ШЫМКЕНТ. 22 қыркүйек. /Диана Ыдырыс/ BM.KZ – Алматы облысында Carlsberg Kazakhstan компаниясының жаңа алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының құрылысы басталды. Жобаның инвестициялық көлемі $344 млн құрап отыр, оны іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Кәсіпорын Іле ауданында, аумағы 17 гектар жер телімінде бой көтермек. Зауыт жылына 1 млрд литрге дейін өнім шығара алады. Өндіріс PepsiCo лицензиясымен жүзеге асырылады. Өнім ішкі нарыққа және Қырғызстанға жеткізіледі. Онда 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Carlsberg үшін бұл – Қазақстандағы ең ірі жоба. Жалпы алғанда, компанияның елге құйған инвестициясының көлемі $640 млн-ға жақындады. 2024 жылы Coca-Cola İçecek Шымкентте жылына 283 млн литр өнім шығаратын…
Автор: erimbetkaz
АСТАНА. 22 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ президенті Дональд Трамп пен кәсіпкер Илон Маск 21 қыркүйек күні Аризона штатында өткен марқұм Чарли Киркке арналған қоштасу рәсімінде қатар көрінді. Бұл олардың мамыр айындағы келіспеушіліктен кейін алғаш рет бірге көпшілік алдына шығуы, деп хабарлайды Lianhe Zaobao. CNN дерегінше, шара спорт аренасында өткен. Трамп пен Маск президенттік ложада қатар отырып, әңгімелескен. БАҚ-та жарияланған суреттерде олардың қол алысып, жылы шырай танытқаны байқалады. Кейінірек Маск әлеуметтік желіде Трамппен сөйлесіп отырған сәтін жариялап, суретке «Чарли үшін» деп жазды. Қорғаныс министрі Пит Хегсест сөз сөйлеп жатқанда да қос тұлға қызу пікір алмасып отырғаны көзге түскен. Маск әңгімені мұқият…
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Бүгін облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбайдың төрағалығымен ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен «Маңғыстау түбегінің жерасты мешіттерін» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаға сәйкес өңірдегі Бекет-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Шопан-ата және Сұлтан-епе жерасты мешіттерін халықаралық тізімге енгізу мәселесі талқыланды. Бұл ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген болатын. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттама әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жіберілді. Бұдан бөлек, қорғалатын аумақтар айқындалып, ақпараттық тақталар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды. Осы тапсырма аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді. Олардың қатарында – Бурсадағы Улудаг университетінің…
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында тарихи сәт тіркелді. Грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Айтжан Қалмаханов чемпион болды. Бұл туралы Өзбекстан ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан финалда Оңтүстік Корея спортшысы Чунг Хан-Жэні айқын басымдықпен жеңді. Бұл соңғы 24 жыл ішінде өзбек балуандарының грек-рим күресінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі. Бас-аяғы Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді иеленді.
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Қарағанды облысының полициясы ірі көлемдегі екі браконьерлік деректі тіркеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Осакаров ауданындағы рейд кезінде Теміртау қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олардың көлігінен жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылған. Күдіктілерде рұқсат құжаттары болмаған, сондай-ақ олардың қару-жарағы тәркіленді. Ал Нұра ауданында «Охотзоопром» инспекторлары мен полиция қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Нәтижесінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті табылды. Олар да рұқсатсыз аң аулаған, тінту барысында қару мен пышақтар алынды. Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылық және сирек кездесетін жануарларға қатысты құқықбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті 2020-2022 жылдары құрылыс компаниясын басқарып жүргенде әріптестерімен бірігіп, жалған келісімшарттар жасасқан. Сол арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген. Бұл қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға бағытталған болатын. «Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған. Оған халықаралық іздеу жарияланып, биыл ақпан айында Ресей аумағында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Ресей тарапы күдіктіні экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамауға алынды», – деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында. Айта…
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны үшін 1,42 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, тергеу бірнеше экспедиторлық компания мен қауымдастықтардың шағымдары негізінде басталған. Тексеру барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жүк тасымалдау жоспарларын келісу кезінде өзінің аффилиирленген ұйымдары – KTZ Express пен КедентрансСервис компанияларына басымдық бергені анықталған. Бұл жеке экспедиторларға кедергі жасап, нарықтағы әділ бәсекелестікті шектеген. 2025 жылғы 22 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты компанияны кінәлі деп тауып, мемлекет кірісіне айыппұл төлеу туралы шешім қабылдады. Ал 15 қыркүйекте қалалық сот алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Агенттік мұндай…
АСТАНА. 22 қыркүйек. BM.KZ – Канада, Австралия және Ұлыбритания бірнеше минут айырмашылығымен Палестина мемлекетін мойындағанын жариялады. Одан кейін жексенбі күні кешке Португалия да осындай шешім қабылдады. Бұл туралы BBC орыс қызметі жазды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жауап ретінде видеоүндеуін жариялаған. «Бұл болмайды. Иордан өзенінің батысында ешқандай палестиналық мемлекет құрылмайды», – деді. Бұған дейін Франция, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Бельгия және Португалия жыл сайынғы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы басталғанға дейін Палестина мемлекетін мойындайтынын хабарлаған болатын. Сессия дүйсенбі күні ашылады. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер видеоүндеуінде: «Бүгін біз палестиналықтар мен израильдіктер үшін бейбітшілікке үмітті қайта оралуына және екі мемлекет негізінде шешім табылуына ықпал ету…
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Ел президенті жұмыс сапарымен Нью-Йоркте жүр, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары канадалық Cameco трансұлттық компаниясының басшысы Тим Гитцельмен кездесуден басталды. Әңгіме барысында уран саласындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute президенті Джаред Коэнмен, Educational Testing Service (ETS) президенті әрі бас атқарушы директоры Амит Севакпен кездесті және Смитсон институтының басшылығымен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясының Жалпы пікірталастарында сөз сөйлейді. Бұған қоса, Президенттің шетел мемлекеттері басшыларымен және халықаралық ұйымдар жетекшілерімен келіссөздері жоспарланған. Сапар бағдарламасына сондай-ақ дөңгелек үстелде сөз сөйлеу және трансұлттық компаниялар өкілдерімен…
Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ — 21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді. Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шараға ерекше бірлік пен стиль берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті. Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды. Әлемдік музыкалық…