Астана. 14 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін хабарлады. «Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», — деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа…
Автор: erimbetkaz
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі. «Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей…
Астана. 14 қазан. BM.KZ — Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина елден жексенбі күні Францияның әскери ұшағымен шығарылды, деп хабарлайды BBC. Оппозиция жетекшісі Ситена Рандрианасолониайко президент әкімшілігінің қызметкерлеріне сілтеме жасап Reuters агенттігіне мемлекет басшысының елден кеткенін растады. Дүйсенбі күні кешке президенттің халыққа үндеуі жоспарланған еді, бірақ ол бірнеше рет кейінге қалдырылды. Кейін Мадагаскар көшбасшысы Facebook желісінде өзінің «қауіпсіз жерде» екенін хабарлады. — Бүгін өз өмірімді сақтап қалу үшін паналауыма тура келді. Бірақ мұндай жағдайда да мен тығырықтан шығудың жолын іздеуді жалғастырамын, — деді ол өзінің орналасқан жерін айтпай. Ол сондай-ақ елде тереңдей түскен саяси дағдарысты шешу үшін Конституцияны құрметтеуге шақырды. — Бұл…
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. — Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті, — деді Олжас Бектенов.
Астана. 14 қазан. BM.KZ – 11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді. Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Астана. 14 қазан. BM.KZ – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын баяндады. Министрдің айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6,3% болды. Қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда шамалы баяулау байқалғанымен, нақты сектор мен қызмет көрсету саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. «Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті», — деді Азамат Амрин. Нақты сектордың өсімі – 8,1%, ал қызмет көрсету саласы – 5,3%. Ең жоғары өсім көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде тіркелген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде жеке инвестициялар 7,8%-ға артқан. Аймақтар…
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар күшіне енді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту, соның ішінде жеке өмірге қол сұғатын, бірақ күш қолданусыз жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің аса ауыр қылмыстарға ұласуын болдырмау мақсатында Қылмыстық кодекске сталкинг үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК-тің жаңа 115-1-бабы). – Сталкинг — зорлық-зомбылықпен байланысты емес адамның заңсыз қудалануы ретінде айқындалған. Мұндай әрекетте зорлық белгілері болмағандықтан сталкинг қылмыстық теріс қылықтар санатына жатқызылды. Бұл баптың мақсаты — физикалық күш қолдануға немесе ашық қауіп-қатерге бармаған…
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Газа қаласында ХАМАС ұйымының жүргізген операциясы салдарынан 32 адам қаза тапты. Құрбандардың барлығы — ұйымның бәсекелес кланының өкілдері. Израильмен жасалған атысты тоқтату келісіміне қарамастан, өңірдегі ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Соңғы 10 күнде көптеген қақтығыстар тіркелген, деп хабарлайды Euronews. Кемінде 32 адам Газа қаласында ХАМАС жүргізген бір апталық репрессиялық шаралар кезінде мерт болды. Ұйым оларды «қауіпті топ» деп атаған. Бұл оқиға Израиль мен исламдық қозғалыс арасындағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бірнеше күн өткен соң орын алды. ХАМАС басшылығы бұл әскери қимылдардың нақты нысанын атамағанымен, бұқаралық ақпарат құралдары мен куәгерлердің айтуынша, ұйым шамамен 2000…
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Америка президенті бұл «соғыстың аяқталуы ғана емес, сонымен бірге террор дәуірінің аяқталуы және сенім мен үміт дәуірінің басы» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Кнессет парламентінің депутаттары алдында сөз сөйледі. Трамп мәлімдемесі кепілге алынған 20 адамның Израильге қайтарылуы тұсында жасалды және 2008 жылдан бері жұмыс АҚШ президентінің қызметіне кіріскеннен бергі Израиль парламентіндегі алғашқы сөзі болды. – Екі жыл қараңғы қапаста қамауда болған 20 тұтқын өз отбасыларына оралды. Бұл жаңа Таяу Шығыстың тарихи таңы, – деген Трамп сөзін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен келіссөздерге қатысқан араб және мұсылман елдеріне…
Астана. 14 қазан. BM.KZ – Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсайда шомылуы кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды КазТАГ. «БАҚ пен әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағаны анықталды. Сол себепті бұл әрекетте құқық бұзушылық белгілері жоқ. Кездейсоқ орын алған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген», – делінген экология және табиғи ресурстар министрлігінің дүйсенбі күнгі хабарламасында. Ведомство атап өткендей, бұл оқиға ерекше қорғалатын…