Автор: erimbetkaz

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасында жаһандық додада ел қоржынына екі жүлде түсті. Грек-рим күресінен 97 келідегі Иусуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкоға 1:6 есебімен есе жіберді. — Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ұтты, — делінген Спорт комитетінің жазбасында. Иусуф Мациев бұған дейін — 2022 жылы Болгария төрінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында да күміс медаль иеленген еді. Ал ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді Мерей Мәулетханов  салды. — Қазақстандық балуан 72 келіге дейінгі салмақ…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Атырау қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары көрші пәтерден шыққан жағымсыз иіс пен санитарлық жағдайдың нашарлығына алаңдап, полицияға хабар берген. Тексеру барысында полицейлер пәтердің тұрмыстық қалдықтарға толып, санитарлық талаптарға мүлде сай келмейтінін анықтаған. Тұрғын үй ішінде екі кәмелетке толмаған бала болған. Ведомство мәліметінше, балалар қолайсыз отбасыдан алынып, полицияның бақылауына қойылды. Оларды уақытша бейімдеу орталығына орналастыру үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен шаралар қабылданып жатыр. — Кәмелетке толмаған балаларға қолайлы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етпеген ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінен. Қазіргі уақытта тиісті…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді кейінге қалдырғанын хабарлады, деп жазады Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Бұл қазір дұрыс шешім емес деп ойладым. Біз күткендей нәтиже бермейтінін сездім. Сол себепті кездесуді болдырмадым. Бірақ болашақта оны міндетті түрде өткіземіз», деді АҚШ басшысы журналистерге Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен кездесуден кейін. Бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетіні жөніндегі шешімнің әлі қабылданбағанын айтқан. Кейінірек ол Будапештте келіссөз өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал түпкілікті шешім алдағы күндері қабылданатынын нақтылаған. Батыс БАҚ-тарының хабарлауынша, келіссөзге дайындық жұмыстары уақытша…

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Нұрсұлтан Шаймерденов 20 жылға бас босандығынан айырылды. Сонымен бірге жәбірленушілерге 10 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовке үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Ұрлық» баптарымен айыпты деп танылды. — Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша 16 жыл, 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 4 жыл 8 ай, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. А.Айсағалиевтің атынан берілген азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылсын. Сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовтен 2 837 321 теңге, заңды өкілінің шығыны ретінде 3 млн теңге, моральдық шығын 10 млн теңге өндірілсін. Заттай айғақтар жәбірленуші тараптың…

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әзербайжанның жүк транзитіне қойған шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол жеткізгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Kazinform. — Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл өте маңызды мәлімдеме және мен Әзербайжан президентіне бұл қадамы үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ Қазақстан президенті мен Грузия премьер-министріне осы келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін алғысымды білдіргім келеді, — деп мәлімдеді Пашинян Тбилисидегі Жібек жолы форумында.

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті. — Қазір мораторий аясында бағаны ұстап тұрмыз. Бірақ келер жылғы бағаға қатысты айта алмаймын… Қазақстанда әлеуметтік салаға қолдау көрсету саясаты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, отын бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Себебі, бұл сала халықтың өмір сүруіне жағдайына әсер ететінін ескере отырып. Сондықтан бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, — деді Е. Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Айта кетейік, таяуда Үкімет бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғайту шешімін жария еткен болатын. Осы орайда биылғы 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға…

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. — Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттырып жатыр. Шикізат қабылдаудың уақытша тоқтатылуы мен өндірудің қысқартылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпеді. Қазақстандық тұтынушылар алдындағы барлық міндеттемелер толық орындалды және орындалуын жалғастырып жатыр, — делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ, Қарашығанақта отандық газ өңдеу зауытын салу стратегиялық маңызға ие жоба ретінде белгіленген. Бұл жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асыратын…

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026 — 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Осы орайда палатаның Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында ең төменгі жалақының мөлшерін көтеру ұсынылған. — Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты (Мәжілістің) Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді, — делінген Мәжіліс комитетінің ақпаратында.

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Елдің оңтүстік-батысынан табылған үш маса Culiseta annulata түріне жатады, деп хабарлайды DW. The Guardian басылымының жергілікті ғалымдарға сілтеме жасап хабарлауынша, масалардың бұл түрі суыққа төзімді болып келеді, әрі қыс мезгілінде жертөле мен амбар секілді жылы орындарда жасырынып, Исландияда тіршілік ете алады. Бұған дейін Исландия — Антарктидадан бөлек, Жер шарындағы масалардың тұрақты популяциясы болмаған жалғыз аймақ саналып келген. Ғалымдар бұл құбылысты жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Климатологтердің мәліметінше, Исландия Солтүстік жарты шардағы ең тез жылып келе жатқан елдердің бірі саналады.

Толығырақ

Астана. 22 қазан. BM.KZ – 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп (2024 жылы — 1,4 млн тонна). — Экспорт көлемі негізінен Орталық Азия және Кавказ елдері бағытында артқаны байқалады. Мәселен, Өзбекстанға экспорт көлемі 41%-ға өсіп, 568 мың тоннадан 801 мың тоннаға жетті. Ал Тәжікстанға 3,8%-ға өсті (236 мыңнан 245 мың тоннаға дейін), ал Қырғызстанға жеткізілім 2,6…

Толығырақ