Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Президент Дональд Трамп TikTok-тың АҚШ-тағы операцияларын қытайлық иесі ByteDance компаниясынан американдық инвесторлар консорциумына беруді бекітетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ANEWZ. 14 миллиард долларлық келісім ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мақұлдауымен жүзеге асты. Келісімге сәйкес, Oracle желі активтерінің шамамен 45%-ын сатып алатын американдық инвесторлар тобын басқарады. Консорциум құрамына Silver Lake жеке инвестициялық фирмасы, медиамагнат Руперт Мердок пен оның ұлы Лаклан, сондай-ақ Dell Technologies бас директоры Майкл Делл кіреді. ByteDance және басқа қытайлық инвесторлар АҚШ-тағы TikTok активтерінің 20%-дан аз бөлігін басқара алады. Жаңа ұйымды жеті мүшеден тұратын басқарма қадағалайды: алтауы — АҚШ инвесторлары, біреуі — ByteDance өкілі.…
Автор: erimbetkaz
Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Халықаралық ғалымдар тобы, оның құрамында NASA мамандары да бар, 2032 жылы аймен соқтығысуы мүмкін 2024 YR4 астероидын жою үшін ядролық қару қолдануды қарастырып отыр. Бұл туралы Report агенттігі хабарлады. 2024 YR4 астероиды 2024 жылы табылған. Бастапқы есептер бойынша оның жерге соғу ықтималдығы шамамен 3% деп бағаланды, кейін бұл қауіп жоққа шығарылды. Дегенмен ғалымдар 2032 жылдың соңында астероидтың аймен соқтығысудың ықтималдығы шамамен 4% болатынын ескертеді. Ғалымдар айға әсер ету қаупін болдырмаудың екі жолын ұсынды: біріншісі — астероидтың орбитасын өзгерту, екіншісі — ядролық қарумен жою. Соңғы нұсқа үшін бір мегатонналық ядролық бомба жеткілікті. Түпкілікті шешім 2028 жылдың…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысының Жарлықтары мен Өкімдері аясында мемлекеттік қызметте бірқатар өзгерістер мен тағайындаулар жүзеге асты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Бейсенбі күні Экономика вице-министрі Арман Қасенов ресми Астананың америкалық Chevron корпорациясымен Атырау облысындағы ең ірі мұнай-газ кен орны – Теңізді одан әрі игеру жөніндегі алдағы келіссөздеріне қатысты пікір білдірді. «Президент (Тоқаев – BM.KZ) пен Chevron басшысының арасындағы әңгіме мазмұнына келсек, өкінішке қарай, мен ол кездесуде болған жоқпын. Сондықтан нақты пікір айта алмаймын. Келісімшарт, шатаспасам, 2034 жылы аяқталады. Алда үлкен жұмыс тұр. Үкімет тарапынан бұл бағыттағы жұмыстарды бейінді министрлік, яғни Энергетика министрлігі жүргізеді. Сондықтан болашақта жаңалықтарды сол министрліктен естиміз деп ойлаймын», — деді Қасенов ОКҚ-дегі брифингте BM.KZ тілшісінің сұрағына берген жауабында. Еске салайық, дүйсенбі күні Қасым-Жомарт…
Астана. 25 қыркүйек 2025 жыл. — Иранда Азиядағы ең үлкен тұзды көл болып саналатын Урмия көлінің толығымен құрғап кеткені туралы Bild хабарлады. Бұл көлдің жас мөлшері шамамен 4000 жылдан асады. 1980 жылдары көлдің ұзындығы 140 шақырым, ал ені 55 шақырым болған. Ал 2025 жылдың жазына дейін жерсеріктен алынған соңғы суреттерде бұрынғы көл орнында бірнеше шалшық қалған. Iran News Update мәліметінше, Иранда миллионнан астам заңсыз құдық бар, олар жылдар бойы жер асты суларын сарқып, табиғи су балансын бұзған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының сұранысы да жағдайды ушықтырды: елдің су ресурстарының 88%-ын ауыл шаруашылығы тұтынады, бірақ ол жалпы ішкі өнімнің небәрі 10%-ын береді.…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Украинаның Ұлттық полициясы және Бас прокуратурасы, сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасымен бірлесіп трансұлттық алаяқтық топтың жолын кесті. 23 қыркүйекте Черновцы мен Одесса қалаларында ұзақ мерзімді бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысқан call-орталық толық жойылды. Қылмыскерлер алдын ала құрылған схема бойынша әрекет еткен. Олар жәбірленушілерге Қазақстанның Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, “күдікті операциялар” және “террористік ұйымдарды қаржыландыру” үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген. Осылайша психологиялық қысым көрсеткен.…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сүт өнімдері нарығына қатысты мәлімдемесі үшін сынға ілікті. Белгілі блогер Кирилл Павловтың айтуынша, министрдің «Қазақстан өзін толықтай сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр» деген сөзі шындыққа жанаспайды. Павлов ресми статистиканы келтіріп, тек өткен жылы елге 183 мың тонна сүт пен сүт өнімдері импортталғанын атап өтті. Осыған байланысты ол министрдің үстінен Астана қаласы Полиция департаментіне арыз түсіріп, істі Президент Әкімшілігінің бақылауына алуды сұрады. Еске салайық, бұл Павловтың алғашқы дауы емес. Бұған дейін ол елде шегіртке қаптағанын жариялағаны үшін сот шешімімен 78 640 теңге айыппұл төлеген болатын. Ол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігіне…
Кеше Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымнан өтіп, Сенат қарауына жіберілді. Оның ішінде «Цифрлық активтер туралы» заңға түзету енгізілген. Ол түзетудің неге ЖИ туралы заңның ішіне кіріп кеткені түсініксіз. Бірақ, мәселенің мәйегі басқада. Бұған дейін майнерлер Қазақстанда өндірілген криптовалютаны отандық криптобиржалар арқылы сатуға міндетті болып келсе, енді түзету қабылданған жағдайда олар бұл міндеттен босатылады. Жалпы қолданыстағы «Цифрлық активтер туралы» заң бойынша, осыған дейін 2024 жылы өндірілген көлемнің 50%-ы, 2025 жылы – 75%-ы, ал 2026 жылдан бастап 100%-ы осы жолмен жүзеге асырылуы тиіс деп бекітілген еді. Бұл норма қазақстандық криптобиржалардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, олардың…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Елордадағы №113 жалпы орта «Келешек» мектебінде инновациялық «Alaqan» биометриялық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жаңа технология оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілді. «Alaqan» жүйесі мектепке кіру, шығу және асханаға кіруді алақанды сканерлеу арқылы бақылайды. Әр оқушының алақаны арнайы цифрлық базаға тіркеліп, тек осы әдіс арқылы мектеп аумағына кіріп-шыға алады. Мектеп директоры Сауле Қайырбекқызының айтуынша, жүйенің басты артықшылығы – оқушылардың жеке тұлғасын қорғау: «Балалардың бет бейнесі түсірілмейді, тек алақаны ғана тіркеледі. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мектепте тәртіпті сақтауға көмектеседі», – деді ол. Жүйе оқушылардың мектепке кірген уақытын нақты…
Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Аустралия әлемде алғаш болып жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды. Бұл бастамаға БҰҰ қолдау білдірді, деп хабарлайды АЗӘРТАДЖ. Премьер-министр Энтони Альбанезе Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы «Цифрлық дәуірде балаларды қорғау» іс-шарасында әлеуметтік желілердің балаларға төндіретін қауіптері «үнемі өзгеріп отыратынын» атап өтті. Жаңа заңға сәйкес, 2024 жылдың қарашасынан бастап 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына шектеу қойылды. Бұған дейін бұл жас шегі 13 еді. Билік технологиялық компаниялардан пайдаланушылардың жасын жасанды интеллект пен мінез-құлық деректерін қолдана отырып анықтауды талап етуде. Альбанезе мұны толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе де, «дұрыс бағыттағы маңызды қадам» деп бағалады. Еуропалық…