Астана. 28 қазан. BM.KZ – Финляндия Президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында 15 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында: 1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндия Республикасының Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану бағытындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Фин су форумы (Finnish Water Forum) және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасындағы су ресурстарын цифрландыру және басқару…
Автор: erimbetkaz
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Жарылыс үйдің жертөлесінде болған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шақырту бүгін, 28 қазанда сағат 09:03-те түскен. -28 қазан күні сағат 09:03-те 32 шағын аудандағы «Азия» тұрғын үй кешені 83 үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы сигнал түсті. Бұл жерге департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкері және 4 техника барды, — делінген хабарламада. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 5 адам жеткізілген. Оның екеуі 2010 және 2015 жылы туған балалар, ал үшеуі ересек. 1973 жылғы науқастың жағдайы ауыр, денесін 50-55 пайыз күйік шалған. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Екінші 2003 жылғы азаматқа алғашқы медициналық көмек…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы базасында 1962 жылы туған қайтыс болған донор әйелден көп мүшелі орган алу операциясы сәтті жүргізілді. Донордың туыстарының ізгі ниеті мен келісімінің арқасында бірден бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды: •жүрек – 1988 жылы туған науқасқа, •бауыр – 1982 жылы туған науқасқа, •оң бүйрек – 1996 жылы туған науқасқа, •сол бүйрек – 1966 жылы туған науқасқа, ол трансплантацияны 2017 жылдың қазан айынан бері күтіп келген, •көздің қасаң қабығы (роговица) – 1983 және 1956 жылдары туған екі науқасқа салынды. Бұл күрделі әрі жауапты процесті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация мен жоғары…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда террорлық актінің алдын алғанын мәлімдеді. ҰҚК 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алған. «Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды. Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған. Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Ақтөбе қаласында мобильдік «bingo37.pro» қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қарсы сот үкімі шығарылды. Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрбіріне «логин», «пароль» және ойындарға кіруге сілтеме берілген. Заңсыз онлайн‑казиноның күн сайын 150 000‑нан 200 000‑ға дейін түсіп отырған. Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма‑қол айналымға өткізген. Айта кетсек, ұйымдастырушыларының бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған. Сот үкімімен тоғыз кінәлі адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 226,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 297,3 центнер өнімділікпен 3,8 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 333,4 ц/га өнімділікпен 497,5 мың тонна қырыққабат, 429,9 ц/га өнімділікпен 1058,5 мың тонна пияз, сондай-ақ 283 ц/га өнімділікпен 387,7 мың тонна сәбіз жиналды. Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылы ATP негізгі турнирінде бір маусымда 34 жеңіске жетті, бұл оның ең жақсы нәтижесі болды, деп хабарлайды Sports.kz порталы. Championat.com сайтының мәліметінше, Бубликтің бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші 2021 жылы 33 жеңіс болған. Александр Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің бірінші айналымында 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол аустралиялық Алексей Попыринді (рейтингіде 47-орында) 6-4, 6-3 есебімен жеңді. Екінші айналымда Бублик Корентин Муте (Франция) мен Райлли Опелка (АҚШ, LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі жеңімпазы – германиялық теннисші Александр Зверев. Өткен жылғы финалда ол француздық Уго Умберді жеңген…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергия жүйесін біріктіру және оңтүстік аймақ желісін күшейту жұмыстары еліміздің барлық өңірін энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Республиканың Батыс аймағын Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру, сондай-ақ Оңтүстік аймақтың желілерін күшейту қолға алынды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру еліміздің барлық өңірін энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір пайыз қосылған қуат көзі экономиканың өсуіне, жаңа инвестициялардың келуіне жол ашады», — деп ата өтті Премьер-министр. Бұл жоба еліміздің энергетикалық жүйесін ілгерілетуге және оның дербестігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндіктен, KEGOC компаниясына аталған жұмысты жеделдету міндеті жүктелді. Бұл ретте…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдегі электр энергиясының тапшылығын жоюға арналған жоспарды таныстырды. — 2026 шамамен 2 600 МВт қуат көзін, оның ішінде жиынтық қуаты 174 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, — деді министр. Бұл нысандар Алматы (544 МВт және 557 МВт), Текелі (17 МВт), Атырау 59,6 МВт қалалары мен Қызылорда (240 МВт), Түркістан (1000 МВт) облыстарында іске қосылады. — 2027 жылы қуаты шамамен 1 500 МВт, оның ішінде қуаты 573 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылы 2 000 МВт-тан астам қуат көзін, оның…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның әйеліне қатысты сот процесі басталды. Алайда жәбірленуші Брижит Макрон сотқа қатыспайды, деп хабарлайды ВВС. Айыпталушы 8 ер адам мен екі әйел Эммануэль Макронның жұбайын ер адам болып туылды деп жалған ақпарат таратқан. Сотталушыларға 72 жастағы Брижит пен 47 жастағы Макронның жас айырмашылығына қатысты жала жабу туралы мәлімдеме жасады деп айып тағылды. Брижит Макронның адвокатына сілтеме жасаған AFP агенттігінің хабарлауынша, президенттің әйелі бірінші сот отырысына келмеген және сотқа келуді жоспарлап отырған жоқ. Есесіне оның қызы Тифани Озьер сотта куәлік бере алады. Он айыпталушының қатарында сайланбалы лауазымдағы шенеунік, галерея иесі, мұғалім және…