Автор: erimbetkaz

Астана. 28 қазан. BM.KZ – Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жұлқа көтеруде Әскербай үздік мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Әлихан өз рекордын өзі жаңартты. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады. Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынға табан тіреді.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Қазақстан ұлттық құрамасы регбиден Оман астанасы Маскат қаласында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турниріне қатысып, 15 команданың ішінен үздік шықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. Жерлестеріміз барлық кезеңде жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бәсеке топтық кезең, плей-офф, ширек финал, жартылай финал және финал форматында өтті. Қазақстан құрамасы өз тобында Қырғызстан, Сауд Арабиясы және Қатар командаларымен сынға түсіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп, топта бірінші орынмен сенімді түрде knockout кезеңіне жолдама алды. Топтық кезең (1-күн, 25 қазан): Қазақстан – Қырғызстан: 44:0 Қазақстан – Сауд Арабиясы: 27:0 Қазақстан – Қатар: 34:7…

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Абзал Нүкенұлы Нүкенов лауазымынан босатылды, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  — Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Полицейлер Луврдағы тонау ісі бойынша екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ТАСС. Le Figaro басылымының хабарлауынша, күдіктілердің бірі Париждің Руасси-Шарль де Голль әуежайында Алжирге ұшпақ болған кезде ұсталған. Екінші күдікті Сен-Сен-Дени департаментінен табылды. Ол Малиге қашуды жоспарлаған. – Мұражайдан ұрланған 8 асыл зат, сондай-ақ іске қатысы бар тағы екі күдікті әлі табылған жоқ, — деп жазды аталған басылым. Екі күдіктінің бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Енді оларға «қылмыстық топ құрамында қарақшылық жасады» және «қылмыс жасау мақсатында қылмыстық ұйымға қатысу» баптары бойынша айып тағылып отыр. Осыған дейін Париждегі Луврге ұры түсіп, онда Наполеонның әшекейлері қолды болғаны туралы жариялағанбыз.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы елшісі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау 26-30 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға барады. АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында жоғары лауазымды дипломаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметінің өкілдерімен экономика және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін кездеседі. Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы серіктестерімен қарым-қатынасты нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін ынтымақтастықты жалғастырады. — Біз елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдіреміз және C5+1 дипломатиялық платформасы аясында АҚШ пен Орталық Азия серіктестігінің онжылдығын атап өтеміз, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Байқоңыр ауданында екі қабатты шауашылық корпусында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ. Құзырлы орган таратқан ақпаратқа сәйкес, осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндіруде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасауда. Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – 2025 жылғы 26 қазанда «Алматы – Мәскеу» бағыты бойынша пойыз жолға шығып, Қазақстан мен Ресей арасындағы тікелей теміржол қатынасы ресми түрде жанданды. Алғашқы рейспен шамамен 40 жолаушы сапарға аттанды. Жаңа бағыттағы пойыз құрамына биыл отандық «ЗИКСТО» АҚ зауытында шығарылған заманауи жолаушылар вагондары енгізілді. Купе және плацкарт вагондары жетілдірілген дыбыс оқшаулау жүйелерімен, заманауи желдеткіш және санитарлық тораптармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондар қарастырылған. Құрамда 36 орындық бір купе вагоны және 52 орындық бір плацкарт вагоны бар. «Алматы – Мәскеу» бағытындағы вагондар Саратов станциясына дейін №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында жүреді. Саратовта вагондар…

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Жамбыл облысында бірнеше жігіттен құралған белгісіз топ қызды көпшіліктің көзінше көлікке күшпен отырғызып, алып қашқан. Белгілі болғандай, біраз уақыттан кейін қыз босатылған және зардап шекпеген. Алайда полиция бұл жағдай бойынша «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бірнеше адамның қызды күштеп көлікке отырғызып жатқаны анық көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға тұрмыс құру мақсатындағы «алып қашу» операциясымен байланысты болуы мүмкін. Полиция департаменті аталған дерек әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықталғанын мәлімдеді. — Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, тергеуге алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы —…

Толығырақ

Астана. 27 қазан. BM.KZ – Шығыс Қазақстан облысында алданған үлескерлер екі миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылды. Осыған байланысты бірқатар құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соның бірі – «Royal Finance Group» компаниясы салған «Emeralds» тұрғын үй кешені. Компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. — Сот айыпталушыларды үлескерлердің қаражатын жымқырғаны үшін алты және жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Іс материалдары апелляциялық сатыда қаралып жатыр, — деп хабарлады ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінен. «Emeralds» кешенінің құрылысына барлығы 106 үлескер тартылып, 115 пәтерге келісімшарт жасаған. Келтірілген жалпы залал мөлшері — 1,8 миллиард теңге. — Нысанда алғашқы екі…

Толығырақ