Астана. 7 қазан. BM.KZ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» бас директоры Джанкарло Руюмен кездесті. Кездесу барысында КПО-ның жаңа бас директоры Марко Марсили таныстырылды, ол бұл қызметке 2024 жылдың наурызында кіріседі деп күтілуде. Ал Дж. Рую өз кезегінде «North Caspian Operating Company» басқарушы директоры қызметіне тағайындалады. Кездесуде тараптар Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд м3 шикі газ өңдеуге қауқарлы зауыт салу жобасының мәртебесін талқылады. Батыс Еуропада қазақстандық көмірсутектерге деген сұраныстың артуына байланысты Қарашығанақта өндірілетін мұнайды экспорттау тақырыбы қозғалды. Былтыр алғаш рет Қарашығанақтан 1 млн тоннаға жуық мұнай Германияға «ҚазТрансОйл» және «Транснефть» тасымалдау жүйелері арқылы жеткізілді.…
Автор: erimbetkaz
Астана. 7 қазан. BM.KZ – Қостанай облысында мобильді топтан медициналық көмек алған науқастың өліміне байланысты тергеу басталды. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде ер адамның операция үстелінде қайтыс болғаны туралы жазбадан кейін көпшіліктің назарын аударған жағдайға қатысты пікір білдірді. Хабарламада ота жасап жатқан нейрохирург мас күйінде болғандығы және операциядан кейін бірден кетуге әрекеттенгені айтылады. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға санитарлық авиация науқасты Арқалық қаласындағы ауруханаға жөнелткен соң болған. Науқасқа шұғыл нейрохирургиялық операция қажет болғандықтан, Арқалық қаласына облыстық аурухананың маманы жіберілген. — Дәрігер оқиға орнына арнайы жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Ол көлік жүргізбеді. Операция алдында барлық міндетті процедуралар жүргізілді. Яғни,…
Астана. 7 қазан. BM.KZ – Қозғалыстың саяси басшылығы АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының кейбір ережелерін жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. Мысыр және Қатар делдалдары ХАМАС ұйымынан оның палестиналық содырлары Газа секторында өлген израильдік кепілге алынғандардың денелерін жинай бастағаны туралы растау алды. Бұл туралы қозғалыстағы дереккөзге сілтеме жасап Al-Arabiya телеарнасы хабарлады. Ондағы мәліметтерге қарағанда, ХАМАС операциясын аяқтау үшін Израильден әуе шабуылдарын тоқтатуды талап еткен. Арна сұхбатшысының айтуынша, мәйіттерді беру біраз уақытты алады. Сондай-ақ дереккөз АҚШ-тың Катар арқылы Израильдің соғыс қимылдарын қайта бастамайтынына және келісім сәтті орындалған жағдайда сектордан әскерлерін толығымен шығаратынына кепілдік бергенін атап өтті. – ХАМАС…
Астана. 7 қазан. BM.KZ – Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады. — Нәтижесінде А.Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналаған қызылордалық театр топ жарды. Қойылымның режиссері — халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, — делінген хабарламада.
Астана. 7 қазан. BM.KZ – Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин топ жарды. Отандасымыз 198.7639 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл сында күміс жүлдені жапониялық Ремма Феруучи 191.0126 ұпаймен иеленсе, қола жүлде таиландтық Ваттикорн Кхетхиранканокке (132.2613 ұпай) бұйырды. Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.
Астана. 7 қазан. BM.KZ – Солтүстік Қазақстан облысы Бугровое елді мекенінде үй құстары пастереллез ауруынан қырылған, деп хабарлайды Kazinform. Бугровое ауылының тұрғыны Мағжан Ақылбаев қаз шаруашылығымен айналысу үшін 10 млн теңге несие алған. Екі апта ішінде 5 мың құстың жартысына жуығы қырылып қалды. – Бұған дейін екі рет сараптама пастереллезді көрсетпеді, тек үшіншісінде ғана бұл ауру расталып отыр. Енді тәуелсіз сараптама жасатпақшымыз. Өйткені барлық белгісі құс тұмауына келеді. Пастереллез дегенге сенбеймін. Қаншама қаражат, еңбек еш болды. Өтемақы төленгенін қалаймын, әрине. Өйткені 31 желтоқсанға дейін қарызды жабуым керек, — дейді Мағжан Ақылбаев. Келген мамандар ауыл тұрғынына қалған құсты сойып алуға кеңес…
Астана. 6 қазан. BM.KZ – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмырзамен жүздесті. Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті. – Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән береді. Президент өз сөзінде: «Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», – деген еді. Осы бағытта біз де жастарды жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жағдай жасап келеміз. Сондай-ақ барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы…
Астана. 6 қазан. BM.KZ – 2025 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттеген ғалымдарға табысталды, деп хабарлайды Интерфакс. Лауреаттар қатарында АҚШ-тың Жүйелік биология институтының өкілі Мари Брунков, Паркер қатерлі ісікке қарсы иммунотерапия институтының зерттеушісі Фред Рамсделл және Жапонияның Осака университетінің профессоры Шимон Сакагучи бар. Олар «перифериялық иммундық толеранттылықты анықтауға бағытталған жаңалықтары үшін» марапатталды. Бұл биологиялық құбылыс — иммундық жүйенің өз ағзасына зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді. — Олардың жаңалықтары иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және неге кей адамдарда ауыр аутоиммундық аурулар дамымайтынын түсінуге шешуші рөл атқарды, — деді Нобель комитетінің төрағасы Олле Кемпе. Физиология мен медицина саласындағы Нобель…
Астана. 6 қазан. BM.KZ – Қарағанды облысының жас спортшысы Алан Құрманғалиев Қытай астанасы Бейжіңде өткен беделді China Youth Smash халықаралық турнирінде тамаша ойын көрсетіп, қола медаль иегері атанды. Жарысқа 19 жасқа дейінгі әлем мен Азияның үздік жас теннисшілері қатысты. Алан Құрманғалиев Сингапур, Корея және Қытай елдерінің атақты әрі тәжірибелі қарсыластарын жеңіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Мамандар мен жанкүйерлердің пікірінше, қарағандылық спортшы осы турнирде ерекше табандылық пен шеберлік көрсетті. Ширек финалда ол әлем чемпионы Ли Хэчэнді (Қытай) 4:3 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы Вэн Жуйбомен (Қытай) кездесіп, тартысты ойында турнирді қола жүлдемен қорытындылады. Алан Құрманғалиев…
Астана. 6 октября. BM.KZ – Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде. Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2…