Автор: erimbetkaz

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Еліміздің қалаларында интернетке бірыңғай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарлануда. Мұндай жоспарлар туралы Үкімет отырысында баяндалды. Жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастыруды көздейді. Нақтырақ айтсақ, шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады. «Біз құрып жатқан инфрақұрылым Қазақстанның ЖИ-экономиканы қалыптастыру бағытын қолдай отырып, жасанды интеллект негізінде цифрлық сервистер мен шешімдерді дамыту платформасына айналуда», — деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының басшысы Қайрат Ахметов. Бірінші кезеңде жоба 10 қалада 400 орынды қамтиды. 2026 жылға қарай желіні 10 мың қосу нүктесіне дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мыңға дейін…

Толығырақ

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті. Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравиннің өмірден озғаны туралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді. Оның атап өтуінше, Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарының мұрасына арналған бірқатар телерадио бағдарламасын жасады. Қазақ фольклорына шын жүрегімен ғашық, талантты музыкатанушы ретінде халқымыздың дәстүрлі музыкасының бай әлемін тыңдарманға жаңа қырынан танытты.

Толығырақ

Астана. 21 қазан. BM.KZ – АҚШ Президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы пікір білдіріп, Киевтің жеңісі «мүмкін, бірақ ықтималдылығы аз» екенін айтты. Бұл сөзін ол 20 қазанда Австралия премьер-министрі Энтони Альбанеземен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle. «Олар жеңуі мүмкін. Бірақ мен олардың жеңетініне сенбеймін. Теория жүзінде бәрі мүмкін, бірақ шын өмірде бұл оңай емес», — деді Трамп CNN арнасына берген сұхбатында. Бұған дейін Трамп мүлде басқа көзқараста болған еді. Шамамен бір ай бұрын ол «Еуропа мен НАТО қолдаса, Украина барлық жерін қайтарып алады» деген болатын. «Уақыт пен сабыр, сонымен қатар Еуропа мен НАТО-ның көмегі арқылы…

Толығырақ

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Үкіметте сөз болған денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты көтерілген мәселелердің бірі — дәрігер тапшылығын азайту, ауыл-аймақтарды білікті медицина мамандарымен қамтамасыз ету. 2025 жылы еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарын 10,5 мың маман тәмамдады, олардың 34%-ы ауылдардағы медициналық ұйымдарға бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары. Өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып, биыл 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бері 16 тапшы мамандық бойынша ауылдарда жұмыс істеп жүрген 254 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. 2025 жылы тағы 105 маманға осындай қолдау көрсетілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта…

Толығырақ

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Орынбор газ өңдеу зауыты жұмысының тоқтатылуы Қазақстанға газдың жеткізілуіне кері әсерін тигізген жоқ, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуынан туындаған жағдайға байланысты ресми түсініктеме жасады. Ведомство атап өткендей, БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралған «Астана мен басқа да өңірлерде газ тапшылығы болуы мүмкін» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. — Қазір елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде, толық көлемде және еш шектеусіз жеткізіліп келеді. Газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер есебінен қамтамасыз етіліп жатыр. Жеткізілмеген газ көлемі қолданыстағы келісімшарт аясында жедел түрде толықтырылуда. Сондықтан ішкі…

Толығырақ

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 70 мекеме қызметкерлері тексеру барысында заңсыз әрекетті әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері сәлемдемеге тексеріс жүргізу кезінде жазғы аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон, екі SIM-карта және екі USB-шнурды тапты. Белгілі болғандай, аталған тыйым салынған заттарды мекемеде қамауда отырған танысына жеткізбек болған 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде азамат өз кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. — Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының аясында «Қайрат» және «Пафос» арасында ойын өтеді. Матч 21 қазан сағат 21:45–те басталады. Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, ойын күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі. — Жанкүйерлерге матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіру және қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылады. Бұл шаралар кезектердің алдын алып, барша көрермен үшін жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді, — деп хабарлады ведомство.

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Сейсенбі күні президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды. Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те. Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады. Ведомство атап өткендей, олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) екені анықталды. — Қостанай облысы мен Астанада — әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында — әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында — бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі ғана Қазақстан, — делінген хабарламада. Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те. Айта кетейік, елімізде Астана есімді 24 адам бар.

Толығырақ

Қазақстандағы спорт федерациялары бүгінде жай ұйым емес — ықпалы мен беделі бар жабық элиталық клубтарға айналған. Мұнда спорттан гөрі саясат пен ірі капиталдың ойыны көбірек сезіледі. Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жүйені ашық сынға алды. Ол федерациялардың көбі спортты дамыту орны емес, бедел мен ықпал жинайтын алаңға айналып кеткенін айтты. BM.KZ тілшісі осы мәселені зерттеп көрді. Ірі бизнес өкілдерінің қамқорлығы спортқа шын пайда әкеле ме, әлде, керісінше — федерацияларды саясат пен қаржы мүдделерінің қолшоқпарына айналдырып отыр ма? Sport Qory-ның дерегіне сүйенсек, тек 2024 жылдың өзінде Қазақстан спортына 30,8 миллиард теңге (шамамен 64 миллион доллар) жұмсалған. Бұл қаржының 70 пайызы…

Толығырақ