Астана. 21 қазан. BM.KZ – Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіптік меншік, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Мемлекет басшысы ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Әзербайжан…
Автор: erimbetkaz
Ұлттық спорт – қазақ халқының руханияты мен болмысының айнасы. Сол бай мұраны дәріптеп, ат үстіндегі өнерді заманауи жастардың арасында кеңінен насихаттап жүрген жас спортшылардың бірі – Азат Түлкібай. Шымкент қаласының тумасы, бүгінде елімізді ғана емес, халықаралық аренаны да бағындырып жүрген шабандоз. «Ауылдан шыққан чемпион: Азат Түлкібай және теңге ілудің жолы» Мемлекет тарапынан ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Соңғы жылдары облыстық, республикалық деңгейде ұлттық спорт шаралары, жарыстар мен турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл өз кезегінде теңге ілу мен аударыспақ, бәйге, көкпар сынды ойындардың танымалдығын арттырып, жастардың қызығушылығын оятты. «Бұл мен және өзге жастар үшін үлкен мәртебе», – дейді…
Астана. 21 қазан. BM.KZ — Алматыда 2026 жылы наурыз айында іске қосылатын Air Astana әуе компаниясының жаңа Токио-Алматы тікелей рейсінің қарсаңында Жапонияның ең ірі туроператорлары қазақстандық туристік индустрия өкілдерімен кездесті. Іс-шараны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Air Astana әуе компаниясы және Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырды. Жапон серіктестерінің бұл сапары Қазақстан мен Жапония арасындағы туристік әрі іскерлік серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Кездесуге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты. B2B форматындағы кездесу барысында тараптар бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру, туристік өнімдерді дамыту және Алматыны «жапон саяхатшылары үшін шығыстың баурап алатын жаңа орталығы» ретінде қалыптастыру…
Астана. 21 қазан. BM.KZ — Алматының Алатау ауданында мәйіт табылды, деп хабарлайды Kazinform. Әлеуметтік желіде «Alatau city» тұрғын үй кешені маңында адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы зорлық белгілері жоқ мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. — Алдын ала мәліметтер бойынша тұрақты мекенжайы жоқ адамның өліміне өткір жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Сізді мемлекеттік сапарыңыз аясында Қазақстанда қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Қазақстан мен Әзербайжан тек достас елдер емес, сондай-ақ бауырлас халықтар. Сондықтан Сіздің еліңізбен сан қырлы ынтымақтастықты өркендетуге баса мән береміз. Қазіргі кезде Әзербайжан Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен халықаралық аренадағы абырой-беделін елеулі түрде арттырды, өз өңірінде ықпалды мемлекет ретінде өте маңызды рөл атқарады. Біз үшін Әзербайжанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты және саяси серіктестікті нығайту – аса өзекті міндет,…
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Жиналған деректер мемлекетке агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауылдық жерлердегі тұрмыс сапасын арттыру және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша неғұрлым дәл әрі негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстанда 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды. Бұл санақ БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ауыл шаруашылығы санақтарының оныншы Дүниежүзілік бағдарламасы аясында өткізілді. Еліміз бойынша шамамен 1,6 млн үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы нысаны қамтылды. Санақтың сауалнама парағында жер пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасының болуы, егіс алқаптарының көлемі, тыңайтқыш қолдану, мал шаруашылығы, еңбекпен қамту және басқа да маңызды көрсеткіштерге қатысты сұрақтар қамтылды. Ақпарат ірі аграрлық кәсіпорындардан, фермерлік…
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы бұл туралы KIA Qazaqstan автомобиль зауытының ашылуында айтты. Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты. — Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын, — деді Президент.…
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін Kia Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды Президент қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті. – Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға…
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов телефон және интернет- алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аудартты. «Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет. Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
Астана. 21 қазан. BM.KZ – Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. «Балалардың цифрлық кеңістікте қорғалуын қамтамасыз ету үшін Sim Kids жобасының тәжірибесін кеңінен тарату керек», — деді Олжас Бектенов. Sim Kids жобасына балаларды интернет-қатерлерден қорғау үшін жасалған жаңа буын өнімі – KID Security кіреді. Қызмет трафикті сүзеді, ата-ана бақылауын, қоңырауларды жазуды және тыңдауды қамтамасыз етеді, тіпті үнсіз режимде де балаға қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдерінде толығымен локализацияланған, отбасылық тарифке кіреді және 2025 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылды.