Автор: erimbetkaz

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа Нұрбол Назарбаевтың рейдерлік әрекеттеріне қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, Қарағанды тұрғыны Қуат Ерментаев Нұрбол Назарбаев кесірінен бизнесінен айырылып, ауыр жағдайда қалғанын атап, көмек сұраған. – Өткен аптада, қыркүйектің 25-індегі Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Заитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан идеясын қолдау және оны жүзеге асыру жолындағы кінәраттарды жою мақсатында депутаттық сауал жолдаған еді. Онда Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың заң мен әділет атаулыны белден басып, бірқатар азаматтарға қатысты жасаған қиянаттары турасында сөз болады. Егер мүдделі құқық қорғау органдары азаматтар атынан жолданған көз жасқа толы…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. — Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен, — делінген хабарламада. Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған. Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған. — Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған, — делінген ҚМА хабарламасында. Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін арзан бағада алып беремін деген алаяқ 8 адамды тақырға отырғызған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.  — Алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Мысалы, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады, — делінген хабарламада. Сот үкімімен…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Қарағанды облысында полиция бекеттерінің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, азаматшаның денесі табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей дереу медициналық мекемеге жеткізілген. – Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, – дейді Полиция департаменті.

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Алматы тауларында Шымбұлақ шыңының баурайында түнде адасып кеткен Франция азаматы құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шетелдік турист рельефтің ерекшеліктерін ескермей, тауға жалғыз көтерілген. Біраз уақыттан соң жолын жоғалтып, бағыт-бағдар таба алмай қалған. Оның геолокациясын алған «Шымбұлақ» тау курортының қызметкерлері құтқару қызметіне хабарлаған. Іздеуге «Тұйық-су» бақылау-құтқару пунктінен арнайы экипаж шыққан. Құтқарушылар туристі табу үшін түнде, жаңбыр астында, тайғақ әрі тар тау жолымен жүріп өтті. Альпинистік жабдықты пайдаланып, француз азаматын тау баурайынан көтеріп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. ТЖМ қазақстандықтар мен қала қонақтарына тауға әсіресе қараңғы уақытта жалғыз шықпауға кеңес береді.

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ — Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Әскери соты экс-президент Джозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды DW. КДР астанасы Киншасадағы сот отырысына қатыспаған және адвокаты болмаған 54 жастағы Кабила әскери қылмыс, мемлекетке опасыздық және адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл іс оның КДР үкіметі мен тутси этникалық азшылығының мүддесін қорғайтын және көрші Руанданың әскерилері қолдайтын 23 наурыздағы (M23) көтерілісшілер тобы арасындағы қақтығыстағы рөлінен туындап отыр. Қаңтар мен ақпан айлары аралығында M23 көтерілісшілері елдің шығысында кең ауқымды шабуылдар жүргізіп, Руандамен шекарадағы кең аумақтарды жеңілген Конго армиясынан қайтарып алды. Қазіргі КДР президенті Феликс Цисекеди Кабила…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ — Алматы облысында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткінің ірі заңсыз тасымал арнасын анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  «Алматы — Бішкек» автожолының 58-шақырымында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл ауданы полиция басқармасының және патрульдік полиция батальонының күшімен Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан қара полиэтилен қаптарға оралған үш полимер қап табылды. Оның ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат шықты. Сараптама қорытындысы бойынша бұл — кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 58 келі 560 грамм. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз…

Толығырақ

АСТАНА. 1 қазан. BM.KZ – Ақ үй басшысының айтуынша, ол Нобель сыйлығын өзі үшін емес, АҚШ үшін алғысы келеді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. 2025 жылғы Нобель сыйлығының иегері жариялануына он күн қалғанда АҚШ президенті Дональд Трамп бұл марапаттың өзіне берілуі керегін сөз етті. Оның пікірінше, басқа біреуге беру – «АҚШ-ты қорлау» болмақ. Трамп бұл сөзін 30 қыркүйекте Вирджиния штатындағы Куантико әскери базасында жоғары лауазымды америкалық әскери қызметкерлермен кездесуде айтты. Оның сөзінше, ол сыйлықты жеке басына емес, Америка Құрама Штаттарына беруді қалайды. Трамп президенттікке келген сәттен бастап жеті соғысты тоқтатқанын бірнеше мәрте қайталады. Ол бұл ретте Үндістан мен Пәкістан, Мысыр…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Орал қаласында 10 жасар оқушы қызға шабуыл жасалды. Суыт оқиға мектепке іргелес орналасқан сауда үйі мен жанармай құю бекетінің артындағы ағаштар арасында болған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тез тарады. Қаскөй арам ойын іске асырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші қыз бала дереу ауруханаға жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше қазір жағдайы тұрақты. Оқиғадан кейін аталған аумақтағы жарық шамдары шұғыл түрде ретке келтірілген. Полиция мәліметінше, күдіктінің жасы шамамен 20–25 аралығында. Қазір оқиға орны мұқият тексеріліп, күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. — Кәмелетке толмағанға қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.…

Толығырақ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) өз алаңында испаниялық «Реал Мадридпен» кездесіп, ірі есеппен жеңіліп қалды. Тарихи матч Алматының Орталық стадионында өтті. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен алаң иелері ойын тізгінін алғашқы минуттардан өз қолына алуға тырысты. «Қайрат» футболшылары бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, мадридтік клуб қақпашысы Тибо Куртуаны әбігерге салды. Дегенмен, Хаби Алонсо жаттықтыратын «Реал» да қарымта шабуылдарымен көзге түсті. 25-минутта төреші «Қайрат» қақпасына пенальти белгіледі. Оныншы нөмірдегі Киллиан Мбаппе он бір метрлікті мүлт жібермей, есепті ашты. Екінші таймда мадридтіктер басымдығын күшейтті. 52-минутта Мбаппе дубльдің авторы атанса, 74-минутта хет-трик жасап, «Қайрат» қақпасына үшінші…

Толығырақ