Автор: erimbetkaz

Қазақстандық шахматшыларды ұлттың интеллектуалдық қазынасы қатарына қосатын уақыт жетті. Жанкүйерлер олардың халықаралық аренадағы жеңістеріне әлдеқашан үйреніп алған. Содан болар, Бибісара Асаубаеваның FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турниріндегі кезекті триумфы жанкүйерлерді таңғалдырған жоқ. Бір анығы, шахмат Қазақстанда спорттан да үлкен құбылысқа айналып, мемлекет басшысының жіті назарында тұр. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетаудағы шахмат үйіне барды. Айтпақшы, ол бұрынғы президент резиденциясында орналасқан. Ал дәл осы күндері Алматыда балалар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осының бәрі Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті, халықаралық гроссмейстер, Қазақстан чемпионы Дәрмен Сәдуақасовпен сұхбатымызға арқаум болды. BM.KZ тілшісімен болған әңгімесінде ол жас шахматшыларымыздың әлемді бағындыруға қалай дайындалып жатқанын, ерлер…

Толығырақ

Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ – Израиль әскері Газаның ішкі бөлігіне қарай жылжып, халықтың жаппай көшуіне мәжбүр етіп жатыр. Соққылар салдарынан әуе және интернет байланысы үзіле бастаған, деп хабарлайды Euronews. Израиль әскери деректеріне сәйкес, ӘӘК мен артиллерия бөлімшелері осы аптада қалаға 150-ден астам соққы жасаған. Нәтижесінде, Израильдің мәлімдеуінше, ХАМАС әскери бақылау пункттері ретінде пайдаланған биік ғимараттар қиратылған. Айтуларына қарағанда, мақсаты ХАМАС-тың әскери инфрақұрылымын жою, бірақ шабуылдың нақты мерзімі аталмады. Израиль әскері Газаны ХАМАС билігінің орталық торабы деп сипаттап отыр. Дүйсенбіде басталған құрлық операциясынан бері ЦАХАЛ дерегі бойынша шамамен 500 мың палестиналық Газа қаласынан кеткен. Сектордағы аурухана қызметкерлерінің хабарлауынша, сәрсенбіге қараған түні…

Толығырақ

Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ – Қалалық білім басқармасы Шымкенттегі балабақшаға тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Kazinform. Асар шағын ауданындағы жекеменшік «Березка» бөбекжайына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары полицияға жүгініп, эпидемиологтардың шұғыл тексеруін талап етті. Ата-аналар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көріп, балалардың жағдайына шошыған. Түскі ас кезінде бүлдіршіндерді бір табақтан, бір қасықпен тамақтандырған, олардың бір бөлігі еденде отырған. Бейнежазбадан соң бірнеше ата-ана ас блогына кіріп көрді. Онда бәрі күйе мен кір-қоқысқа толы болып шыққан: тіпті әжетханада кір ыдысқа толы раковина тұрған, ал ас үйде тышқандар жүгіріп жүрген. Газ плиталары күйе-күйе, ас бөлмесін кір, шаң, адам сенгісіз антисанитария мен тышқандар. Балалардың тамағында ет болмашы ғана.…

Толығырақ

Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ – Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sports.kz. Алғашқы тайм толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. Олар бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды, ал 24-минутта Шерхан Қалмырза Мортен Юльманның пенальтиін қайтарып, қақпасын аман сақтап қалды. Дегенмен, үзіліске санаулы минуттар қалғанда Франсишку Тринкан (44-минут) алыстан соққы жасап, есеп ашты. Екінші таймның басында алматылықтарда гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Еркін Тапалов пен Дастан Сәтбаев есепті теңестіре алатын еді. Қазақстан чемпионы есепті теңестіруге тырысқанымен, мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Жоржиньо қақпашымен жеке шыққан сәтінде тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Керісінше, қонақтар жауап ретінде қарсыластың айып алаңына…

Толығырақ

Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ — Заңсыз микрокредит беру бойынша кең ауқымды схема әшкереленді. Ол еліміздің әр өңірінде 200-ге жуық филиалы бар, комиссиялық дүкендер ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койнов сенімді адамдарына «Актив Маркет» брендімен тіркелген бірнеше компания рәсімдеген. Олар тауарлар мен тұрмыстық техниканы қабылдайтын комиссиялық дүкен ретінде көрсетілгенімен, іс жүзінде лицензиясыз ломбардтық қызмет – мүлікті кепілге қою арқылы қарыз берумен айналысқан. Комиссиялық дүкендер мен ломбардтар бір ғимаратта орналасып, бір персоналды пайдаланған. «Заңнамаға сәйкес, қысқа мерзімді қарыздар (45 күнге дейін) бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауға тиіс. Алайда Койнов…

Толығырақ

Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент қаулысына сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттері жаңа министрлікке, сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне беріледі. Айта кетейік, мұндай жаңа министрлік құру қажет екенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 8 қыркүйекте өткен Жолдауында айтқан еді.

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ — Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратура бірлесіп борышкерлерді анықтаудың тетіктерін дамыту бойынша “Цифрлық бақылау” жүйесі мүмкіндіктерін кеңейткен. Қазіргі таңда Бас прокуратураның «Цифрлық бақылау» жүйесі арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды тек қала көшелері мен қоғамдық орындарда ғана емес, сондай-ақ, әуежайларда, теміржол және метро нысандарында, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда да анықтау мүмкіндігін іске қосты. Сонымен қатар, борышкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде немесе әуе және теміржол билеттерін сатып алу барысында деректер базасы арқылы автоматты түрде бет-бейне сәйкестендіру арқылы анықталып жатыр. Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айынан іздеуде жүрген борышкерлер…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ — ІІМ жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz. 16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады. Бұл норма басқару құқығынан уақытша айыру және масаң күйде болатын жүргізушілерді ғана тексеруді көздейді. Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ. Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр – түпкілікті өзгерістер жоқ. Бір ғана жаңалық – бекітілген нысанның түрі: бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі.…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Мәжілісте жасанды интеллекттің Қазақстан еңбек нарығына қандай қауіп төндіретінін айтты. Оның сөзінше, өндірістік барысын автоматтандыру мен цифрландыруға деген жаһандық үрдіс еңбек нарығына барған сайын ықпал етіп келеді. Генеративті жасанды интеллекттің пайда болуы адам еңбегін ығыстырайын деп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі автоматтандыру мен жасанды интеллекттің Қазақстандағы жұмыспен қамтылуға әсерін бағалау мақсатында зерттеу жүргізген. «423 кәсіптік топқа жүргізілген талдау көрсеткендей: жұмыс орындарының шамамен 25%-ына, яғни 2,2 миллион жұмыс орнына орташа және жоғары деңгейдегі автоматтандыру қаупі бар. Соның ішінде 1 миллионнан астамы генеративті жасанды интеллект арқылы алмастырылуы…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ — Министрлік таратқан хабарламаға қарағанда, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. «Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп жазылған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Айта кетейік, бұның алдында 01098 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы Дінмұхамед Шынарбектің қаза тапқаны жайлы жазған едік. Әпкесі Еңлік Қалтаева суицид дегенге сенбей, президентке…

Толығырақ