Астана. 22 қазан. BM.KZ – Үкімет 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштерін ұсынды. Дамудың басым шараларына 1,4 трлн теңге қайта бөлінді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылға арналған бюджеттің негізгі бағыттарын баяндады. «Бюджет параметрлері келесідей қалыптасты. 2026 жылға түсімдер 23,1 трлн. теңге деңгейінде болжануда. Оның ішінде, трансферттерді есептемегенде, кірістер 19,2 трлн теңгені құрайтын болады. Экономиканың өсіміне, Жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, ағымдағы жылмен салыстырғанда кірістер 3,6 трлн. теңгеге ұлғайып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына алып келетін болады», –…
Автор: erimbetkaz
Қазақстанда бес жыл бұрын тауарды цифрлық таңбалау тәжірибесі басталған. Бүгінге дейін темекі, аяқ киім мен дәрілік заттар таңбаланып келсе, келесі жылдан бастап сыра, жеңілөнеркәсіп, мотор майы, зергерлік бұйымдар мен киіктің мүйізі таңбалана бастайды. Сондай-ақ, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), косметика, тұрмыстық химия, газ баллондары мен өсімдік майына міндетті таңба енгізілуі мүмкін. Заңсыз айналымнан 5 млн темекі қорабы алынған Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстанда алдымен темекі өнімдері таңбалана бастады. Ресми дерекке сәйкес, таңбалау басталғалы салық түсімдері артып, заңсыз сауда көлемі азайған. Бүгінде 6 млрд темекі қорабына код енгізілген. Сонымен қатар, былтыр заңсыз айналымнан жалпы құны 12,8 млрд теңгенің 5 млн темекі қорабы…
Астана. 22 қазан. BM.KZ – Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің Қазақстаным!» атты акцияны бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жастар үйлердің балкондарына көк туымызды іліп қойды. Жалпы Астана көшелерінде 1000-ға жуық ту ілініп тұр. Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл акция елорда көшелеріндегі жүрген астаналықтар мен қала қонақтарына жүрек тебірентер әсер сыйлады. Астаналықтар акцияға қосылып жатыр. — Жыл сайын отбасымызбен осы челленджге қатысамыз, балконға ту іліп қоямыз. Бұл қарапайым әрекет, бірақ символдық мәні бар. Қаладағы ілініп тұрған туларды көргенде, елің үшін мақтаныш сезімі кернейді, — деді Сарыарқа ауданының тұрғыны. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік рәміздерін орналастыру туралы…
Астана. 22 қазан. BM.KZ – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2025 жылғы республикалық бюджетті қарау кезінде енгізілген маңызды өзгерістер мен түзетулер туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің ресми парақшасында жазба жариялады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2025 жылғы республикалық бюджетті талқылау барысында депутаттар енгізген нақты өзгерістерді жария етті. Оның айтуынша, халық жиі қоятын «Бюджетті қарағанда нақты не істедіңіздер?» деген орынды сұраққа жауап ретінде, осы жолғы бюджетте маңызды әлеуметтік бағыттарға қосымша қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау саласында — 37 млрд теңге қосымша қаржы 20 млрд теңге — онкологиялық науқастарды емдеуге; 5 млрд теңге — онкогематологиялық ауруларды (лейкемия және т. б.) емдеуге; 8 млрд теңге — гемодиализ қызметін қаржыландыруға;…
Астана. 22 қазан. BM.KZ – Жетісу облысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында сәтті операция жүргізді. Нәтижесінде Кербұлақ ауданының тұрғыны ұсталды. Polisia.kz порталының мәліметінше, аталған азамат өз үйінде екі сұңқар мен қолдан жасалған торды заңсыз сақтап келген. Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, олардың жағдайы бақылауға алынды. Полиция табиғатты қорғауға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — еліміздің табиғи байлықтарын сақтау және экологиялық тепе-теңдікті бұзатын әрекеттердің жолын кесу. Құқық…
Астана. 22 қазан. BM.KZ – Қаржы министрлігі айналым мерзімі 5 жыл болатын 1,5 млрд доллар көлеміндегі егеменді еурооблигацияларды халықаралық капитал нарығына сәтті шығарды. Жаһандық инвесторлардың тарапынан бұған жоғары қызығушылық байқалып, түпкілікті кіріс деңгейі 4,412% көлемінде және АҚШ қазынашылық облигацияларына спрэд 85 базистік тармақ мөлшерінде болды — Қазақстанның еурооблигациялар нарығына қатысқан кезеңіндегі ең төменгі көрсеткіш. Өтінімдер кітабы 4,4 млрд доллардан асып, бұл сұраныстың ұсыныстан едәуір артуын қамтамасыз ету мен мәміленің баға өлшемшарттарын оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бағалы қағаздардың шығарылымына Еуропа мен АҚШ-тың көптеген ауқымды институционалды инвесторы қатысып, сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның егеменді борышын орналастырылуына қатыспаған жаңа қатысушыларды қоса алғанда, Азия мен Таяу…
Астана. 22 қазан. BM.KZ – UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» пен «Пафос» (Кипр) кездесуі аяқталды. Командалар бұл турнирде биыл алғаш рет қатысып отыр. Дегенмен алғашқы екі турда олар қарсыластарына есе жіберді. Сондықтан ойын барысында екеуі жеңіске күш салатыны анық еді. Алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысқан алматылық клуб шабуылға көңіл бөлді. Осындай сәттердің бірінде кипрлік клубтан Жоау Коррея «Қайрат» қорғаушысы Луиш Матаға қарсы дөрекі қимыл көрсетті. Оны англиялық төреші Крис Кавана небәрі 4-минутта бірден алаңнан қуды. Жасыл алаңда он ойыншымен қалған «Пафос» ендігі кезекте негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Қазақстандық команда шабуылға шыққанымен лайықты тойтарыс берді. Нәтижесінде бірінші…
Астана. 21 октября. BM.KZ – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Баку мен Ереван арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», — деді Ильхам Әлиев. Еске салсақ, кеше Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Екі ел Президенттері Астанада келіссөз жүргізді. Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойды.
Шымкент. 21 қазан. BM.KZ – Бұрынғы халық қалаулысы, шымкенттік кәсіпкер Қуаныш Дәулетәлиевке қатысты сот екінші мәрте іздеу жариялады. Ол Ескендір Жамбаев түсірген жеке шағым бойынша Қылмыстық кодекстің «Қорлау» бабы бойынша айыпталып отыр. Жамбаевтың айтуынша, экс-депутат балағат сөздер айтып, ар-намысына тиген және қорқытқан. «Балағаттап, ар-намысыма тиіп, қорқытып, қоқан-лоқы көрсетті. Себебі мен оның екі баласына қатысты алаяқтық дерегі бойынша арыз түсіргенмін. Сот әділ шешім шығарып, балалары жазаланды. Содан кейін маған жекеше кек сақтаған сияқты», – деді жәбірленуші. Іс Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жабық режимде қаралып, үкім шығаруға жақындаған тұста айыпталушы сот отырысына себепсіз келмей қойған. «Сот қаулы етті. 1976…
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіптік меншік, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Мемлекет басшысы ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Әзербайжан…