Астана. 30 қазан. BM.KZ — «Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның әсерінде болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюін тудырады. Тек 30 қазанда солтүстік пен орталықта, 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: күндіз батыста 5-10 градус, солтүстік пен орталықта 2-10 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 8-7 градус, шығыста 8-18 градус…
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Энергетикалық қауіпсіздік және маңызды минералдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да бөлек талқыланды. Е.Көшербаев Астана Вашингтонды экономикалық реформалар мен модернизацияны жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтып, тұрақты экономикалық өсуге бағытталған бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Жамбыл облысында Шу аудандық соты көршісіне қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін айыпталған ер адамның ісін қарады. Бұл туралы Жамбыл облысының соты хабарлады. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде Шу ауданының Төле-би ауылында екі көршінің арасында жанжал туындаған. Біреуі екіншісіне уақытша құрылыс құралдарын беруден бас тартып, соңы ұрыс пен төбелеске ұласқан. «Сотталушы Д. үстелде жатқан пышақты ұстап алып, Б.-ның іш тұсына бір рет соққы жасады. Жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, Шу қалалық ауруханасына жеткізілді», — делінген сот хабарламасында. Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыға 3 жылға бас…
Астана. 29 қазан. BM.KZ – Абылай хан көшесіндегі тұрғын үйдің маңында орналасқан полиция бекетінің терезесін сындырған 51 жастағы адам ұсталған. Тексеріс барысында ол терезені әдейі сындырғаны белгілі болды. «Ер адам қамауға алынды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», — деді ІІМ өкілі. Айта кетейік, жыл басынан бері елордада вандализм дерегі бойынша 230-ға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Астана. 29 қазан. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды. Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Астана. 29 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі. Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге…
Астана. 29 қазан. BM.KZ – Ямайкада «Мелисса» дауылына дайындық кезінде үш адам қаза тапты. Дауыл салдарынан аралда өмірге қауіп төндіретін жел тұрып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Anewz. АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, «Мелисса» максималды желмен Ямайкаға қарай 281 км/сағ жылдамдықпен жылжып келеді. Дауыл түнде солтүстікке қарай жақындап, сейсенбіде солтүстік-шығысқа бағытталады деп болжанды. Ямайка премьер-министрі Эндрю Холнесс осал аймақтардан халықты эвакуациялауға бұйрық берді. Ол тұрғындарды үйде болуға және эвакуация туралы бұйрықты орындауға шақырды. — Мен әрбір ямайкалықты дайындалуға, дауыл кезінде үйде болуға және эвакуация туралы бұйрықтарды орындауға шақырамын… Біз бұл дауылға қарсы тұрамыз және барлығын қалпына келтіреміз, — деп жазды Холнесс. Сондай-ақ дауыл Гаити…
Астана. 29 қазан. BM.KZ – Теректі аудандық сотында Теректі ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бас бухгалтері Наталья Мустивко мен бухгалтері Ирина Журавскаяға қатысты үкім шықты. Сот талқысында белгілі болғанындай, Н.Мустивко есеп үстелінің бухгалтері И.Журавскаямен алдын ала сөз байласып, 2023-2025 жылдары жалақы төлеуге арналған қаржыны жымқырған. Сотталушылар кітапхана директорының электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, SWIFT-құжатын рәсімдеу арқылы қаржыны өздерінің есепшотына аударып отырған. Осылайша, олар Теректі ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне барлығы 45 млн 989,905 мың теңге материалдық залал келтірген. Сот отырысында Н.Мустивко мен И.Журавская кінәсін толық мойындап, қылмыстық іс-әрекетке қаржы қиындықтары мен денсаулықтарындағы кінәратқа байланысты барғандарын айтты. Сот үкім шығарған кезде сотталушылардың ерікті…
Астана. 29 қазан. BM.KZ – 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 666 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 561 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 280 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 3 884 және 988 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 036 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3…
Астана. 29 қазан. BM.KZ — 2025 жылда 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықт әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 42,1% – Қытайдан, 4,5% – Түрікменстаннан, 2,6% – Ресейден, 2,6% – Монғолиядан және 2,5 басқа елдерден. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,8%-ды және зейнеткерлер 8,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 28,4%-ы орта кәсіби…