Астана. 2 қазан. BM.KZ — Алматыда жол жабыны опырылды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, Қордай көшесінде мердігер ұйым «СК Стар Вэй» ЖШС ауызсу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі — «Алматы Су» мекемесі. — Қордай көшесінде траншеяны көму барысында арнайы техника тұрған жерде жол опырылып түсті. Оқиға орнына мамандар мен әкімдік қызметкерлері шықты. Қазіргі уақытта траншея кері көміліп, құм-қиыршық қоспасы және балласт пайдаланылып жатар. Барлық жұмыс бақылауда, — деп хабарлады әкімдіктен. Сондай-ақ қала басшылығы қазір желіге қосу жұмыстары мен асфальт төсеу жұмыстары қатар атқарылып жатқанын атап өтті. — Жол жабыны толықтай қалпына келтіріледі. Жұмыстарды аяқтау мерзімі осы жылдың 15 қазанына…
Автор: erimbetkaz
Астана. 2 қазан. BM.KZ – 2020 жылы Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырды деп танылған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге тоғытылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты әрі белгілі адвокат Абзал Құспан мәлімдеді. – Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын! – деп жазды Абзал Құспан өзінің Фейсбкук парақшасында. Мемлекет қаржысынан 144 млрд теңге ұрлап, түрмеге қамалған Жомарт Ертаев бұдан бірер ай бұрын бостандыққа шыққан еді. Осыған байланысты Абзал Құспан Бас прокуратураға ресми түрде наразылық білдірген. Бүгін сол талап орындалып,…
Астана. 2 қазан. BM.KZ – Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы $500 млрд-қа жетіп, жаңа тарихи межені еңсерді, деп хабарлайды ТАСС. Ол X әлеуметтік желісі, SpaceX, xAI және Tesla компанияларының иесі ретінде әлемдегі ең ықпалды бизнесмендердің бірі саналады. Forbes дерегінше, 1 қазандағы сауда қорытындысы бойынша Масктың капиталы алғаш рет 500 млрд долларға жеткен. Кейін көрсеткіш сәл төмендеп, 499,1–499,5 млрд доллар аралығында бағаланды. Тек Tesla акцияларының бір күн ішінде 4 пайызға өсуі кәсіпкердің байлығын 9,3 млрд долларға арттырған. Сарапшылар Маск дәулетінің өсуін бірнеше факторлармен байланыстырады. SpaceX компаниясының құны соңғы айларда 50 млрд долларға ұлғайып, жалпы бағасы 168 млрд долларға жетті. Сонымен бірге…
Астана. 2 қазан. BM.KZ – Грекияда өткен жалпыұлттық ереуіл елдің көлік жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсету саласын тұтас тоқтатты, деп хабарлайды Euronews. 24 сағатқа созылған ереуіл кезінде ел астанасы Афинада пойыздар мен таксилер мүлдем жүрмеді. Автобустар, метро, трамвай және троллейбустар қысқартылған кесте бойынша ғана қозғалды. Сонымен қатар, ереуіл Грекияның өзге өңірлеріне де әсер етіп, мектептер, соттар мен мемлекеттік ауруханалар уақытша жұмысын тоқтатты. Наразылық шарасын мемлекеттік қызметкерлер мен жеке сектор атынан шыққан кәсіподақтар ұйымдастырды. Олар еңбек заңына енгізілген жаңа өзгерістерге қарсы. Атап айтқанда, жаңа ережеге сәйкес жұмыс күні 13 сағатқа дейін ұзартылып, апталық еңбек уақыты 48 сағатты құрайды. Сонымен бірге үстеме…
Астана. 2 қазан. Атақты түрік актері Маңғыстауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне арнайы қатысып жатыр. Бұл туралы Kazinform мәлім етті. Бурак Озчивит «Осман империясы», «Қара Севда», «Керемет Ғасыр» телехикаяларымен танымал. — Бұл менің Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырту алып, бірден барамын деп шештім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Сый-құрметке рахмет. Маңғыстау халқының ыстық ықыласына бөленіп жатырмын, — дейді Бурак Озчивит. Кинофестивальге түркі мемлекеттерінің өзге де танымал актерлері мен атақты режиссерлері қатысып жатыр. Бұдан бөлек елімізге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мен Мажарстаннан делегаттар келген.
Астана. 2 қазан. BM.KZ — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінгендерді босату жұмыстары аяқталып қалғанын айтты. — Рақымшылық іс-шаралары аяқталып қалды. Қамауда отырғандар босатылды, сондай-ақ рақымшылық аясында ауыр емес қылмыс және материалдық залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыс үшін қылмыстық қудалау бойынша қамтылғандарға да қатысты болды. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялайды, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, қамаудан босатылғандарға қатысты міндетті түрде пробациялық қадағалау болады.
Жақында Астанада «Феникс» қоры ұйымдастырған дәстүрлі Qaisar games турнирі өтті. Бұл жарысқа қосылудағы басты мақсат – жеңіс емес, қатысу. Өйткені мұнда бақ сынағандар – онкологиялық ауруды жеңіп шыққан балалар. Балалар өмір үшін күресте жеңісті әлдеқашан иеленіп қойған. Сол себепті Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен шарада достық пен қуаныш күйі үстем болды. Ата-аналар мен балалар бір-бірін жігерлендіріп, аниматорлар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл шарада марапаттан да артық нәрсе бар еді. Ол – кішкентай батырлардың шынайы өмір хикаялары. Мұндай әңгімелер Instagram коучтерінің кез келген мотивациялық сөздерінен әсерлі. Тірлігіңіз сүреңсіз рең тартып, ісіңіз алға баспай қойғанда — жақын маңда кішкентай батырлардың өмір үшін күресіп жүргенін есіңізге…
Астана. 1 қазан. BM.KZ — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. — Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам — мұғалім» деген. Мұғалім — әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім — әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз — тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі — ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі — орасан. Сондықтан бүгін…
АСТАНА. 1 қазан. BM.KZ – Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша байқауға 20 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Мәжілісте Қазақстанның атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтардың қандай нұсқалар ұсынғанын айтып берді. Оның айтуынша, атауларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – топонимикаға байланысты. Мәселен, «Балқаш», «Ілі», «Үлкен», «Мойынқұм» сияқты атаулар ұсынылған. Екінші топ – ұлы тұлғалардың есімдерімен байланысты. Атап айтқанда, Абайдың, академиктер Қаныш Сәтбаев пен Шафик Чокиннің аттарын беру ұсынылған. Үшінші топ – энергетика саласына қатысты атаулар. Мысалы, «Жарық», «Қуат», «Бейбіт», «Атом». – Біз талдау жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Құрамында этнографтар, тарихшылар, уран саласының өкілдері, блогерлер мен…
Астана. 1 қазан. BM.KZ – Басты мақсат – экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге не үшін қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат – экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті ғылым-білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек. Қазіргі жаһандық білім және технология нарығында бәсеке өте жоғары.…