қаруы және тапаншамен шіркеу терезесінен балаларға және басқа да жиналғандарға оқ атқан. Оқиғадан кейін қылмыскер мектеп алдындағы автотұрақта өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оның мектепке қатысы, бұрын сотталған-сотталмағаны белгісіз. Полиция күдіктінің жалғыз әрекет еткенін…
Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 96-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Тереза Валентовамен өткізді. Бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басымдылық танытты. Тартысты өрбіген екінші сетті Елена жеңіспен түйіндеді – 7:6 (9:7). Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ чемпионы, 22 жастағы ұлыбританиялық Эмма Радуканумен ойнайды.