Астана. 17 қазан. BM.KZ – Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Сары Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осыған байланысты ресми түсінік берді. – Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, — деді Айдос Үкібай. Ол сондай-ақ БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайым таратпауға үндеді. – Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын, — деді Үкібай.
Автор: erimbetkaz
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Президент тәртіп, жанашырлық, жәрдем беру секілді өмірлік маңызы бар қағидаларды қоғамда орнықтыру ісінде құтқарушылар өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек деп санайды. – Оқу орындарына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің бейресми қамқорлық көрсету тәжірибесін белсенді түрде енгізген дұрыс. Құтқарушылар қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жастар арасында спортты дәріптеуге зор үлес қоса алады. Бұл – шын мәнінде стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі рухы мықты, салауатты ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі жаһандық өзгерістер заманында ұлт сапасына тікелей әсер ететін жағдай. Осы бағытта Төтенше жағдайлар министрлігі спорт федерацияларымен өзара байланыс орнатып, белсенді жұмыс істегені жөн. Жалпы, бүгінгі таңда спорт…
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында У. есімді азаматқа қатысты кәмелетке толмағанға қатысты зорлау (ҚК 120-бабы 4-бөлігі) және кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру (ҚК 99-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. Жоғарғы сот таратқан дерекке қарағанда, 2025 жылдың маусымында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ды кезіктірген. — Сотталушы У. алкогольдік масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған. Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында…
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты. Қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желі бұған дейін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына таныстырылған болатын. Отырыстың күн тәртібінде қор қызметінің биылғы 9 айдағы қорытындылары қаралды. Президенттің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына назар аударылды. Жамбыл облысында жел энергиясы үшін компоненттер шығаратын зауыт іске қосылды. Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы пайдалануға берілді. Қосшы…
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Өңірде «Таблиғи жамағат» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) діни-экстремистік ұйымының идеясын насихаттаушылар әлі де бар, деп хабарлайды Kazinform. Ведомство мәліметінше, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде соңғы екі жылда «Таблиғи жамағат» ұйымының идеясын насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталған. – Бір тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі бойынша сот үкімі шығып, ол 2 жыл мерзімге миссионерлік сипаттағы діни қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Екінші күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, – делінген хабарламада. Сонымен қатар 5 азаматтың тұрғылықты мекенжайларында тінту жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан аумағында таратуға,…
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Алматыда блогер құлағы дұрыс естімейтін жүргізуші басқарған таксиге отырып, бейәдеп бейнежазба түсірген. Оның бұл қылығына әлеуметтік желінің өзге қолданушылары шағым білдірді. Кейін блогер өз қылығы үшін кешірім сұрап, бейнежазбаны өшірген. Дегенмен, Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторын полиция бөлімшесіне жеткізді. — Қыз балаға қатысты түсіндіру және алдын алу әңгімесі жүргізілді, оның мақсаты – мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады, — деп хабарлады полиция.
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Олардың арасында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Даулет Ермеков пен жедел уәкіл Үсен Сұлтанбаев бар, деп хабарлайды Халықстан. Есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері тәркіленген анашадан пайда таппақ болған. Ал оларды қылмыс үстінде ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. — ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік міндеттерін теріс пайдалануға күдік келтірілген екі полиция қызметкерін ұстады және олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Екі күдікті де қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жабылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Түркістан облыстық полиция департаментінде…
Астана. 17 қазан. BM.KZ – Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ақтаулық жас гроссмейстер Эдгар Мамедов Албанияда өткен 16 жасқа дейінгі юниорлар арасында әлем чемпионы атанған. Албанияда 4 — 15 қазан күндері өткен әлем чемпионатында U14, U16 және U18 санаттарындағы жасөспірімдер бақ сынаған. Эдгар Мамедов осы жарыста U16 санатында алтын медальге ие болып, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Эдгар ойнаған категорияда 143 шахматшы ойнаған. «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымовтың айтуынша, бұл жыл Эдгар үшін ерекше жарқын болды. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды. — 11 турдың қорытындысы бойынша Эдгар 8 ұпай жинады (5 жеңіс, 6 тең ойын және бірде-бір жеңіліс…
Астана. 17 қазан. BM.KZ — Маңғыстау облысының делегациясы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына қазақ халқының құнды қазынасы — жеті қанат ағаш үйін сыйлады. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшылығында өткен салтанатты іс-шара ТҮРКСОЙ мен түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бауырластықты нығайтуға бағытталды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде сыйға тартылған ағаш үй бірлік пен ынтымақтықтың нышанына айналатынын атап өтті. — Ақтау — Түркі дүниесінің мәдениет астанасы мәртебесін үлкен абыроймен алып жүріп, Каспий теңізінің інжу-маржанына, түркі мәдениетінің тоғысқан нүктесіне айналды. Сыйға тартылған бұл ағаш үй – бірлік пен ынтымақтың көне нышанына айналады. Осы орайда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлына тарту үшін алғысымызды…
Астана. 17 қазан. BM.KZ — Алматыда Қазақстан бірінші лигасының футбол чемпионаты аясында жергілікті «Хан-Тәңірі» және Екібастұз командасы арасындағы матч кезінде қайғылы оқиға орын алды. Ойынның 62-минутында «Хан-Тәңірі» ойыншысы Диас Төлеу алаңға құлады. Көп ұзамай футболшыны зембілмен алып кетті. Трансляцияда оның есін біліп жатқанын көруге болады. Аталған оқиғадан кейін үш сағат өткен соң Қазақстан футбол федерациясы Диас Төлеудің қайтыс болғанын хабарлады. — Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ…