Автор: erimbetkaz

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарованың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі туралы пікірін білдірген бейнежазба – дипфейк. Бұл жөнінде Ресейдің сыртқы саясат мекемесі мәлімдеді, деп хабарлайды «Коммерсант». – Бұл – әдейі Қазақстанның ақпараттық кеңістігіне тасталған, шындыққа жанаспайтын, өрескел әрі арандатушылық сипаттағы жалған материал, – делінген ресми хабарламада. – Мұндай әрекеттердің түпкі мақсаты – Ресей мен Қазақстан арасындағы достыққа сызат түсіріп, екі ел халқының арасына іріткі салу, қоғамда қайшы пікір тудыру. Желіде тараған бейнежазбада Мария Захарова Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский кездескені туралы пікір…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Жетісу облысында әскери оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза болды. Оқиға десанттық-шабуылдаушы әскерлер бөлімшесінде жоспарлы жауынгерлік дайындық кезінде орын алғанын хабарлайды Kazinform. Қару-жарақпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылғандықтан, әскери қызметкер ауыр жарақат алып, сол жерде қаза тапты. Қаза болған сарбаздың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіндігі айтылды. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын және егер қызметтік немқұрайдылық немесе әрекетсіздік анықталса, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл жағдай Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұр. Бұған дейін Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алғаны туралы хабарланған болатын, мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында сөйлеген сөзінде НАТО елдері өздерінің әуе кеңістігін бұзған ресейлік әскери ұшақтарды атып түсіруге құқылы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлайды. «Ресейлік ұшақтар НАТО әуе кеңістігін бұзса, оларды атып түсіру керек пе?» — деген журналистің сауалына Трамп: «Иә, мен келісемін», — деп жауап берді. Алайда АҚШ президенті мұндай жағдайда Вашингтон одақтастарына көмек көрсете ме деген сұраққа нақты жауап бермей, «Бұл жағдайға байланысты» деп қысқа қайырды. Трамп бұл пікірін 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен бірлесе өткен брифинг барысында айтты. БАҚ алдында сөйлеген…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ — Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен АТР 250 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл — оның кәсіби мансабындағы сегізінші титулы. Финалдық кездесуде 28 жастағы спортшы Франция өкілі Валентен Руаені (ATP рейтингі — 88-орын) 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Аталған титул — Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы төртінші жеңісі, әрі ол барлық типтегі корттарда жеңіске жетіп, ерекше нәтижеге қол жеткізді. Турнирден кейін жаңартылған ATP рейтингінде Александр Бублик 16-орынға көтерілді — бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры, халықаралық іздеуде жүрген Мақсат Дүйсенов Германияның Фюрт қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ІІМ мәліметінше, ол Интерполдың ҚР Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Германия құқық қорғау органдары тарапынан қолға алынған. «ІІМ Интерполдың ҰОБ сұрауы бойынша Фюрт қаласында (ФРГ) халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Д. ұсталды. Ол неміс құқық қорғау органдарының көмегімен анықталып, қамауға алынды», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. Министрлік шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын, жазадан бұлтармаушылық қағидасын қамтамасыз ету негізгі мақсат болып қала беретінін атап өтті. Бұған дейін Алматы қаласының Алмалы ауданы полиция басқармасы…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда білім беру сапасын арттыру бағытында ауқымды тексеру жұмыстары жүргізілуде. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын анықтады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жұмыстарын жүзеге асырды. Тексерулер білім беру процесіндегі негізгі проблемаларды анықтауға және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауға бағытталған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің айтуынша, өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі сипаттағы…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Украина президенті Владимир Зеленский соңғы аптада тағы да Дональд Трамп пен Владимир Путинмен алдын ала шартсыз үшжақты немесе екіжақты форматта кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Fox News-ке берген сұхбатында Зеленский Украина, Батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Түркия басшылығы Кремльге Украина мен Ресей президенттерінің кездесуін бірқатар елдерде өткізуді ұсынғанын айтты. «Біз кездесуді Түркияда, Сауд Арабиясында, Катарда, Еуропадағы бейтарап елдер – Австрия мен Швейцарияда өткізуге ұсыныс жасадық. Біз тіпті: «Егер Қазақстанда өтсін десеңіздер – оған да дайынбыз» дедік. Бар болғаны осы», – деді Украина басшысы. Журналист қойған нақтылау сұрағына Зеленский Ресей президентімен кездесуге…

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – Жамбыл облысының Қордай ауданында қызметкер екі жылдан астам уақыт жалақысын ала алмай, ақыры сотқа жүгінді. Нәтижесінде жұмыс берушіден 92,3 млн теңге қарызды өндіріп алды, деп хабарлайды Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі. Қордай ауданының тұрғыны 2020 жылдың желтоқсан айында жергілікті компанияның күрделі құрылыс бөлімін басқаруға қабылданған. Еңбек шартына сәйкес, оның ай сайынғы жалақысы 1 млн теңге болып белгіленген. Алайда жарты жылдан кейін еңбекақысы жүйелі түрде кешіге бастады. Ал 2021 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың маусымына дейін ол бір тиын да алмаған. Компания басшысы берешекті мойындағанымен, екі жыл бойы қарызды төлемей келген. Қызметкер амалсыз сотқа шағым түсірді.…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өз сөзінде БҰҰ соңғы сексен жыл бойы адамзат алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерді еңсеруде негізгі рөл атқарып келе жатқанын еске салды. – Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді. Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент әлем түбегейлі өзгеріске ұшырағанын, өкінішке қарай, бұл өзгерістердің…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Атырауда халықаралық деңгейдегі жастар форумы – «Saraishyq Upgrade 2025» өтті. Шара креативті индустрияға арналған пікірталас, мәдени алмасу мен ынтымақтастық алаңына айналды. Форумды Атырау облысы әкімдігі Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізді. Онда панельдік пікірталастар, секциялық кездесулер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылған. Кинематография, музыка, маркетинг, театр және сахналық өнер, хореография, IT және жасанды интеллект бағыттары бойынша жастардың жобалары сынға түсіп, үздіктері марапатталды. Жалпы жиынға еліміздің барлық өңірінен келген жастармен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан делегаттар қосылып, барлығы 300-ге жуық қатысушы бас қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум жастар дипломатиясын нығайтып, жаңа идеялар мен креативті бастамаларды халықаралық деңгейде…

Толығырақ