Автор: erimbetkaz

Астана. 1 қараша. BM.KZ — 2025 жылдың 5 қарашасында Ай Жерге барынша жақындайды. Арақашықтық бар болғаны 356 832 шақырымды құрайды. Бұл туралы «Казинформ» хабарлады. Астрономдардың айтуынша, толық Айдың бұл көрінісі – биылғы нағыз және жалғыз супер Айы болып саналмақ. Себебі ол өз параметрлері бойынша басқа барлық толық Ай көріністерінен асып түседі. Супер Ай – бұл толық Ай фазасы мен Айдың Жерге барынша жақындайтын сәтінің (перигейдің) тұспа-тұс келуі. Сол себепті Айдың дискі әдеттегіден ірі әрі жарық болып көрінеді. Биылғы супер Ай кезінде ол 7,9% үлкенірек әрі 16% жарығырақ болып байқалады. Толық Ай фазасы Астана уақытымен 5 қараша күні сағат 18:20-да басталады.…

Толығырақ

Астана. 1 қараша. BM.KZ — Қазақстан құрамасы 22-31 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өткен үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнерін көрсетуін аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Отандастарымыз 93 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлде. Бірінші орынға 147 медальмен (63 алтын, 49 күміс, 35 қола) Қытай құрамасы ие болды. Өзбекстан 81 медаль (37 алтын, 16 күміс, 28 қола) еншілеп, екінші орынға жайғасты. Қазақстандық спортшылар жиырмадан астам спорт түрі бойынша бақ сынап, жүлделі орындармен қатар, бірнеше рекорд жаңартты. Ауыр атлет Әлихан Әскербай бірден бірнеше жоғары жетістікке қол…

Толығырақ

Астана. 1 қараша. BM.KZ — Энергетика министрлігі жанармай бағасы мен жеткізілуіне қатысты азаматтардың шағымдарын тіркей бастады. Министрліктің хабарлауынша, кей өңірлерде бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ, автогаздың қолжетімділігі бойынша өтініштер түсіп жатыр. Сондықтан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен жасанды тапшылық жасауға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қоюға көшкен. Сондай-ақ, бензин мен дизель отыны бойынша ведомство барлық қажетті көлемнің өңірлерге жоспарға сәйкес жөнелтілгенін және мұнай базаларында жеткілікті қор бар екенін атап өтті. Сол себепті тапшылыққа негіз болатын объективті себептер жоқ. «Ал сұйытылған мұнай газы бойынша, өндіруші зауыттардың біріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — Түркістан облысында дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды. Қайғылы жағдай, Шардара ауданындағы оқу орындарының бірінде орын алды. Бала сабақ үстінде құлап, жарақат алған. 11 жастағы жасөспірімге білім ұясында алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханада ота жасау барысында жан тапсырған. «Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасы бірден бақылауға алды. Алдын ала мәліметке сәйкес, дене шынықтыру сабағында оқушы жаттығу барысында құлап, жарақат алған. Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды», – деп жазылған Түркістан облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде. Қазіргі таңда оқушының өліміне қатысты полиция тарапынан…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — Қазақстан шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау мақсатында бірқатар елмен еңбек келісімін жасау бағытында жұмыс істеп жатыр. — Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша шетелде 156,7 мың отандасымыз жұмыс істеп жүр. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясында – 128,8 мың адам, Корея Республикасында – 15,2 мың адам, Польшада – 2,6 мың адам, ал Ұлыбританияда – 1,4 мың адам еңбек етеді. Шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау мақсатында өткен жылы Қазақстан мен Қатар үкіметі арасында еңбек ету туралы келісімге қол қойылды, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.  Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алады. Бұл – қазіргі сәтте Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. 2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін виза…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді мүмкіндігін ұсынатын «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 3 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және соңғы бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады. Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады. Өтінім беру тәртібі мен кезеңдері туралы банк парақшасындағы «Наурыз» бөлімінде жарияланған. Бағдарлама шарттарына…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ның маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі мемлекетке залал келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл мақсатта ол өзімен байланысты «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген. Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған. Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор…

Толығырақ

Астана. 31 қазан. BM.KZ — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды KASE. – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (KASE – BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 14 қазанындағы шешімімен Қ.Б.Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, — делінген хабарламада. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Айта кетейік, Президент Шарлапаев пен Дүйсенованы көмекші қызметінен босатқанын жазған болатынбыз.

Толығырақ