Автор: erimbetkaz

Қазақстанның ең ірі әуе компаниясында басшылық ауысты. BM.KZ корреспонденті соның айналасындағы өзгерістерге үңіліп, Air Astana-ны алда не күтіп тұрғанын талдап көрді. Air Astana-ны 20 жыл бойы басқарған Питер Фостер өз қызметінен кететінін мәлімдеді. 8 қазанда директорлар кеңесі оның өкілеттігі 2026 жылдың наурыз айында тоқтайтынын хабарлады. Бірақ ол компанияда аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады. Оның орнына қазіргі қаржы директоры — Ибрагим Джанлыель (2003 жылдан бері компанияда еңбек етіп келеді) тағайындалмақ. Air Astana-ның «өсу мен құлдырау» кезеңдері Питер Фостер 2005 жылы Air Astana-ның тізгінін ұстады. Оның басшылығымен компания бірнеше дағдарыстан, пандемиядан өтті және аймақтық тасымалдаушыдан халықаралық деңгейге өсті. 2024 жылдың ақпанында Air…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ — Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев 8 қазандағы отырыста әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі туралы өзекті мәселені ортаға салды. Ол Кеңес одағы дәуірінен қалған Як-40 ұшақтарының ел аумағында әлі күнге дейін пайдаланылып жатқанын сынға алды. Депутаттың айтуынша, бұл ұшақтардың сериялық өндірісі 1980-жылдары тоқтатылғанына қарамастан, қазір оларды пайдалану уақыты 44-тен 55 жылға дейін жетіп отыр. Бұл авиация саласындағы әлемдік орташа қызмет ету мерзімінен (15-20 жыл) екі есе артық. Як-40 ұшақтарының техникалық ресурсы толық таусылған, ал олар 1960-жылдары әзірленген АИ-25 қозғалтқыштарымен жабдықталған. Бұл қозғалтқыштардың өндірісі 20 жылдан кейін тоқтатылған болатын. 2022 жылдан бері украиналық «Мотор Сич» зауытының қирауына байланысты қозғалтқыштар…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бой көтерді. Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. — Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді, — делінген хабарламада.…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Маңғыстау облысында мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза болды. Бұл жөнінде ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Тараған мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға «Үстірт» шекара бекетінде болған. Бөлімше басшысы сарбазға қоймадан бензин алып келуді тапсырған. Алайда бұл тапсырманы орындау кезінде сарбаз жанармай буымен уланып, есінен танып қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен, жағдайы тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. “7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы” деп жазылған шекара…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Шымкент қаласының тұрғыны пакетке оралған адамның бас және өзге де сүйектерін тауып алды. Мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген. Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жөнелтілді. — Табылған сүйектер шығу тегі мен жерленген мерзімін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді, — деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі. Анықталғандай, былтыр Шымкенттің дәл осы ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде мәйіттер табылған. Сарапшылардың айтуынша, олардың жасы шамамен 25-30-те. — Полиция қызметкерлері азаматтарды мұндай заттар табылғанда дереу хабарлауға және тәртіп сақшылары келгенге дейін өз бетімен ешқандай шара қолданбауға шақырады, — деп толықтырды ПД баспасөз қызметі. Бұған дейін…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Питер Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі. «Air Astana» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлайды. Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады. «Air Astana» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін Питер Фостерге алғыс айтып, Ибрахим Жанлыелге жаңа қызметінде сәттілік тіледі. — Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Алматыда АҚШ-та ұсталған «Вагнер» жалдамалысы, қазақстандық Тимур Пірәлиевке үкім оқылды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Ол “Шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысу” (172-бап) бабы бойынша айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық соты әзірге үкімге түсініктеме бермеді. Биыл жыл басында қазақстандық Тимур Пірәлиев Мексика жағынан Рио Гранд өзені арқылы Техасқа қарай заңсыз өтпек болғанда ұсталғанын. Оның қолында қазақстандық және ресейлік төлқұжат болған. Пірәлиев АҚШ-та қамалған. Жауап алу кезінде ол «Вагнер» ЖӘК құрамында соғысқанын мойындаған. Ресейде ол «Защитники Отечества» қорынан ардагер куәлігін алған. Пірәлиев Ресей азаматтығын 2023 жылы алған. Санкт-Петербургте жүрген кезінде “Вагнердің” соғысқа адамдар алып жатқаны туралы…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Түркияда шоу-бизнес пен қоғам қайраткерлеріне қатысты ауқымды тергеу басталды. Ыстамбұл прокуратурасы 19 танымал адамның есірткі заттарын қолдануы мүмкін деген күдікпен қылмыстық іс қозғағанын ресми түрде растады. Бұл туралы GazetaExpress хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеуге іліккен танымал тұлғалардың арасында әншілер Хадисе Ачикгез пен Ирем Деричи, актрисалар Демет Эвгар мен Беррак Тюзүнатач, блогерлер Дуйгу Озаслан және Дерин Талу бар. Бұдан бөлек, түрік БАҚ-тары тергеу тізімінде Зийнет Сали, Кубилай Ака, Каан Йылдырым, Мерт Языджиоғлу, Метин Акдюльгер, Серен Морай, Өзге Өзпіринчжи, Энгин Полат, Дилан Полат, Зейнеп Мерич Арал, Бирдже Акалай және танымал адвокат Фейза Алтун сияқты есімдердің бар…

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті, – делінген хабарламада. Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысы өкілдері бейбіт жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлаған болатын.

Толығырақ

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Қазақстандық кәсіпкер Данна Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен ұшып, ғарышқа барған алғашқы қазақстандық әйел атанды. New Shepard зымыраны 2025 жылғы 8 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл Blue Origin компаниясының 36-туристік миссиясы болды. Экипаж құрамында америкалық кәсіпкер Джефф Элгин, инженер және жасанды интеллект саласының зерттеушісі Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламаған тағы бір жолаушы бар. Данна Қарағұсова осы алты адамның ішінде болып, Қазақстан атынан ғарышты бағындырған тұңғыш әйел атанды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сапардан кейінгі әсерін айтты. – Мұны сөзбен айту…

Толығырақ