Автор: erimbetkaz

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Сейсенбі күні өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XII саммиті түркі әлемі тарихындағы маңызды оқиға болды. Саммит қорытындысында қабылданған Габала декларациясы – Ұлы Тұранның қайта жаңғыруының бастауы болуы мүмкін. Әзербайжан тарихшысы әрі саясаттанушы Ризван Гусейнов осындай пікір айтты. Әзербайжанның Габала қаласында өткен саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар Қазақстанды түркі кеңістігіндегі жасанды интеллект пен цифрландыру орталығына айналдыруға бағытталған. Саммит қорытындысы бойынша қабылданған декларацияның негізгі мақсаты – түркі әлемін Еуразиядағы дербес саяси және экономикалық орталыққа айналдыру. «Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті – бұл тек түркі әлемі үшін ғана емес, бүкіл Еуразия үшін тарихи оқиға.…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта. Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар. Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ –  «Джимми Фэллон шоуы» бағдарламасында Дженнифер Лопес Алматыда өткен концертін есіне алды. Бұл туралы Kazinform жария етті. Ол концерт кезінде мойнына қонған шегіртке туралы пікір білдірді. Айтуынша, әнші денесінде бір нәрсенің қозғалысын сезген, бірақ қайтсе де әнін аяқтауға тырысқан. — Мен бір нәрсе болып жатқанын сездім. Басында жәндік ұшып-қонып жүр екен деп ойладым. Өйткені жарықтан оларды бұрын байқаған едім. Алайда ол денемде жоғары өрмелеп келе жатыр екен. Бір кезде мойныма келді, кішкентай аяқтары сезілді. Мен не болса да әнді аяқтайын деп ойладым. Кейін оны денемен сырғытып түсіргенде тікұшақтай үлкен екенін көрдім, — деді поп-жұлдыз. Еске салайық,…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бас прокурорға активтерді қайтару желеуімен рейдерлікке тап болдық деген кәсіпкерлердің шағымдарын жолдады. — Мәжілістегі «Ақжол» фракциясы адал жұмыс істеп жүрген бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу фактілері туралы, оның ішінде активтерді қайтару желеуімен тартып алу фактілері жөнінде ондаған сауал жолдағанын еске салуға мәжбүрмін. Мысалы, марқұм Болат Назарбаевтың активтерін қайтару желеуімен Сарыағаш аудандық әкімі мүлде басқа кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің ашық аукционынан сатып алған санаторийді сот арқылы тартып алды. Есесіне Болат Назарбаевтың өзіне нысандарды шусыз қайтарып берген. Басқа да мысалдар болды. Өкінішке қарай, ол сауалдардың бәріне бірдей мемлекеттік органдар тиісті деңгейде назар аударған жоқ.…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Денсаулық сақтау министрі мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрыққа қол қойды. Жаңа ережелерге сәйкес: қағидаларда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараның химиялық кастрация түрінде қолданылуы нақты белгіленді; химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыс жасаған, 18 жастан асқан адамдарға ғана тағайындалады және ол заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі; шара жазасын өтеу орнында немесе амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында іске асыралады; сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда түзеу мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды, бұл оның психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлыққа бейімділігін анықтау үшін жүргізіледі; Аталған…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – 5 қазанда Нью-Йоркте Димаштың жеке концерті өтті. Madison Square Garden көрермендері Димаш Құдайбергеннің қойылымын ыстық ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды Dimashnews. — Мыңдаған жүрек. Бір дем. Бұл түн тарихта да, менің жүрегімде де мәңгі қалады. Осы арманды менімен бөліскен менің командама, музыканттарға, көрермендер мен осы сапарға сенім артқан әрбір жанға алғысым шексіз. Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі, — деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында Нью-Йорктегі концертінен кейін. Сол кештің финалында Димаш өзінің авторлық туындысын — үш жылдан астам уақыт бойы жазылған, төрт ірі конфессияның музыкалық және тарихи элементтері тоғысқан шығармасын…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Нобель комитетінің хатшысы Томас Перлман 7 қазан күні Мэри Бранков пен Шимон Сакагучимен бірге физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанған Фред Рамсделлдің ақыры байланысқа шыққанын айтты, деп хабарлайды DW. 6 қазан күні марапат жарияланған кезде америкалық ғалымның интернетке кіру мүмкіндігі болмаған. Рамсделл әйелімен жабайы табиғат аясында серуендеп жүрген. Олар қонақүйлеріне қайтып келе жатып, бірдеңені жөндеуге тоқтады. Әйелі ұялы телефонын қосып, хабарламаларды көрді. — Олар әлі жабайы табиғат аясында жүр еді, ал ол жерде аюлар көп. Сондықтан әйелі шыңғырғанда Рамсделл аю кеп қалған екен деп шошып кетті. Алайда, ол Нобель сыйлығы туралы қуанышты хабарды естіген еді. Ол қуаныштан толқып кетті,…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Бүгін елордада бірқатар мекенжайларда жылу, ыстық су және электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті. Жылу мен ыстық суды өшіру 8 қазан сағат 22:00-ге дейін жылу мен ыстық су уақытша тоқтатылады: Кеңсаз көшесі – 5, 5а, 56, 9, 9/1, 11, 13; Бұйрат көшесі – 24, 26, 30, 32/1, 34/1; Қарашығанақ көшесі – 5. 8:00–16:30 аралығында келесі мекенжайларда да өшіру жүргізіледі: Потанин көшесі – 9, 10, 11, 12, 12/1, 12/2, 13, 14, 14а, 15, 15/1; Молдағұлова көшесі – 17; Затаевич көшесі – 5/9, 5/11; Қарауыл көшесі – 2/2. Белгілі бір мекенжайлар бойынша уақытша…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Рудный қаласында нашақорлыққа қарсы бөлімнің қызметкерлері заңсыз марихуана плантациясын анықтады. Шаруашылық жылыжай ретінде жасалған, деп хабарлады Polisia.kz. Тексеру шаралары саяжай аумағында жүргізілді. Анықталғандай, ұсақ мал өсіруге арналған жылыжай мүлде басқа мақсатта пайдаланылған. Тінту барысында полиция жалпы салмағы 44 келі болатын 17 марихуана бұтасын, сондай-ақ жасыл өсімдік заты бар орамаларды тапты. Сараптама қорытындысы бойынша бұл марихуана екені анықталды. Алдын-ала деректерге сәйкес, аталған аумаққа 58 жастағы жалдамалы жұмысшы күтім жасаған. — Оған қатысты аса ірі көлемде нашақорлыққа арналған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полицияның назарына учаскенің иесі де іліккен. Екі ер адам…

Толығырақ

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер Шымкент ҰҚКД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа қатысты үкім шығарды. Іс бойынша үкімді судья Абинур Қарабаев оқыды Манат Сарбасов 12 жылға сотталды, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар ҰҚК подполковнигі атағынан айырылды. Сонымен бірге екі бөлмелі пәтер мен Toyota Land Cruiser автокөлігі тәркіленуге жатады. Сондай-ақ пара мөлшерін өтеуі керек – 70 млн теңге. Темірхан Варзиловқа 4 жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Шыңғыс Жаңабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ерлан Тышқанбаев 5 жылға бас бостандығы шектеліп, сот залынан босатылды. Айдос Сраилов ҚР ҚК-нің 304-бабы…

Толығырақ