Автор: erimbetkaz

Астана. 16 қазан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Imrat Group» атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Канаданың, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген жалған халықаралық инвестициялық компания ретінде жасырынып, алаяқтар азаматтарға күнделікті 0,5%-дан 1,5%-ға дейін «жоғары табыс» уәде еткен. Қатысу үшін азаматтар арнайы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, криптовалюта әмиянына 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаражат аударуы қажет болған. Алайда шын мәнінде, салымдар тек пирамида ішіндегі қатысушылар арасында қайта бөлініп отырған – төлемдер жаңадан тартылған қаражат есебінен жүргізілген. Қатысушыларды тарту мақсатында күдіктілер заңды инвестициялық қызмет түрінде көрсету үшін белсенді жарнама жүргізіп, кеңселер жалдап, түрлі презентациялар…

Толығырақ

Астана. 16 қазан. ВМ.КZ – Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды. Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.

Толығырақ

Астана. 16 қазан. ВМ.КZ – Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады. Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған. ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Толығырақ

Астана. 16 қазан. ВМ.КZ – Британдық The Guardian газеті 2008 жылы туған әлемнің ең үздік 60 жас футболшысын атады. Тізімге қазақстандық талант, алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев те енді. — Сәтбаев — биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық «Қайраттың» ең жарық жұлдызы. Ол 2024 жылдың мамырында, 16 жасқа толуына үш ай қалғанда, Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, үлкен үміт арқалады және шешуші сәттерде сол үмітті ақтап келеді— деп жазады британдық басылым. Басылым жас ойыншының Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ерекше көзге түскенін жазды. Ол «Олимпия Любляна» қақпасына гол соқты, Финляндияның «КуПС Куопио» командасымен өткен кездесуде жеңіске жеткен камбэктің авторларының…

Толығырақ

Астана. 16 қазан. BM.KZ — Израиль Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы Газа секторына қаза тапқан 45 палестиндіктің мәйітін табыстады, деп жазады Синьхуа. Бұл туралы сәрсенбі күні палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрліктің мәлімдемесінде көрсетілгендей, осы аптада қайтарылған мәйіттердің жалпы саны 90-ға жетті. Қалған 45 адамның мәйіті 14 қазанда тапсырылған болатын. Мәйіттерді тапсыру процесі 10 қазанда күшіне енген бітім туралы келісімнен бірнеше күн өткен соң жүзеге асты. Бұл келісім Мысырдың арағайындығымен жүргізілген белсенді келіссөздер нәтижесінде жасалды. Келісімге сәйкес, Израиль әскері ішінара шығарылып, тұтқындар алмасу және Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізу үшін шекара өткелдерін ашу қарастырылған.

Толығырақ

Астана. 16 қазан. BM.KZ — Петропавлда жоғары қабаттан құлап кеткен әйел бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы 67-де. Қазіргі уақытта оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. — Оқиға 14 қазан күні болды. Әйел Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Медициналық мекемеде оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысқанымен нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заң аясында процестік шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында.

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Graphite компаниясының зерттеуіне сәйкес, ЖИ көмегімен жазылған мақалалар саны желіде жарияланған адам жазған мақалалар санынан асып түсті, деп хабарлайды Kazinform. 2022 жылдың қарашасында ChatGPT іске қосылғаннан бері көптеген компаниялар өз платформаларына — Google Search, әлеуметтік медиа және жарнамалық науқандарға трафикті тарту үшін ChatGPT, Claude және Gemini сияқты негізгі тіл үлгілері арқылы жасалған контентті белсенді түрде қолданды. Бұл мақала үшін жүздеген доллар төленетін адам қолымен жасалатын дәстүрлі контент жасаудың үнемді балама нұсқасына айналды. Көп жағдайларда ЖИ арқылы жасалған контент адам жазған мәтіннен еш кем емес, кейде одан да артық. Тіпті кейде материалды ЖИ жасағанын анықтау қиын. Зерттеу 2024 жылдың қарашасында ғаламторда…

Толығырақ

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Арал мен Каспий теңіздерінің экологиялық проблемаларын шешуге халықаралық деңгейде қатысуды күшейту қажет. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ІІ Astana Think Tank Forum-2025 халықаралық форумында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев айтты. — Қазақстан климат жөніндегі жаһандық күн тәртіпке қомақты үлес қосады. Тиімді климаттық саясатқа 2026 жылы Астанада өтетін өңірлік климаттық саммит септігін тигізеді. Ол Орталық Азия елдері арасында стратегияларды үйлестіру және ұжымдық шешімдер әзірлеу үшін платформаға айналады. Сонымен қатар Астана Арал мен Каспий теңіздерінің экологиялық проблемаларын шешу мен суын сақтауға халықаралық деңгейде қатысуды күшейтуге шақырады, — деді министрдің бірінші орынбасары. Сонымен қатар ол еліміз…

Толығырақ

Астана. 15 октября. BM.KZ – Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. Бұдан бөлек Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Толығырақ

Астана. 15 октября. BM.KZ – Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ