Автор: erimbetkaz

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Алматылық «Қайрат» футболдан 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Биыл ел біріншілігінде соңғы турға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Бас жүлдеден алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» негізгі үміткер болды. Доп додасының бітуіне бір тур қалғанда «Қайрат» 58 ұпаймен бірінші орында, ал «Астана» 56 ұпаймен екінші орында тұрды. Бұл ойында алматылық команда кем дегенде тең нәтижеге қол жеткізсе, екінші жыл қатарынан чемпион болатын мүмкіндігі бар. Ал елордалық клуб үшін тек жеңіс қажет. Кездесу барысында «Астана» бірден алға қарай ұмтылды. Ойынның 15-минутында елордалық клубтан Марин Томасов мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Таразы басын теңестіруге ұмтылған «Қайрат» бірінші кезеңде…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Былтыр Талғарда кісі қолынан мерт болған 16 жастағы Шерзат Болаттың ата-анасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында мәлім етті. Заңгер Мейірман Шекеев Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың жаңа қонысына қонақ болып қайтты. «Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді. Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқа да Алла разы болсын! Гүлбарам ханымның жүзінен куанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды! Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан алтын медаль жеңіп алды. Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы аралас құрамдағы командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті. Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құраманың сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай өнер көрсетті. Алғашқы хаттама бойынша Иран құрамасы күміс, Тайбэй құрамасы қола медаль иеленген болатын. Кейін хаттама қайта қаралып, Иран командасы жарысты аяқтамаған деп тіркелді. Осыған байланысты Тайбэй екінші…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі. Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады. Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш.…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Францияның солтүстігіндегі Лангр қаласында орналасқан «Дени Дидро ағарту үйінен» XVIII ғасырдағы алтын және күміс монеталардың шамамен 2000 данасы бір түннің ішінде ұрланып кетті, деп хабарлайды BILD басылымы. Мамандардың айтуынша, бұл монеталардың көпшілігі бірегей үлгілерге жатады. Алдын ала деректер бойынша, қылмыскерлер әрекеттерін кәсіби деңгейде ұйымдастырған, яғни олар нақты нені іздегенін жақсы білген. Тергеушілер соңғы айларда мұндай жағдайлар жиілеп кеткенін айтады. Қыркүйек айының басынан бері Франциядағы бірнеше мұражай мен коллекциялар тоналған. Қазан айының ортасында оңтүстік-батыстағы Сарран коммунасында орналасқан Жак Ширак мұражайы екі тәулік ішінде екі рет тоналған. Ұрылар бұрынғы президент Жак Ширакқа берілген дипломатиялық сыйлықтар, зергерлік бұйымдар…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова 2026 жылы жеке табыс салығына қолданылатын прогрессивті шкала қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. — 2026 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға бірдей салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен фермерлік шаруа қожалықтарынан басқа жеке тұлғалардың бәрі дивиденд түріндегі табыстан бөлек табысының бәріне прогрессивті шкала бойынша жеке табыс салығын төлейді. Бұл үшін табыс көлемі жылына 8500 айлық есептік көрсеткіштен (36 млн теңге) жоғары болуы керек. Жылдық табысы бұл сомаға жетпейтіндер 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығын төлейді. Ал бұл сомадан асқандардың бәрі 15 пайыз төлейді. Сонда бізде прогрессивті…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 23-орында тұрған канадалық, 19 жастағы Виктория Мбокомен бетпе-бет келді. Елена Рыбакина үшін бұл матчтың маңызы зор еді. Осы кездесуде ұтса, ол қараша айында Эр-Риядта өтетін жылдың қорытынды турниріне жолдама алатын еді. Бірінші партияда Елена 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте тай-брейкте Елена Рыбакина есесін жібермеді — 7:6 (7:4). Бір сағат 26 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Мбоко 2 эйспен шектелді. Осылайша, қазақстандық теннисші WTA чемпиондық кестесінде ресейлік Мирра…

Толығырақ

29 қыркүйекте Қазақстан алғашқы Alem Crypto Fund цифрлық валюта қорын іске қосты. Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді. Қордың басты мақсаты – цифрлық активтерге ұзақмерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру. Министрліктің түсіндіруіне қарағанда, болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады. Серіктес таңдауда неге конкурс жүрмейді? Айта кетерлігі, қор жұмысы басталмай жатып Binance Kazakhstan криптобиржасы оның стратегиялық серіктесі болып шыға келді. Ол әлемдік цифрлық актив экожүйесі саласындағы компаниялардың бірі – жаһандық Binance криптобиржасының құрылымына…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Өндірісті өркендетуге және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы…

Толығырақ

Астана. 24 қазан. BM.KZ – Ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Polisia.kz. Талдықорғанда полицейлер республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. — Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдай тергеу барысында мұқият тексеріледі, — делінген ведомство таратқан ақпаратта. Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануы…

Толығырақ