Автор: erimbetkaz

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада. Бұған дейін Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді.

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Жаслан Хасенұлы Мәдиев жаңа министрліктің басшысы болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, – делінген хабарламада. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Биылғы жылдың сегіз айында 9 586 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, ресми түрде қандас мәртебесін иеленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ қоныстанды. 2025 жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың ішінде ең көп үлесті – Өзбекстаннан келгендер құрайды (45,7%). Екінші орында Қытайдан келгендер (41,8%). Түрікменстаннан келгендердің үлесі 4,6%, Моңғолиядан келгендер – 2,7%, Ресейден келгендер – 2,6%, ал өзге елдерден келгендер де 2,6% шамасында. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы қазақ үлесі 58,7% болса, балалар – 32,3%, зейнеткерлер – 9% құрады.…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубы Алматыға ұшып келді. Команданың ойыншылары мен бапкерлер құрамын көруге жүздеген жанкүйер жиналды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды. Жанкүйерлер команда рейсінің кестесін алдын ала білгендіктен, 28 қыркүйек күні таңертеңнен бастап-ақ әуежайға жинала бастады. «Реалдың» чартерлік тікелей рейсі (IB 1401, Iberia әуе компаниясы) Мадридтен Алматыға ұшып келді. Сапар алдында футболшылардың клубтық символикасы бар сәнді костюмдегі суреттері жарияланып, бұл да жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды. Алайда күткен көпшілік ойыншыларды негізгі есіктен көре алмады – команда оңтүстік ВИП арқылы шықты. ВИП аймағында жанкүйер саны әлдеқайда көп болды. Қоршаудың ар жағынан қол бұлғап, ұшақтан түскен жұлдыздарды қарсы…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Мичиган штатындағы Гранд-Бланк қаласында шіркеу ішінде атыс болып, артынан өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан 4 адам мерт болып, кемінде 8 адам жараланды, деп хабарлайды Aljazeera. Полиция қарулы қылмыскерді оқиға орнында атып өлтірді. Тергеу барысында оның көршілес Бертон қаласының 40 жастағы тұрғыны Томас Джейкоб Санфорд екені анықталды. Гранд-Бланк полициясының басшысы Уильям Регниердің айтуынша, күдіктінің үйінде тінту жүргізіліп, телефон жазбалары қылмыстың себебін анықтау үшін қаралуда. Ресми деректерге сәйкес, оқ жаудырғаннан кейін Санфорд шіркеуді бензинмен өртеп жіберген. Бұл туралы Детройттағы алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар бюросының арнайы агенті Джеймс Даре хабарлады. Оқиғаға байланысты АҚШ құқық қорғау…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Еңбек күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құрметті отандастар! Еңбек күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар. Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз. Мемлекет басшысы Отан игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген, ұлттық құндылықтар мен мақсаттарға берік сенім білдіретін, кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатын және әр…

Толығырақ

Бүгінде тәуелділік Қазақстанда маргиналды топтардың мәселесі ғана емес, қоғамдағы өзекті проблеманың бірі. Бұрындары «тәуелділік» сөзі көбіне алкоголь, есірткі немесе ойынқұмарлықпен қатар қолданылатын. Қазір аддикцияның сан түрі бар. Отбасынан миллиондаған қарызын жасырған лудоман, телефонын тартып алса, агрессияға берілетін жасөспірім, трейдингке тәуелді болған немесе несие картасымен шығындарын бақылай алмайтындарға дейін осы санатқа кіреді. Тәуелділік дегеніміз не және одан сауығу үшін не істеу керек? Психолог, тәуелділік бойынша консультант Дәурен Ассалау осы сұрақтарға жауап беріп, терапия аддиктпен қатар, олардың жақындарына да қажет екенін түсіндірді. Айта кетейік, аддиктолог ол түрлі тәуелділікке шалдыққан науқастарды емдеумен айналысатын маман. «Мен – тәуелді аддиктпін. Қазір ремиссиядамын… Бесінші жылға аяқ…

Толығырақ

АСТАНА. 26 қыркүйек. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алатау қаласына «даму қарқыны озық қала» деген арнаулы мәртебе берілді. Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, жаңа мәртебе инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және халықаралық деңгейдегі іскерлік орталық қалыптастыруға бағытталған. Бұл үшін «Alatau City Authority» атты мемлекеттік қор құрылады. Сонымен қатар, қаланы дамыту жөніндегі кеңес жасақталады. 2025 жылдың соңына дейін Парламент Мәжілісінің қарауына қаланың арнаулы мәртебесін құқықтық тұрғыда бекітетін заң жобасы енгізіледі. Онда басқару жүйесі, салықтық жеңілдіктер, Smart City технологиялары мен криптовалюта арқылы төлем жасау тәртібі сияқты ерекше тетіктер қарастырылмақ. Бұдан бұрын Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстардың жай-күйі мен болашағы талқыланды. – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді, – делінген хабарламада. Сұхбатта Қазақстан Президентінің алдағы Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше мән берілді. Сонымен қатар…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Жақында Қазақстанда құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) бір апта өтпей жатып-ақ өзінің жаңа логотипін бүкіл әлемге таныстырды. Министрлік мамандарының айтуынша, жаңа логотип Қазақстанның үздіксіз дамуға және жаңа технологияларға ұмтылысын көрсетеді. Сонымен бірге оо айқын қазақы нақышқа ие. Логотиптегі шеңбер – шаңырақты бейнелейді. Бұл – халқымыздың мәдениеті мен бірлігінің белгісі. Сондай-ақ ол Жер планетасын еске салып, Қазақстанның ашық әрі жаһандық деңгейдегі ел екенін көрсетеді. Шеңбер ішіндегі төртбұрыштар – микрочиптер мен суперкомпьютерлерге сілтеме. Яғни, жасанды интеллект жүйесінің негізін құрайтын технологияларды білдіреді. Тор пішініндегі өрнек – цифрлық матрица. Оның әрбір ұяшықтары – мемлекеттің, бизнестің, ғылым…

Толығырақ