Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы жинау алаңы 16 млн гектардан асса, соның 10,9 млн гектары немесе 68,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 16,6 млн тонна астық бастырылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді дақылдардан бөлек, 799,3 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,7 центнер өнімділікпен 1,9 млн тонна картоп және гектарына 298,2 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна көкөніс жинады. Сонымен қатар, 324,3 ц/га өнімділікпен 405,2 мың тоннадан астам қырыққабат, 412,2 ц/га өнімділікпен 731,2 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,2 ц/га өнімділікпен 305,7 мың тонна сәбіз жиналғаны хабарланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, егін жинау науқаны ұйымдасқан…
Автор: erimbetkaz
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Петропавл қаласындағы №50 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдерге туыстарымен онлайн байланыс жасауға мүмкіндік беретін бейнетаксофон жүйесі іске қосылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14 наурыздағы Құрылтайда берген тапсырмасын орындау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қолға алынған. Бас прокуратураның мәліметінше, жаңа жүйе ең алдымен кәмелетке толмаған балалары бар аналардың әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, жазасын өтеушілердің тұрмысын ізгілендіруге бағытталған. Жаңа сервистің ерекшелігі – сотталған әрбір әйелге жеке ID-код беріледі. Олар бейнеқоңырау, аудио және бейнехабарлама, SMS арқылы тек жеке ісінде тіркелген телефон нөмірлеріне ғана хабарласа алады. Ал туыстары байланыс ақысын Google Play арқылы…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Шымкент қалалық онкологиялық орталығында ел тарихында тұңғыш рет аса күрделі ота – кеңірдек бифуркациясына резекция сәтті жасалды. Операция 37 жастағы науқасқа жасалды. Дәрігерлер кеңірдектің бифуркациясымен бірге оң және сол бронхтарды алып тастап, қайта қалпына келтіру әдісі арқылы жаңа бифуркация қалыптастырды. Бұл ота – Қазақстан онкология тарихындағы алғашқы қадам. Жоғары технологиялық тәсілдер мен дәрігерлердің үйлесімді бірлескен жұмысының, олардың кәсіби біліктілігінің нәтижесінде операция ойдағыдай өтті. Жаңа тәсілді тәжірибеге енгізу үшін Шымкент онкологиялық орталығы Ресейдің Н.Н. Петров атындағы ұлттық онкология ғылыми-зерттеу орталығымен әріптестік орнатты. Жергілікті мамандар алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылардың шеберлік сабақтарына тұрақты қатысып, кәсіби деңгейін көтеріп жүр.…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлады. – «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады, – делінген компания таратқан ақпаратта. Бұған қоса, шектеуді америкалық тарап енгізген. Ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты қолданылып отыр. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауар салынған сәлемдемелерді жолдай алады. – «Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтардың әскермен өзара іс-қимылын жеңілдетуге арналған жаңа MyArmy.kz интернет-порталын іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жаңа портал арқылы бұрын жергілікті әскери басқару органдарына жеке жүгінуді талап еткен бірқатар қызметтер енді онлайн қолжетімді. Атап айтқанда, азаматтар мерзімді немесе келісімшарттық әскери қызметке өтініш бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен танысады, өзекті жаңалықтар мен материалдарға қол жеткізеді, сондай-ақ кері байланыс қызметін пайдалана алады. Министрліктің мәліметінше, MyArmy.kz рәсімдерді жеңілдетуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу және құжаттарды рәсімдеу толық онлайн режимде жүзеге асады. Өтінім беру процесі үш кезеңнен тұрады: «жасалған»,…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша департаменті «Amir Capital» қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған компания үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан қаражат тартқан. Ұйымдастырушылар криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы айына 5–10% табыс табуға уәде берген. Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы реферальды сілтемелер бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерге салымдар USDT, BTC, ETH секілді криптовалюталармен Amir Wallet әмияны арқылы енгізілген. ҚМА мәліметінше, түскен қаражат классикалық қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған: яғни бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Израильдің үздіксіз әуе соққылары мен күштеп көшіру әрекеттеріне қарамастан, 900 мыңнан астам адам Газа қаласы мен аймақтың солтүстік бөліктерін тастап кетуден бас тартты, деп жазады Anadolu. Газа үкіметі Израильдің әуе соққылары мен күштеп көшіру әрекеттеріне қарамастан, 900 мыңнан астам палестиндік Газа қаласы мен солтүстікте өз орындарында берік қалып отырғанын, оңтүстікке қоныс аударудан бас тартқандарын мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, соңғы күндері Израильдің аяусыз шабуылдары кесірінен Газадан оңтүстікке қарай зорлықпен қоныс аударулар күшейген. Қысым әсерінен 335 мыңнан астам палестиндік үйлерін тастап, сектордың оңтүстігіне көшкен. Алайда олардың 24 мыңнан астамы тұрмыс жағдайының жоқтығына байланысты қайта оралған. Соңғы үш күн…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен кездесуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа АҚШ президенті Дональд Трамптың Кремльге жолдаған үндеуін қайталап, Украинадағы соғысты тоқтату үшін «елеулі қадамдар» жасауға шақырды, деп хабарлайды Deutsche Welle. АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Томми Пиготтың жазбаша мәлімдемесінде атап өтілгендей, Рубио Лавровпен Нью-Йоркте өткен 50 минуттық жабық кездесуде Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтатудың маңыздылығын жеткізген. Кездесуден кейін Сергей Лавров журналистерге сұхбат бермей, тек бас бармағын көтеріп жауап қатты. Ресей СІМ Telegram-арнасында ведомство басшысы «Ресей мен АҚШ лидерлері Аляскада жасаған келісімдерді ұстануға дайын екенін, Украина қақтығысының…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Бейнеу ауданындағы № 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров әлімжеттікке шыдамай бірнеше рет өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Қазір ол Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Kazinform. Сарбаздың анасы Лаура Шынтемірованың айтуынша, ұлы әскерге келген алғашқы күннен бастап психологиялық қысымға ұшыраған. Әлімжеттікке шыдай алмаған ол бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. — Маған оның командирі қоңырау шалып, «балаңыздың жүрегі мен бүйрегінде мәселелер бар, біз оны дәрігерге қаратуға апара жатырмыз» деді. Бірақ бұл шындыққа жанаспады. Негізінде, ұлымды психиатриялық ауруханаға жатқызған екен. Бұны мен әскери қызметкерлерден емес, басқа бір ананың…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – 23 қыркүйекте Алматы әуежайында жолаушылардың бірі әйгілі актер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чанды байқап қалып, суретке түсіріп үлгерген. 71 жастағы актердің Қазақстанға келген сәті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Курсив. Желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Чанды Salem Entertainment медиакомпаниясының өкілдері күтіп алған. Бұл медиакомпания «5:32», «Черный двор», «Шекер» сияқты танымал телехикаяларды түсірген. Қазірге дейін ресми ақпарат берілген жоқ. Дегенмен жарияланған видеолардан Чанның шынымен Қазақстанға келгенін көруге болады. Алдын ала деректер бойынша, ол бір кино жобаға қатысуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар халықаралық кино жобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған. Бұл…