Автор: erimbetkaz

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Қарағандыда 38 жастағы ер адамның 15 жастағы мектеп оқушысымен «неке қиюына» байланысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Іс жабық режимде өтіп жатыр. Айыпталушыға кәмелетке толмағанды зорлау бабы бойынша айып тағылған. Егер кінәлі деп танылса, ол 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға биыл наурыз айында Абай қаласында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі оны діни рәсім арқылы отбасы болып араласып жүрген 38 жастағы ер адамға ұзатқан. Қыз бірнеше күн оның қолында болып, зорлық көргенін айтқан. Кейін ол қашып, туған әкесіне барып, ол құқық қорғау…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері елде заңсыз майнингке қатысты 17 қылмыстық іс тіркеліп, мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,3 млрд теңгеге жеткен. Тергеу барысында заңсыз айналымнан 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді. Ең көп жағдайлар Астанада (6), Шымкент пен Қостанайда (әрқайсысында 3) анықталды. — Кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сондай-ақ фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген. Электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге бағытталмайды, — делінген хабарламада. Мемлекеттік…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ — Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын істеп жатыр.  Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады. Негізгі міндеттерге мыналар жатады: спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру; спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау; спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу; спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру; мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру. — Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ — Қазақстандық Дана Карағұсова Blue Origin компаниясының NS-36 зерттеу миссиясы құрамында ғарышқа аттанбақ. Blue Origin компаниясының зерттеу миссиясы ғарышқа 8 қазанда аттанады. Осылайша Дана Карағұсова тарихта Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш туристі атанады. Сонымен бірге, Қазақстан атынан ғарышты бағындырған тұңғыш әйел болмақ. Дана Қарағұсова бұған дейін ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам еңбек еткен. Ол медиа және ивент-холдинг — First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі. «Қазір ол өзін-өзі реттеу саласындағы халықаралық IT-жобаға атсалысып жатыр. Ғарыш сапары осы зерттеу қызметінің бір бөлігі болмақ. Ғарышта ол өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке тәжірибесінде сынап көреді», — деп жазылған…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ — АҚШ президентінің әкімшілігі Дональд Трамптың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы бастамасын бірнеше елдің қолдайтынын атап өткен есеп жариялады. Олардың қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. Мақалада Президент Баспасөз хатшысының «Қазақстан бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, мемлекетаралық сенімді нығайту, тұрақты және әділетті бейбітшілік орнату жолындағы бірегей мүмкіндік және маңызды қадам ретінде қарастырады» деген сөзі келтірілген. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы — көмекшісі Руслан Желдібай Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі жан-жақты бейбітшілік жоспарын құптайтынын мәлімдеді.

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – 2027 жылғы 2 тамызда XXI ғасырдағы ең ұзақ толық күн тұтылуы күтіледі. Толық қараңғылық фазасы қа созылады. Бұл 1991 жылдан бергі рекорд болмақ. 2027 жылғы 2 тамызда XXI ғасырдағы ең ұзақ толық күн тұтылуы күтіледі. Толық қараңғылық фазасы қа созылады. Бұл 1991 жылдан бергі рекорд болмақ. The Daily Galaxy деректеріне сәйкес, ең қолайлы бақылау орны — Мысырдың Луксор қаласы. Мұнда тұтылу түске тура келіп, көне храмдар мен Патшалар алқабының үстінен өтеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл символдық мәнге ие, себебі ежелгі мысырлық абыздар да күн тұтылуларын храм қабырғаларына түсіріп отырған. Астрономдар Ливия мен Батыс Мысыр аймақтарында тамыз айында ауа…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Мәрмәр теңізі жағалауында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болып, оны мегаполисте миллиондаған адам сезді, деп хабарлайды Kazinform. Жерасты дүмпулері ұялы байланыс операторларының қызметінде уақытша қиындықтар тудырды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:55-те (Астана уақытымен 16:55) Текирдаг провинциясының Мармара Эреглиси қаласы маңындағы Мармара теңізі жағалауында магнитудасы 5,0 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) мен сейсмологиялық бақылаумен айналысатын Кандилли обсерваториясы хабарлады. Жер сілкінісі Түркияның ең үлкен қаласы Ыстанбұлда сезілді. Тұрғындардың көбі жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, үйлерінен және кеңселерінен шығып көшеге жүгірді. Қалада кей аудандарда ұялы байланыс уақытша…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Алматыда өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атайтын «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке және Ақтоты Дүйсееваға қатысты кезекті сот процесі өтті. Екі айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылып отыр. Бүгін сот Ілияс Сариевтен жауап алды. Ол өз айыбын ішінара мойындады. Айтуынша, қайырымдылық жасап жүріп ол науқас балалардың туыстарынан және көмекке мұқтаж отбасылардан еңбекақы алған. – Бұрын менен қайырымдылыққа шот ашып беруді сұрағанда тегін істейтінмін. Бірақ менің де шығындарым бар: блог жүргізу, бейнетүсірілім, сапар, мобилограф қызметі, әрі өз турфирмамды ашуға қаражат қажет болды. Сондықтан…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Солтүстік Африкадағы жастардың шеруі жаппай қақтығысқа ұласып, салдарынан адамдар қаза тауып, жүздеген адам қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform. Ресми мәліметке сәйкес, 1 қазан күні Марокконың оңтүстік-батысындағы Агадир қаласының маңында жандармерия қызметкерлері полиция бөлімшесіне кіріп, қару-жарақты тартып алмақ болған бір топ наразы топқа оқ жаудырған. Марокко Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Министрлік қақтығыс болған түнде барлығы 354 адам, оның ішінде 326 қауіпсіздік қызметкері жараланғанын түсіндірді. Елдің 23 аймағындағы 271 қызметтік полиция көлігі, 175 жеке автокөлік, 80-ге жуық әкімшілік және коммерциялық ғимарат зақымданған. Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздікке қатысқандардың 70%-ы кәмелеттік…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Павлодар облысында Қалатұз көлінде артемия шаянының жұмыртқаларын заңсыз өндіріп жүрген үш тұрғын қолға түсті. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен «Зайсан–Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бірлесіп жүргізген рейд барысында браконьерлік әрекет әшкереленді. Заң бұзған азаматтар Аққулы ауданы аумағында орналасқан Қалатұз көлінде артемия салина шаянының жұмыртқаларын заңсыз жолмен өндірген. — Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 7 065 кг болатын 157 қап мөлшерінде дайындалған артемия жұмыртқалары табылды. Алдын ала есеп бойынша келтірілген залал көлемі 83 338 740 теңге, — деп хабарлады «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Аталған дерек бойынша ҚР…

Толығырақ