Автор: erimbetkaz

Шымкент қаласының тұрғыны Филипп Герасимов өзінің үшжылдық еңбегінің жемісін алғаш рет көпшілікке таныстырды. Өнертапқыш қолдан жинаған коптерін Тәуелсіздік саябағының автотұрағына көлігімен жеткізіп, арнайы демонстрация өткізді. Оның айтуынша, бұл құрылғы жай әуеге көтерілетін құрал емес, болашақтың көлігі. Филипптің айтуынша, коптерді жинау оңай болмаған. Салмағы 50 келіге жуықтайтын бұл «темір құстың» қалақтары ұшар алдында қолмен ашылады. Жобаны құрастыру барысында түрлі сәтсіздіктер мен техникалық қиындықтар кездескен. Бірнеше рет құлаған, дұрыс емес шешімдер қабылданған сәттер де болған. Алайда шебер, бастаған ісін соңына дейін жеткізуді мақсат етіп, қателіктермен жұмыс істеуді жалғастырған. «Бұл, раманың екінші нұсқасы. Бұған дейін мүлде басқа формада болған. Жалпы алғанда, жобаны іске…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Instagram-дағы Prokadrykz аккаунтында Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чақпантаевтың уақытша қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат жарияланды. Бұған дейін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чақпантаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Kazinform. Ол бағыныштыларын ұрып-соқты деген күдік бар. Полиция әзірге бұл ақпаратты түсіндірген жоқ, алайда облыстық прокуратурада істің барын растады. Бірақ қызметкердің кінәсі әлі дәлелденуге тиіс. Ресми мәліметке сәйкес, қала прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізілу үстінде. «Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Өскемен қаласының прокуроры жауапкершілігіне қатысты шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді»,…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. «Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер», – деді Мемлекет басшысы. Патриарх Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді.…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне қарсы 15 млрд доллар көлемінде сотқа шағыммен жүгінді. Ол басылымды «солшыл радикалды Демократиялық партияның виртуалды рупоры» деп айыптап отыр. Бұл туралы Euronews жазды.  Трамптың айтуынша, газет пен оның журналистері ол туралы, сондай-ақ отбасысы мен бизнесіне қатысты «жалған әрі жала жабатын материалдар таратқан». Бұл іс биыл бірнеше ай бұрын Wall Street Journal-ға қарсы қозғалған іспен үндес болып отыр. Республикашылдар басқаратын Флорида штатында берілген талап-арызда New York Times журналистерінің бірқатар мақалалары мен олардың кітабы көрсетілген. Аталған материалдар 2024 жылғы президенттік сайлау алдындағы кезеңде жарияланған. Өзінің Truth Social платформасында Трамп…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазанда Астанаға келіп, Digital Bridge форумында сөз сөйлейді. Қазақстанның Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың пленарлық отырыста сөз сөйлейтінін растады. Оның айтуынша, 2 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Пленарлық отырыста Павел Дуровтан бөлек, БАӘ-нің жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Сұлтан әл-Олама, Стэнфорд профессоры Илья Стребулаев, Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Кай-Фу Ли, Стэнфорд ғылыми қызметкері, Google компаниясының зерттеу жөніндегі директоры Питер Норвиг сөз сөйлейді. Отырыс модераторы қызметін Solana Foundation президенті Лили Лю атқарады. Digital Bridge 2025 –…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ — Қазақстанның батысында «Айбалта-2025» екіжақты жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері дабыл арқылы көтеріліп, толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Маневрлерге 3 мыңның үстінде әскери қызметкер, 1 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. «Оқу-жаттығу төрт кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер дабыл жарияланған кездегі іс-қимылды пысықтап, белгіленген ауданға аралас тәсілмен марш жасап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Практикалық әрекеттер күндізгі және түнгі уақытта, қорғаныс және шабуыл операцияларын жүргізу жағдайында, ұшқышсыз жүйелерді қолдана отырып өткізіледі», – деп жазылған хабарламада.…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатылады. Монета белгілі қазақстандық ғалым, химик, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, жазушы және аудармашы – Ебіней Арыстанұлы Бөкетовке арналған. Монета дизайнында оның портреттік бейнесі көрініс тапты. Монеталар мельхиор (МН 25) қорытпасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 5000 (бес мың) данада жасалды. Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің…

Толығырақ

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ — Бүгін өткен сауда-саттықта бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйден алынған бірнеше зат аукцион арқылы сатылды. Бұл туралы Informburo.kz жазды.  Электронды сауда алаңының деректеріне сәйкес, барлығы 5 лот сатылған. Ең қымбат лот – алтыннан жасалған, «Elizabeth II» сериясындағы номиналы 200 доллар болатын инвестициялық монета. Кенгуру бейнеленген бұл монета үшін төрт сатып алушы бәсекелесіп, бастапқы бағасы 3,2 млн теңгеден 4,3 млн теңгеге дейін өсті. Ең арзан лот – бастапқы бағасы 22 мың теңге болған бижутерия жиынтығы. Ол 42 мың теңгеге сатылды. Сонымен қатар саудада: түрлі-түсті эмальмен және сүйекпен қапталған қынаптағы қылыш – 385 мың теңгеге; екі…

Толығырақ

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Онда өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті. Сондай-ақ, Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі паш етілді. Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, ет, сүт және нан өнімдері қойылған. «Балмұздақ… Біз осында Көкшетау балмұздағын анда-санда сатып алып тұрамыз. «Эскимоны» татып көрдік, жақсы», – деді президент.

Толығырақ

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ — 16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Polisia.kz. «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда адам ұрлау және некеге мәжбүрлеу сияқты өзекті тақырыптарға қатысты өзгерістер қарастырылған. Басты жаңашылдықтардың бірі — Қылмыстық кодекстің 125-бабындағы ескертпенің алынып тасталуы. Бұған дейін ұрланған адамды ерікті түрде жіберген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін еді. Енді бұл мүмкіндік алынып тасталды: жәбірленушіні өз еркімен босатқан күннің өзінде кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы «Некеге мәжбүрлеу» енгізілді. Енді бұл…

Толығырақ