Астана. 3 қараша. BM.KZ — Қазақтар мен мұсылмандарды «мамбет» деп кемсіткен жазбалардан кейін қоғамның қатты сынына ұшыраған блогер Алика Мұхамадиева сотта өз кінәсін мойындап, соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Orda.kz. Алика Мұхамадиева соттағы соңғы сөзінде өз ісіне өкініп, барша халықтан кешірім сұрады. Ол жазған жазбалары үшін қатты ұялатынын айтып, соттан рақымшылық танытуды өтінді. «Барша ренжіген адамдардан тағы да кешірім сұраймын. Маған өте ұят, шын жүректен өкінемін. Сот үкім шығарғанда менің кінәмді мойындағанымды, өкінішімді және кішкентай қызым бар екенін ескерсеңіздер екен», – деді Мұхамадиева. Сондай-ақ, ол сотта өз сөзінде жалғыз қызының қасында болу үшін бәрінен де бас тартуға дайын екенін, өмірдің…
Автор: erimbetkaz
Астана. 3 қараша. BM.KZ – 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі дұрыс жұмыс істемей, тұрғындарға дер кезінде хабарлама келмеген. Алматы прокуратурасының хабаралауынша, ведомство бұл жайт бойынша тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесінде жүйені сатып алу кезінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу барысында «TNS-INTEC» ЖШС бас директоры сапасыз жабдық жеткізіп, жалған актілер рәсімдеу арқылы аса ірі көлемде мемлекет қаражатын иемденгені дәлелденді. Алматы гарнизонының әскери соты іс бойынша үкім шығарды. – Жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқан Алматы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдері…
Астана. 3 қараша. BM.KZ – Таиландтың Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жібек Құлымбетова алтын медальді жеңіп алды. Ж.Құлымбетова 48 келіге дейінгі салмақта отандасы Райхан Абдуллаевамен белдесті. Олардың екеуі де Алматы облысынан еді. Осылайша, елуден астам мемлекет өкілдері қатысып жатқан жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті. Мақсат Мұратұлы жаттықтыратын Жібек Құлымбетова тұңғыш рет ересектер арасында топ жарды. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында 11 дүркін әлем чемпионы атанған еді. — Бангкок қаласында 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, жеңімпаз атандым. Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес. Бұл –…
Астана. 3 қараша. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Күдіктілердің қатарында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар. Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2022-2023 жылдары лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына жүйелі түрде заңсыз аударып отырған. — Қылмыстық схеманың мәні материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеуге негізделген. Құжаттарда жол жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған техника жалдау, сондай-ақ бұрын орнатылған…
Астана. 3 қараша. BM.KZ – Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған. — Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Астана. 3 қараша. BM.KZ – Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасын қосу туралы келісімге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды. «Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады», – деп атап өтті ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев. Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы — 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс күтілуде –…
Астана. 3 қараша. BM.KZ – Дүкенде мұздатқыш қондырғысының өртенуі кесірінен 1 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. — Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданында Асқар Тоқпанов көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдегі дүкендердің біріндегі өртті сөндірді, — деп хабарлайды ТЖМ. Зардап шеккендер жоқ.
Астана. 3 қараша. BM.KZ — АҚШ-тың ядролық қаруы басқа елдермен салыстырғанда көбірек. Дональд Трамп бұған дейін жарияланған АҚШ ядролық сынақтар жүргізетіні туралы жазбасын растады, деп хабарлайды CBS арнасы. CBS арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық сынақ жүргізетінін растады, бірақ оқтұмсық жаруды меңзеп тұрғанын нақтылаудан бас тартты. -Бізде басқа елдерге қарағанда ядролық қару көп. Ресей екінші орында. Қытай үшінші орында, бірақ бес жылдан кейін ол қуып жетеді. Білесіз бе, олар қаруды өте жылдам шығарып жатыр және менің ойымша, біз ядролық қарусыздану мәселесінде бірдеңе істеуіміз керек. Бізде әлемді 150 есе жарып жіберуге жеткілікті ядролық қару бар, — деді Трамп…
Астана. 3 қараша. BM.KZ — Қазгидромет дерегінше, республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, қар, жаңбыр және көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстік-шығысы мен батысында ғана күн жауын-шашынсыз өтеді. Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Таулы аймақтарда тұман, Талдықорғанда түнде –1–3 градусқа дейін аяз күтіледі. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында боран мен көктайғақ күтіледі. Көкшетауда желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында жаңбыр мен қар аралас, көктайғақ болады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 20 м/с дейін күшейіп, өңірдің оңтүстігі мен батысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Абай облысында кей жерлерде желдің күші 23–28 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ пен тұман, сондай-ақ 25 м/с дейін жел соғады. Жамбыл облысында түнде…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Қарағанды облысының тұрғыны 1978 жылы алған КСРО паспортын жаңасына ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. «Мен 1978 жылы паспорт алған едім, содан бері оны уақтылы жеке куәлікке алмастыруға мүмкіндігім болмады. Осындай жанашыр полицейлердің бар екеніне шын жүректен ризамын», – деп жазды өз алғыс хатында Ольга Кирихкеслер. Ол көші-қон қызметі қызметкерлеріне өз мәселесін шешу кезінде көрсеткен ілтипаты мен жедел жұмысы үшін алғыс білдірді. Осылайша, 1974 жылғы үлгідегі кеңестік паспортын жаңартып, Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігіне ие болды. Басылым мәліметінше, бұл жеке жағдай емес. Биыл өңірде осындай қиындыққа тап болған 142 адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұған дейін олар түрлі…