Автор: erimbetkaz

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Ол америкалық спортшы Кэти Макнеллиді үш сетте жеңді. Жарыстың 8-ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингтің 90-сатысындағы америкалық Кэти Макнеллимен кортқа шықты. Алғашқы партияда Рыбакина 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қарсыласы есе қайтарып, 6:4 нәтижесімен таразы басын теңестірді. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға шығып, басымдылығын уыстан шығармай, 6:3 есебімен кездесуді аяқтады. Қос теннисші арасындағы тартысты ойын 2 сағат 30 минутқа созылды. Рыбакина матч барысында 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Ал Макнелли 2 эйс…

Толығырақ

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосындағы бүгінгі кадрлық өзгерістер қоғамда қызу талқылануда. BM.KZ тілшісіне сұхбат берген саясаттанушы Жанерке Қайратқызы қазіргі ауыс-түйістің негізгі мақсаты – министрліктің жұмысын мемлекет мүддесіне сай тиімді ету екенін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа тағайындаулар жалғасуы әбден мүмкін. — Нақты қандай жағдай түрткі болғанын айту мүмкін емес, дегенмен, сыртқы істер саласындағы кадрлық өзгерістерге қатысты журналистер мен сарапшылар арасында Президенттің АҚШ сапарының кейбір тұстары көңілінен шықпады деген түрлі болжамдар айтылып жатыр. Бұл өзгерістердің себептері туралы нақты ақпарат жоқ болғанымен, дипломатиялық қызметкерлер мен жалпы мемлекеттің лауазымды тұлғаларының тиімділігі, сондай-ақ мемлекет мүддесіне сәйкес жұмыс істеу мәселесі әрдайым басты назарда болатыны…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Жұма күні таңертең Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дипломатиялық саладағы күтпеген кадрлық өзгерістер дүр сілкіндірді. Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатты. Артынша Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Әшікбаев өз орнынан кетті. Бұған дейін Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған Ержан Қазыхан Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы үшін стратегиялық маңызы бар сыртқы саясаттағы мұндай шұғыл шешімдер қоғамда түрлі пікір қайшылықтарын туғызды. Тоқаевтың жуырдағы АҚШ сапары сәтсіз болып, бұрынғы дипломатиялық команда тиімсіз деп танылды ма? Осы сұрақ төңірегінде BM.KZ Қазақстанның жетекші саясаттанушыларына жүгінді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев қоғамды…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Қазыхан Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау бойынша алғашқы пилоттық жоба жүзеге асырылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Шымкенттегі екі өндірушінің базасында қоспаларды таңбалау және қадағалау жүйесінің толық циклі сынақтан өтті. Эксперимент барысында қатысушыларға тауарларды тіркеуден бастап, бақылау-кассалық машиналар арқылы өнімді айналымнан шығаруға дейінгі барлық негізгі процестер таныстырылды. Отандық өндірушілердің бірінің атқарушы директоры Мақсат Жұматаевтың айтуынша, міндетті таңбалау жүйесі саланың өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Соның ішінде заңсыз экспортты болдырмауға мүмкіндік береді. «Биологиялық белсенді қоспалар денсаулыққа тікелей әсер етеді, олардың фармакологиялық ықпалы дәрі-дәрмекке ұқсас. Таңбалау арқылы өнімнің қайда және қашан шығарылғанын білуге болады. Бұл тұтынушылардың сенімін арттырып,…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласында болған еді. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, Жалпы дебатта сөз сөйледі. Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесіп, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізді.

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ Президенті Дональд Трамп сопақ кеңседен жүргізілген тікелей эфир барысында Вашингтонда өлім жазасын қолдану жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл шара штат болып саналмайтын Колумбия округінде күшіне енді. Астананың аумағын ресми түрде Конгресс басқарады. АҚШ-тың Death Penalty Information Center атты үкіметтік емес ұйымының деректеріне сәйкес, 1973 жылдан бері өлім жазасына кесілген 200 азамат кейіннен ақталған. Олардың 108-і — афроамерикалықтар. Қазіргі таңда өлім жазасы 27 штатта заңды болып саналады, оның алтауында мораторий енгізілген.

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысының Жарлықтары мен Өкімдері аясында мемлекеттік қызметте болған бірқатар өзгерістер мен тағайындаулар жүзеге асты. Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада. Бұдан бөлек, Президент Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Палестина жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ Бас Ассамблеясына жолдаған үндеуінде ХАМАС қозғалысының болашақ палестин үкіметіне қатысуын түбегейлі жоққа шығарды. Сондай-ақ ол ХАМАС пен өзге де топтар қаруын тапсырып, заңды билік органдарына бағынуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle. Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы: «ХАМАС мемлекеттік институттарды басқаруда ешқандай рөл атқармайды», – деді бейнебайланыс арқылы Ассамблея делегаттарына арнаған сөзінде. Саясаткердің айтуынша, ХАМАС пен өзге қарулы топтар міндетті түрде қаруларын тапсырып, заңды билікке бағынуы керек. Аббас халықаралық қауымдастықты Палестина мемлекетінің құрылуына қолдау көрсетуге шақырды. Ол 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын палестин халқын білдірмейтін әрекет деп…

Толығырақ

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан астанасында әйгілі суретші Пабло Пикассоның бірегей туындыларының көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. Көрмені халықаралық Lumiere-Hall музейі ұйымдастырды. Экспозицияда Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан алынған шебердің 51 литографиясы қойылған. Lumiere-Hall музейінің тең құрылтайшысы Максим Егарминнің айтуынша, бұл жұмысты музей бір жылға жуық күтіп, жалға алу арқылы елге жеткізген. «Пикассо көзі тірісінде өте танымал болды, бәрі оның еңбектерін иеленгісі келді. Әрине, ол майлы бояумен бәрін үлгеріп жаза алмайтын. Сол себепті литография – арнайы станок арқылы жасалатын басылым, қазіргі тілмен айтқанда принт, ерекше маңызға ие. Өйткені ол шектеулі сериямен шығады, суретшінің қолтаңбасымен рәсімделеді, ал әлемде…

Толығырақ