Автор: erimbetkaz

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынған Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан асатын «Көшім» каналы, ұзындығы 3 шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, ұзындығы 2,2 шақырымнан асатын екі электр желісі мен 3,77 шақырымдық сыртқы жарықтандыру жүйесі салынып, бейнебақылау, автоматтандырылған ескерту жүйелері мен бақылау-өткізу пункттері орнатылған. – Жоба жүзеге асқан соң Киров су қоймасының беріктігі артып, тұтынушыларға суармалы су үздіксіз беріледі. Реконструкция нысанның сыйымдылығын ұлғайтып, оның…

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ — «Маңғыстау облысы халықаралық BBC арнасының жаңа бейнематериалының басты кейіпкеріне айналды. «The alien lands once hidden beneath the ocean» («Мұхит түбіне жасырынған тылсым жерлер») атты BBC Reel платформасында жарияланған  бейнеролик өңірдің геологиялық тарихына арналған. Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мәліметінше, материалда Маңғыстаудың жер бетінде сирек кездесетін ерекше көріністері, атап айтқанда, миллиондаған жыл бұрын ежелгі мұхит түбінде қалыптасқан үстірттер, шатқалдар мен жартастар бейнеленген. Сюжет авторлары қазіргі Батыс Қазақстан аумағы ежелгі теңіздің түбі болғанын атап өтіп, бұл өңірдің бедері мен құрылымы өзге ғаламшар ландшафтына ұқсас екенін айтады. Бейнематериалда сондай-ақ Маңғыстаудың мәдени және туристік әлеуеті кеңінен ашып көрсетіледі.…

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Мысырдың Каир қаласында өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі алтын медаль иеленді. Жеке сын бойынша Дегтярев 191 келі салмақты көтеріп, ең жоғары нәтижені көрсетті, сондай-ақ үш әрекеттің жиынтығы бойынша Қытай мен Сальвадор спортшыларын озып, жеңімпаз атанды. Өзінің спорттық мансабы барысында Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуына зор үлес қосып келеді.

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Ақмола облысында, Новобратское ауылы маңында жүнді мамонттың төменгі жағы мен сүйегі табылды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметі. Бастапқы талдау нәтижесіне сәйкес, табылған қалдықтар шамамен 40-50 жастағы ересек мамонтқа тиесілі, ол шамамен 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл таптырмас олжаны агрохолдинг қызметкерлері Әділет Омаров пен Әлжан Рақышев тауып, бірден ҚР Ұлттық музейінің мамандарына хабар берген. Қазіргі таңда экспонат мұражайдың ғылыми зертханасында, арнайы температуралық және ылғалдық режимде сақталып тұр. Ғалымдардың пікірінше, осы маңнан мамонттың тұтас қаңқасы табылуы да мүмкін. «Келесі маусымда ауқымды археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Егер болжам расталса — бұл Қазақстан аумағындағы…

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Қазақстандағы алғашқы әкім сайлауының қорытындысы жарияланды. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін-өзі ұсынған Әділет Қожанбаевқа 89 441 адам дауыс берген. Оның қарсыластары — А.К. Бекжасаров пен Қ.М. Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс жинаған. «Сайлау округінің сайлаушылар тізіміне 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 2482, «Барлығына қарсы» бағанасына таңба қойғандар – 4310″, – делінген Семей аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасында. Әділет Қожанбаев 1980 жылы туған, сайланғанға дейін Абай облысының Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған. 2000 жылы еңбек жолын «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер болып бастаған.…

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Палестиналық ХАМАС ұйымы өз еркімен қарусызданудан бас тартса, АҚШ бұл шаруаны оларға күшпен орындатпақ. Бұл туралы Дональд Трамп Аргентина президенті Хавьер Милеймен Ақ үйде өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды CNN. Трамп мұндай мәлімдемені Аргентина басшысымен кездесуі кезінде айтты. АҚШ президенті ХАМАС-қа ескерту жасап, егер ұйым қару тапсырудан бас тартса, оны АҚШ өзі жүзеге асыратынын қатаң ескертті. Бұл мәлімдемелер Израиль мен Газа секторындағы жағдайға қатысты өткір мәселелер әлі де өзектілігін сақтап тұрған шақта айтылды. – Олар қаруларын тастайтынын айтты. Егер бұл уәде орындалмаса, онда өзіміз қарусыздандырамыз, – деп ескертті Трамп. Ол бұл жұмысты қалай жүзеге…

Толығырақ

Астана. 14 қазан. BM.KZ – Алматы облысында 77 жастағы әйелге дөрекілік танытқан учаскелік полиция инспекторы қызметінен босатылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейдің зейнеткер әйелді күштеп пәтерден шығарып жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан ер адам әйелді қатты итеріп жібергені, ал кейуана баспалдақ тұтқасына соғылғанын байқауға болады. Салдарынан әйелдің бірнеше қабырғасы сынған. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал тәртіпке қайшы әрекет жасаған инспектор жұмыстан шығарылған. — Мұндай жағдайлар — мүлдем жол берілмейтін іс-әрекеттер. Азаматтардың сенімін және полиция абыройын түсіретін қызметкерлерге ішкі істер органдарында орын жоқ және болмайды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Сонымен қатар оқиға орнында болған тағы екі…

Толығырақ

BM.KZ тілшісі қаржы сарапшысы Әсем Ысмағұловамен (суретте) сұхбаттасып, ҚҚС өсімінің себебін, инфляцияға әсерін және оның қазақстандықтарға қалай ықпал ететіні туралы сұрады. Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 8 қазанда өткен Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет отырысының қорытындысы бойынша базалық мөлшерлемені жылдық 18%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Ресми мәлімдемеде қаржы реттеушісі бұл қадамның инфляцияны тежеу, инфляциялық күтулерді тұрақтандыру және теңгеге деген сенімді арттыру мақсатында жасалғанын атап өтті. Базалық мөлшерлеме дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме — экономиканың ақша «температурасы». Егер ол төмен болса – несие арзандайды, адамдар көбірек қарыз алып, көбірек жұмсай бастайды, сөйтіп экономика қызу қарқынмен өседі. Ал егер мөлшерлеме…

Толығырақ

Астана. 14 қазан. BM.KZ – Алексей Цой Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 14 қазан. BM.KZ – Үкімет үйінде өткен брифингте журналистер әлеуметтік желіде тараған автобус жолақысы 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін деген болжамға қатысты сұрақ қойды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі тарифтің өсуіне ықпал ететін жалғыз экономикалық алғышарт – тасымалдау құнының артуы болуы мүмкін екенін түсіндірді. – Мысалы, бензин бағасының өсуі. Бірақ тарифті көтеру туралы шешімді әрбір компания дербес қабылдайды. Бұл таза коммерциялық мәселе: сұраныс пен ұсынысқа байланысты, – деді Азамат Әмрин. Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жолақының 500 теңгеге дейін көтерілуі туралы мәлімдеме – жекелеген сарапшының пікірі ғана екенін атап өтті. – Әрине, қоғамдық көлік халыққа бағытталған, сондықтан жолақының күрт…

Толығырақ