Автор: erimbetkaz

Астана. 10 октября. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ресей Президенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді. – Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі. Бізде тұрақты түрде назар аударатын екіжақты мәселелер жеткілікті. Өз тарапымнан Қазақстан-Ресей байланыстарын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты форматтағы осындай кездесулеріміз ынтымақтастығымызды дамыту үшін пайдалы болатынына сенімдімін, – деді Ресей Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қараша күні Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге…

Толығырақ

Ат құлағында ойнайтын 24 жастағы Ернар Жасұзақ ұлттық спортты серік еткен жас спортшы. Ол жақында ғана Кинэс-2025 Қазақстандық рекордтар кітабына енді. Себебі, ол екі аттың үстінде тік тұрып, 2 шақырымды небәрі 3 минут 28 секундта жүріп өткен. Бұл ерекше трюкті орындау үшін Ернар үш ай бойы үздіксіз жаттығып, жылқының бабын келтіріп, дайындық жүргізген. «Екі аттың үстінде тұрып жүру» трюгі көшпенділердің батырлық дәстүрінен шабыт алған өнер. Ернардың айтуынша, бұл идея ұлттық спортқа үлес қосу мақсатында туған. Ұлттық өнерге деген адалдық Ернардың спортқа деген қызығушылығы жастайынан басталған. 21 жасында ат үстіндегі акробатикалық трюктерге ден қойып, кейін ұлттық спортқа бет бұрған. Бүгінде шабандоздық…

Толығырақ

Астана. 10 октября. BM.KZ – Павлодар облысы бойынша экология департаменті «BB-Group KZ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесінде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбағаны белгілі болды. Өңірлік экология департаменті «BB-Group KZ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, қауіпті медициналық қалдықтардың жер учаскесінде дұрыс орналаспау деректерін анықтады. — Компания медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алмаған. Ал қалдықтардың жер учаскесіне орналастырылуы экологиялық заңнама талаптарына қайшы келеді. Заңнамаға сәйкес, қалдықтарды жинақтау тек арнайы жабдықталған және белгіленген орындарда — алаңдарда, қоймаларда, сақтау орындарында…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ – Венесуэла халқының еркіндігі үшін күрескен саясаткер әйел Нобель иегері атанды, деп хабарлады Smartnews. Венесуэлдік оппозициялық саясаткер Мария Корина Мачадо 2025 жылғы Нобель сыйлығының бейбітшілік аталымында жеңімпаз атанды. Мачадо демократиялық қозғалыстың жетекшісі ретінде соңғы жылдары Латын Америкасындағы азаматтық батылдықтың ең жарқын үлгісін көрсетті деп бағаланды. «Мария Корина Мачадо Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қорғау жолында табандылық танытып, елде бейбіт әрі әділ саяси өзгерістер орнауы үшін күресті», — делінген комитет мәлімдемесінде. 57 жастағы саясаткер қазіргі президент Николас Мадуро режимінің басты қарсыласы саналады. Ол 2011–2014 жылдары Венесуэла ұлттық ассамблеясының депутаты болған және 2012 жылғы президент сайлауына қатысқан. Нобель комитетінің…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,00% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады. Мұны реттеуші бағаның шектен тыс өсіп кетуімен түсіндірді. «Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді», – деп жазылған қаржы ұйымының сайтында. Барлық негізгі метрика бойынша инфляцияның өскені байқалды. Жылдық инфляция қыркүйекте 12,9%-ға дейін қарқын алып , Ұлттық Банктің болжамынан асып түсті. Өндіріс шығындары, импорт құнының өсуіне байланысты азық-түлік те қарқынды қымбаттап жатыр.…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ – Қарағанды облысында көпшілікті дүр сілкіндірген оқиға тіркелді: жергілікті фермер өзге адамның жылқыларына оқ атқан. Жануарлар оның жайылымына кіріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform. Нұра ауданының Заречное ауылы маңынан тұрғындар оқ қарудан қырылған жылқыларды тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, барлығы 17 жылқыға оқ тиген, олардың 14-і өліп қалған. Тағы үшеуі жаралы. Куәгерлердің айтуынша, оқ атқан адам — осы ауылдың фермері. Олардың сөзіне қарағанда, шаруа қожалығының иесі өз жайылымына кіріп кеткен табынды автокөлікпен қуып жүріп, жануарларға бірнеше рет оқ атқан. Қанды оқиғадан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыл тұрғындары күдіктінің ірі жер иесі…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ – ҚР Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады. 65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қыркүйектегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны бойынша ақпаратты жариялады. 2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда тұрғын үй сатып алу және сату бойынша 41 313 мәміле жасалды. Бұл — өткен аймен (тамыз) салыстырғанда 0,2%-ға аз. Мәмілелердің ішінен: 8 661 мәміле жеке үйлер бойынша тіркелді, 32 652 мәміле көпқабатты үйлердегі пәтерлерді сату бойынша болды. Ең көп тұрғын үй сатып алынған өңірлер: Алматы қаласы — 8 859 мәміле (барлық мәміленің 21,4%-ы), Астана қаласы — 8 644 мәміле (20,9%), Қарағанды облысы — 3 029 мәміле (7,3%). Ал ең аз мәміле тіркелген өңір…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ — Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы елге жеткізілді. 2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген. — Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды. Биыл қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау…

Толығырақ

Астана. 10 қазан. BM.KZ — Volkswagen мен Mercedes қаржылық ауыртпалықпен күресіп жатыр. Бұл туралы DW жазды. Электр көліктеріне салынған инвестиция тұтынушылардың төмен сұранысына байланысты өзін ақтамай отыр. Нәтижесінде ірі автоөндірушілер ондаған мың қызметкерін жұмыстан шығарған. Немістің өнеркәсібі бұл мәселеден бөлек, аккумулятор өндірісі технологиясында айтарлықтай жетістіктерге жеткен Қытаймен бәсекеге түсіп отыр. — Неміс өндірушілері үшін электромобиль өндірісінің құны өзекті мәселе. Сондықтан біз өндірісті уақытша тоқтатудамыз. Қытай аккумуляторлық технология өндірісі бойынша әлдеқайда алда. Немістің бірде-бір автокөлік өндірушісі алдағы 3-4 жылда онымен бәсекелес бола алмайды, — дейді автокөлік жасау саласындағы сарапшы Даниэль Кирхерт.

Толығырақ