Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта биылғы жылдың ең резонансты сыбайлас жемқорлық істерінің бірі бойынша тыңдалымдар қорытынды кезеңге шықты. Бүгін алқабилер сотында тараптардың жарыссөзі басталды. ҰҚК облыстық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасов аса ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруге және алуға итермеледі, сондай-ақ заңсыз табысты заңдастырды деп айыпталуда. Тергеу деректеріне сәйкес, Сарбасов 2020 жылы пандемия кезінде медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдарын сатып алу схемасына араласқан. Мемлекет бөлген қаржының бір бөлігі жылжымайтын мүлікке жұмсалған деген күдік бар. Сотта басты назар Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінен 34 млн теңгеге сатып алынып, кейін 92 млн теңгеге…
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда браконьерлерден 17 мыңнан астам киік мүйізі мен 500-ден астам киік еті тәркіленді. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті. — Қылмыстық заңнаманың қатаңдығына қарамастан, браконьерлік әрекеттер әлі де бар. Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам ақбөкен мүйізі мен 500-ден астам киік тәркіленді, — деді вице-министр. Н. Шәрбиевтің айтуынша, Қазақстанда киік саны 2003 жылы 21 мың ғана болса, 2025 жылы олардың популяциясы 5 миллионға жеткен. Бүгінде жер шарындағы киіктің 99 пайызы Қазақстан аумағында жайылып жүр.…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Алматы облысында ірі жол апаты тіркелді. Салдарынан сегіз адам көз жұмып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Lexus маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан. — Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаз бойы қорек таппай қалған аюлар қыста ұйқыға кетпеуі мүмкін. Себебі биыл жеміс-жидек пен кедр жаңғағы аз өнім берген. Осыған байланысты ауыл тұрғындары жыртқыш аңдардан зардап шегеміз бе деп алаңдаулы, деп хабарлайды Kazinform. ШҚО тұрғындары көктемнен бері елдімекендер маңында аюлардың жиі көрінгенін айтып, құзырлы органдарға шағымданған. Әсіресе Риддер, Серебрянск, Поперечное, Михайловка және Глубокое ауылдарының халқы түз тағысын бірнеше рет кездестірген. — Тұрғындардан әр апта сайын шағым түседі. Жануарлар мемлекет қарауында болғандықтан оларды түгел атып тастай алмаймыз. Біздің инспекторлар шағым түскен жерге барып, қатты дыбыс пен жарықты қолдану арқылы аюды үркітіп,…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – YouTube бейнехостинг компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамптың сотқа шағымын реттеу үшін 24,5 млн доллар төлеуге келісті. Оның аккаунты 2021 жылы Капитолийдегі тәртіпсіздіктерден кейін бұғатталған болатын. Шағым түсірілуінің себебі де сол, деп хабарлайды DW. Келісім бойынша, төлемнің 22 млн доллары Ақ үйдің бал залын салумен айналысатын Trust for the National Mall қорына жіберіледі. Ал қалған 2,5 млн доллар басқа талапкерлерге – жазушы Наоми Вульф пен Америкалық консерваторлар одағына (American Conservative Union) бөлінеді. Еске сала кетсек, 2021 жылы президент сайлауына наразылық білдірген Трамп жақтастары Капитолий ғимаратына басып кіргендіктен, оның Facebook, Instagram, YouTube және Twitter аккаунттары бұғатталған болатын.…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қарағандылық Ерлан Тасмағамбетов Болгарияның Варна қаласында өткен батуттық гимнастикадан Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың сапында барлығы үш қарағандылық спортшы бақ сынады – дуэт құрамында Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков, сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов. Ол павлодарлық Виктория Бутолинамен жұптасып өнер көрсетіп, нәтижесінде екеуі үшінші орынға ие болды. – Бұл жолы Мұсабаев пен Тумаковқа сәл ғана сәттілік жетіспеді, жүлдесіз оралды. Бірақ жуырда ғана Германияда өткен Әлем кубогы кезеңінде олар алтын медаль алған болатын. Мұндай жеңістер жас спортшыларды жігерлендіреді, жаңа биіктерді бағындыруға жол ашады. Біздің межеміз бұрыннан биік: ірі әрі беделді жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері мен…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді, – делінген хабарламада.
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – 29 қыркүйек күні Ақтау – Жаңаөзен тас жолының 23-шақырымында жол апаты болып, мұнай өнімдерін тасымалдаған жүк көлігі аударылды. Салдарынан жерге мұнай төгілген. Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына мамандар барып, қоршаған орта жағдайын бағалау және мүмкін залалды анықтау үшін, сынамалар алған. — 29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады, — делінген хабарламада. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, апатқа көліктің алдыңғы дөңгелегінің…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Павлодар облысында тұрмыстық қалдықтарды көму лимитін бұзған кәсіпорынға 28 миллиард теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында экологиялық заңнаманың талаптары орындалмағаны анықталған. Тексеру нәтижесінде экологтар «ЭкоАлем-ПВ» ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқаны анықталды. Аталған дерек бойынша компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 6-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. — Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің ставкасына қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді. Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңге болды, — делінген хабарламада. Апелляциялық саты алғашқы…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қостанай облысы Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ұсталды. Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сәйкес, 29 қыркүйек күні «102» желісіне ер адам хабарласқан. Көшеде оған жас қыз келіп, үйінде анасы мен ағасы еденде жатқанын жеткізген. Оқиға орнына келген полицейлер екі адамның мәйітін тапты. Кейіннен аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы ер адам қолға түсті. — Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады, —…