Автор: erimbetkaz

Астана. 14 қазан. BM.KZ – 15 жастағы футболшы Арон Мұса «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. – Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деп жазылған клуб хабарламасында.

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ – Сотталушы Перизат Қайраттың жұмысқа орналасу мәселесі бос жұмыс орнының болуына және оның кәсіби дағдысына байланысты шешіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков айтты. — Оның қабілетін тексеріп, мекемедегі бос жұмыс орнының болуын қараймыз. Егер ол сол талаптарға сай келсе, онда сотталушыны жұмысқа орналастыра аламыз, — деді министр орынбасары. Оның айтуынша, Перизат Қайрат белгіленген карантиннен өтеді. — Мекемеге келгеннен кейін оның қабілетін зерделейміз. Қай бөлімде бос жұмыс орны болса, соны ұсына аламыз. Тігін өндірісімен айналыса алады немесе мекеме ішіндегі шаруашылық бөлімде басқа да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, — деп түсіндірді Абай Қайырбеков.…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ –  Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде 1 466 адам жазасын өтеп жатыр. Соның 971-і жұмысқа жарамды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер мен тергеу изоляторында сотталғандар түгел жұмыспен қамтылған. Ал қауіпсіздігі аралас мекемеде бұл көрсеткіш – 52%. Сотталғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші республикалық деңгейден (54%) жоғары – 75%. — Жүйелі жұмыс нәтижесінде №60 түзеу мекемесінде есепті мерзімде қосымша 5 жеке кәсіпкер жаңа жұмыс орындарын ашты. Жергілікті бюджет қаржысына қосымша модульді жаңа ғимараты салынып жатыр. Сотталғандарға арналған күндізгі стационар жұмысын бастады. Телемедицина іске қосылып, жазасын өтеушілер түгел скринингтен өтті. №68 мекеменің медициналық…

Толығырақ

Астана. 13 октября. BM.KZ – Астана қаласының прокуратурасы психикалық ауруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған және медициналық қарсы көрсетілім тізіміне енген тұлғалардың көлік құралдарын басқару құқығын тексеру нәтижесін жариялады. Талдау көрсеткендей, медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкес көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға тыйым салынған 76 адамның ішінде 6 азаматтың қолданыстағы жүргізуші куәліктері бар екені анықталды. — Осыған байланысты, елорда прокуратурасы жүргізушіге қатысты азаматтық талап арыз беріп, сот 2025 жылғы 2 шілдедегі шешімімен аталмыш азаматтың көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Аудандық прокуратуралар ұқсас талап-арыздық жұмыстар жүргізіп, барлығы 4 талап арыз сотпен қанағаттандырылған, — деп жазды бақылаушы органнан. Талдау нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 16 және…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ – Израильдік кепілге алынғандардың бірінші тобы Газада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды ВВС. Израильдің Каn мемлекеттік телерадиокомпаниясының хабарлауынша, Газада Қызыл Крест ұйымына берілген кепілге алынғандардың бірінші тобында жеті адам бар. Мәліметке сәйкес, олардың арасында Гали және Зив Берман, Матан Ангрест, Алон Охель, Омри Миран, Эйтан Мор және Гай Гильбоа-Даллаль бар. Тель-Авивте Кепілге алынғандар алаңында дауыс зорайтқыш арқылы жасалған хабарландырудан кейін жұрт ду қол шапалақтады. Al Jazeera хабарлауынша, израильдік кепілге алынғандарды Қызыл крест ұйымына тапсыру жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана уақытымен 12:00) аяқталады деп жоспарланған. Еске сала кетсек, 10 қазан, жұма күні…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ – Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласында жұмыс істеген «S-Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу деректеріне сәйкес, ұйымдастырушылар «S-Pharmaceutical» және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен азаматтарды алдаған. Олар салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен. — Қаржы пирамидасына қатысу үшін сайт арқылы тіркеліп, кемінде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген. Күдіктілердің бірі бұған дейін «Life Is Good» және «Finiko» қаржы пирамидаларына қатысып, сол жерден табыс тауып, кейін ұқсас схема арқылы өз жобасын…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ – Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ — Алматыда 9 айда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленіп, үш қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатовтың айтуынша, 2025 жылдың 9 айында есірткіге қатысты 500-ден астам қылмыс ашылды. Заңсыз айналымнан 525 келіден астам есірткі заты, оның ішінде 52 келі синтетикалық және 3 тоннадан астам БК-4 прекурсоры тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 255 миллион теңге мен мүлік мемлекет кірісіне берілді. — Сонымен қатар 2 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, есірткіні өткізу және таратуға қатысы бар 3 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтардың, әсіресе жас ұрпақтың…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ — Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада. Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан…

Толығырақ

Астана. 13 қазан. BM.KZ — Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасап, жалақы көтеру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар мынандай: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру. — Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді, — делінген ведомство хабарламасында. Көлік министрлігінің мәліметінше, Qazaq Air әуе компаниясының 49%-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.

Толығырақ