Автор: erimbetkaz

Астана. 6 октября. BM.KZ – Бұған дейін алаяқтық бойынша күдікке ілінген Сергей Филь қолға түсті. Тәртіп сақшылары оны Қарағандыда қолға түсірді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 45 жастағы тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. — Ер адам полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді, — делінген баспасөз хабарламасында. Естеріңізге салайық, СҚО-дағы «Құлагер» хоккей клубының бастығы 24 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше хоккейші оған алаяқтық фактісі бойынша полицияға шағымданғанын жазған едік.

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Сиқырлы пойыз 6 вагоннан тұрады. Әр вагонда жолаушыларға арналған жеке қойылым көрсетіліп, барлық вагонда бір мезгілде театрландырылған бағдарлама жүргізілді. Астанада отбасылық мәдени-ойын-сауық жобасы — «Поттер пойызы» өзінің алғашқы сапарына аттанды. Екі сағатқа созылған бұл ерекше саяхатқа 300-ден астам жолаушы, оның ішінде балалар мен ата-аналар қатысты. Сиқырлы пойыз 6 вагоннан тұрады. Әр вагонда жолаушыларға арналған жеке қойылым көрсетіліп, барлық вагонда бір мезгілде театрландырылған бағдарлама жүргізілді. Осы сапарда шамамен 15 актер Гарри Поттер әлемінің ең танымал кейіпкерлерін сомдады. Жолаушылар пойыз ішінде Гарри Поттерді, Гермиона Грейнджерді, Драко Малфойды, профессор Дамблдорды, Северус Снеггті, Доббиді және басқа да сүйікті кейіпкерлерді…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ — Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Әлемге әйгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығында мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ АҚШ-та қазақ мәдениеті мен музыкасын белсенді насихаттап жүрген ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шара шетелде қазақстандық мәдени бастамаларды қолдау және мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Кездесу барысында Қазақстанның музыкалық және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған жобалар, сондай-ақ америкалық мәдени институттармен ынтымақтастықты дамыту жоспарлары талқыланды. Кездесуде Қазақстан мен Америка арасындағы мәдени және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға айрықша үлес қосып жүрген Солтүстік Америкадағы Қазақстан мәдени және іскерлік қауымдастығының (Kazakhstan Cultural-Business Association…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Командалық сайыста отандастарымыз бірінші орынға ие болды. Аралас жұптар арасында Эдуард Ким мен Карина Магрупова 180.2450 баллмен күміс медаль жеңіп алды. Ал жұптар арасында өткен сайыста Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола медальға қол жеткізді.

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру үшін мектептерде бейіндік сыныптар ашылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Министрліктің мәліметінше, жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құрылады. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ — деп хабарлайды Оқу-ағарту Мұндағы мақсат — мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру. Осыған орай, қазақстандық мектептерде 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ — Қарағандыда әйел денесімен бірге табылған полицей комадан шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.  36 жастағы пациенттің жағдайы ауыр. Полиция майоры қазіргі уақытта реанимация бөлімінде. Ем шаралары сәтті аяқталған жағдайда, ол тергеушінің сұрақтарына жауап беретін болады. Ресми деректер бойынша, ер адам мен әйелдің денелерінде зорлық-зомбылық, қан немесе арпалыс іздері табылмаған. Марқұмның  туыстары өлімінің себебін білу үшін химиялық-токсикологиялық сараптама нәтижесін күтуде. 23 жастағы Эльмираның артында 4 жасар ұлы қалды. Бұған дейін Қарағанды облысында полиция бекеттерінің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. — Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада. Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Петропавлдағы №2 бағыттағы қоғамдық автобустың ішінде мас жолаушы оқушы қызға қол көтерді. Куәгерлердің айтуынша, екі мас ер адам қоғамдық көлік ішінде өздерін дөрекі ұстаған. Балағат сөздер айтып, өзге жолаушыларға кедергі келтірген. Шыға беріс жақта отырған екі сыныптас қыз олардың әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін ер адамдар автобустан түсе бастайды. Дәл сол кезде олардың бірі оқушы қыздың бетінен ұрып жіберген. Автобус жүргізушісі дереу есікті жауып, мас адамдардың қашып кетуіне жол бермеді. Жолаушылар бірден жедел жәрдем мен полиция шақырған. – Қол көтерді деген күдікке ілінген ер адам жедел түрде анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұл фактіге қатысты қылмыстық…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Ақмола облысында ДНҚ талдауы 23 жыл бұрынғы кісі өлімін ашуға мүмкіндік берді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері 2002 жылдың 4 қазанында жасалған қатыгез қылмыстың бетін ашты. 23 жыл бұрынғы қылмыстың құрбаны – 1973 жылы туған Ақкөл қаласының тұрғыны. Ол кешкі уақытта көшеде бейтаныс адаммен жолығып, сол күйі үйіне оралмаған. Келесі күні әйелдің денесі жергілікті стадион маңындағы қоғамдық дәретханадан табылды. Марқұмның денесінде көптеген жарақаттар болған. Оқиға кезінде жедел-іздестіру шаралары шұғыл түрде жүргізіліп, күдіктінің биологиялық ізі алынғанымен, ол кезде қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмаған еді. Қатыгез қылмыс осылайша ұзақ уақыт ашылмай қалды.…

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Марқұмның туыстары Қазақстан Президентінен көмек сұрады. Алматыда әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз қызмет барысында көз жұмды. – Биыл күзде біздің ініміз Нұрасыл (2006 жылғы 16 желтоқсанда туған) әскерге аттанды. Ол 2025 жылғы 27 қыркүйекте шақырылып, Алматы қаласындағы Қарасай шекара қызметіне, Спасская көшесі 67 мекенжайы бойынша жіберілген еді. Бүгін, 5 қазан — ол әскерге кеткеніне тура бір апта толды. Өкінішке қарай, осы аз ғана уақыттың ішінде біз оны жоғалттық. Жүрегіміз бір жамандықты сезгендей, жібергіміз келмеген. Бірақ Нұрасыл Отанына адал қызмет етуді, нағыз патриот болуды армандады. Ол әскерді ерлік пен ержүректік мектебі деп білді, бейбіт…

Толығырақ