Автор: erimbetkaz

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр. Агенттік күдіктілердің есімдерін де жариялады. Олар: Аслан Қамбарұлы Дүйсенов — 01.04.1992 ж. т. Габбас Иманбаев — 18.05.1998 ж. т. Есімхан Баяндиевич Елешев — 11.09.1987 ж. т. — Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген, — делінген ведомство хабарламасында. ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Г., Елеушев Е.Б.-ке қатысты бұлтартпау шарасы…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Қарағанды облысының Актогай ауданында қыстың алғашқы ызғары сезілді. Ауданның бірнеше ауылында алғашқы қар түсіп, табиғат әп-сәтте ақ жамылды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде ақ ұлпамен көмкерілген үйлер мен көшелердің суреттері мен бейнежазбаларын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform. Ал синоптиктер алдағы күндері ауа райының салқындайтынын ескертті. Сәрсенбіге қараған түні Саратерек, Шабанбай би, Жетімшоқы және өзге елді мекендер ақ ұлпаға оранды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, алғашқы қар айтарлықтай қолайсыздық әкелген жоқ. — Жолдарда көктайғақ болған жоқ, күндіз қар еріп кетті. Таңертең ауа температурасы −5…−7 градус шамасында болса, кешке қарай қайта жылынды, — дейді тұрғындар. Әлеуметтік желілерде біреулер алғашқы қарға қуанып, қысқы көңіл күйін…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Директорлар кеңесінің шешімімен Кенжеқұлов Сұлтанғали Құрманғалиұлы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына сайланды. Бұл туралы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Сұлтанғали Кенжеқұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласының маманы. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған. 2006–2016 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің атташесі, ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2016–2017 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Қазақстан кәсіпқой боксының аңызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин (42-2-1, 37КО) Халықаралық бокс Даңқ залының (IBHOF) жаңа мүшелігіне үміткер атанды. Бұл туралы Boxingscene хабарлады. 2026 жылғы Даңқ залына үміткерлер қатарында Головкиннен бөлек америкалық Вернон Форрест және ирландиялық Стив Коллинз бар. Америкалық басылым атап өткендей, Геннадий Головкин орта салмақта WBA, IBF және WBC нұсқалары бойынша ұзақ жылдар бойы чемпиондық атақтарын қорғап, көрермендерге есте қаларлық жекпе-жектер сыйлады. Соңғы кездесуін ол 2022 жылы өткізген. Үш жыл бойы рингке шықпағандықтан, қазақстандық боксшы аңыздар қатарына қосылуға лайық деп танылды. Вернон Форрест (41-3, 29КО) жартылай орта және кіші орта салмақта…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ — «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінде виртуалды кеңесші пайда болды. Оны Digital Bridge форумында арнайы таныстырған. — Бүгін маған «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор, – деді ол туралы президент. Нейрожүйе «Самұрық-Қазына» қорының ішкі және сыртқы құжаттарды, сонымен қатар директорлар кеңесінің 2008 жылдан бергі шешімдерін және басқа да жинақталған материалдарды талдаумен айналысады. Әзірлеушілердің ойынша, бұл қадам әлдеқайда негізделген әрі дәйекті шешім қабылдауға мүмкіндік береді. —…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ — Digital Bridge форумында Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын хабарлады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Бір жыл бұрын Қазақстанда біздің алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық, қол жеткізген нәтижелерге өте қуаныштымыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана хабарлаймын. Ең алдымен, біз Telegram және Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырып отырмыз, бұл жоба Жасанды интеллект министрлігімен қолға алынып отыр. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия түрде, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін есептеу қуаттарының алғашқы ірі жеткізушісі болады деп үміттенеміз,…

Толығырақ

Ұлбосын Елмұрат – Шардара армспорт құрамасының жасөспірім спортшысы. Түркістан облысы, Шардара ауданынан шыққан нәзікжанды спортшы сенсациялық жеңіске жетті. Ол Болгарияның Албена қаласында өткен армрестлингтен 46-шы әлем чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем етті. Финалда 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебрановамен қол күрестіріп, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл оның жеке жетістігі ғаана емес, Қазақстан армрестлингінің дамуындағы үлкен жеңіске саналып отыр. Осыған дейін Ұлбосын Елмұрат жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанған еді. Сонымен қатар, ол әлем кубогінің иегері ретінде де танымал. Армрестлингке деген қызығушылық: арман мен еңбек Ұлбосын бала кезінен спортқа жақын болған. Ол жастайынан ауыл арасында…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.  Келісімге Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары барысында 2024 жылғы сәуір айында қол қойылды. — Келісім екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттердің аумақтарына тепе-тең негізде келу және болу тәртібін оңайлату, сондай-ақ бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болу мерзімін белгілеу, жарамды жол жүру құжаттарын айқындау мақсатында әзірленген, — деді сенатор Қайрат Тастекеев. Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім аясында екі ел азаматтары үшін бірдей негізде тиісті мерзім бекітілді. — Біріншіден, екі ел азаматтары үшін бірдей негізде…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйледі.  – Бірақ жайбарақат отыруға болмайды, алдымызда ауқымды жұмыс бар. Жасанды интеллектінің орасан зор әлеуетін Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құру үшін қолдануға болады. Алайда біз шындыққа тура қарауымыз керек: Жасанды интеллект және цифрландыру мәселенің бәрін бір сәтте шешіп тастамайды. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін өте маңызды үш міндетті қатар орындау керек. Атап айтқанда, осы салаға ресурс тарту, жаңа білімді меңгеру және әдеп (этика) нормаларын сақтау. Бір сөзбен, әділ әрі тиімді шешім қабылдай отырып, жылдам және ашық әрекет ету керек, – деді Тоқаев. Президенттің…

Толығырақ

Астана. 2 қазан. BM.KZ – Израиль әскери-теңіз флоты Газа секторы үшін гуманитарлық жүк тиелген флотилияны тоқтатты. Кемелердің бірінде экобелсенді Грета Тунберг те болған, деп хабарлайды DW. Израиль СІМ мәліметінше, бірнеше кеме еш зақымсыз тоқтатылып, жолаушылар Израиль порттарына жеткізілген. «Грета мен оның серіктестері қауіпсіз жерде, бәрі аман-есен», – делінген Израиль билігінің хабарламасында. Бұл жағдай биыл алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Маусым-шілде айларында да Израиль әскері теңіз арқылы гуманитарлық көмек жеткізбек болған кемелерді тоқтатып, экипаждарды ұстаған еді. Маусым айында Грета Тунберг осындай бастаманың біріне қатысып, Газа жағалауынан 185 шақырым қашықтықта ұсталған флотилияның ішінде болған. Қазіргі флотилия тамыз айының соңында Барселонадан шыққан. Құрамында…

Толығырақ