Автор: erimbetkaz

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ –  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KАSE.  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен К.Б. Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, делінген KASE жариялаған құжатта. «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне Олжас Бектенов, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақупов, Болат Жамишев, Лука Сутера және Мохаммед Джамиль Аль Рамахи кіреді.

Толығырақ

Ұлыбританияда Meta Facebook пен Instagram қолданушыларына айына £2,99–3,99 (≈ 1 800-2 400 теңге) төлеп, жарнамадан құтылуды ұсынды. Осылайша жаңа табыс табу жолын ойлап тапты. Әдетте лента құны ақылы жарнамаға «толып кетеді», яғни, сіз жарнаманың астында қаласыз. Оны бизнес төлеп жатыр. Сосын барып, дәл сол жарнаманы көргіңіз келмесе – ай сайын ақша төлеп құтылуыңызға болады. Қазақстаннан Meta-ның қанша табыс табатыны және сол табыстың қанша бөлігі біздің бюджетке түсетіні кім-кімге де қызық. BM.KZ редакциясы осы сауал төңірегінде өз зерттеуін жүргізді. Тегін қызмет болмайды Көпшілік Facebook пен Instagram-ды тегін деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде кез келген әлеуметтік желіні қолданған сайын сіз уақытыңызбен, назарыңызбен…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Амир Амири шамамен тоғыз ай бойы Ауғанстанда қамауда болған. Босатылғаннан кейін ол АҚШ Президентінің тұтқындар мәселесі бойынша арнайы елшісі Адам Белерге тапсырылғаны хабарланды, деп жазады Deutsche Welle. Діни-радикалды «Талибан» қозғалысы 28 қыркүйек, жексенбі күні АҚШ азаматы Амир Амиридің босатылғанын жариялады. Бұрынғы тұтқын арнайы елшіге тапсырылды. Айта кету керек, осы айдың басында Вашингтон атынан өкілдер талибтермен тұтқындарды айырбастау мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргізген болатын. Амиридің қамауға алыну жағдайы туралы ресми мәліметтер аз. Reuters агенттігінің сенімді деректеріне сүйенсек, ол 2024 жылдың желтоқсан айынан бері қамауда болған. Босатылған азамат өзінің туған еліне қайтарылудан бұрын Қатар  астанасы Дохада медициналық тексерістен…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Бұлі өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артық көрсеткіш. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1–25 қыркүйек аралығында 1 млн тонна астық тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 878 мың тоннадан едәуір жоғары. Жалпы көлемнің 258 мың тоннасы ішкі нарыққа жеткізілсе (2024 жылы – 155 мың тонна), 777 мың тоннасы экспортқа бағытталды (өткен жылы – 723 мың тонна). Көршілес елдерге астық жеткізу серпіні оң нәтижесін көрсетуде: •Өзбекстанға – 31%-ға өсіп, 250 мың тоннадан 327 мың тоннаға жетті; •Тәжікстанға – 15%-ға артып, 116 мың тоннадан 133 мың тоннаға жетті; •Қырғызстанға – 42%-ға…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.  Аршалы ауданы прокуратурасы Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен, қамауда жазасын өтеуші адаммен өткізілген құпия әңгіме барысында атыс қаруы жасырылған орын туралы ақпарат алған. — Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ), — делінген хабарламада. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы ресми түрде қарсы алды. Алдымен екі ел көшбасшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін мәртебелі мейманның сапарына арналған салтанатты рәсім басталды. Құрмет қарауылы сап түзеп, Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президенттік оркестр Қазақстан мен Италияның мемлекеттік Әнұрандарын орындады. Әнұраннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына бет алды. Италия Президенті Ту алдында тоқтап, басын иіп құрмет білдірді. Салтанатты рәсімнен соң мемлекет басшылары құрмет қарауыл сапымен жүріп өтті.

Толығырақ

Түркістан облысы, Созақ ауданында қуаңшылық салдарынан мал аштан көтерем болып, өле бастаған. Шаруалар жайылым мен жем-шөп таппай, төрт түлігін аман сақтап қалуға шамалары келмей жатқанын айтып отыр. Олардың сөзінше, биыл көктемнен бері жаңбыр жаумаған. Соның салдарынан жайылымда шөп шықпай, шыққанының өзі күнге күйіп кеткен. Күз ортасына жетсе де мал жаятын жер қалмаған. Қазір Созақтағы көптеген қырат пен жайылым тақыр жерге айналған. Созақ ауданы, Абай ауылының тұрғыны Мұхамеджан Рыскелдиевтің айтуынша, ауылда жайылым тапшы болғандықтан, ол жаз бойы малын қорада ұстауға мәжбүр болған. Ол аздай, шөптің де бағасы шарықтап, қалтаны қағып отыр. Былтыр келісі 76-80 теңге болған бидай қазір 150 теңгеге дейін…

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ