Автор: erimbetkaz

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханның YouTube желісіндегі арнасына берген сұқбатында елімізде көп әйел алуды заңдастыру керегін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ. Сұқбат барысында Абзал Құспан көп әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол екі әйел алуға қарсы екенін бірден кесіп айтты, бірақ оның жеке ұстанымы басқалардың көп әйел алуына кедергі емес екенін атап өтті. Абзал Құспан Қазақстанда заң бойынша көп әйел алуға тыйым салынғанымен, оған ешқандай жауапкершілік қарастырылмағанын атап өтті. Оның айтуынша, елде ауқатты адамдардың көбінің бірнеше әйелі бар, тіпті кейбірі бес әйелге дейін алған. Құспанның айтуынша, бұл мәселеге қатысты қазіргі жағдай ерлердің көп әйел…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Алматыда 2019 жылы болған Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкімі шықты. Сот марқұм ұшқыштар — Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаевты Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (әуе көлігін басқару немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, әрекеттің абайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша кінәлі таныды. Олардың өмірден өтуіне байланысты қылмыстық жаза тағайындалған жоқ. Сот жарыссөзінде прокурор Айдос Палманов ұшақ апатына әуе кемесін басқарған ұшқыштар кінәлі екенін айтты. Ал жәбірленуші тараптың адвокаты қаза тапқан ұшқыштарды ақтап, олардың орнына Алматы халықаралық әуежайы мен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін жауапқа тартуды сұрады. Сондай-ақ ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Қазақстанда көз ауруларын емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға түскен өтініш саны күрт артты. БЖЗҚ дерегі бойынша, қазанда 15,4 мың өтініш орындалған. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда шамамен 10 есе көп. Ал жыл басынан бері сегіз ай ішіндегі орташа көрсеткіштен 73 есе жоғары. Бұған назар аударған Бірінші несие бюросының хабарлауынша, қазанда жалпы зейнетақы қорынан 13,3 млрд теңге төленген. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 9 есе, ал қаңтар-тамыз аралығындағы орташа көрсеткіштен 83 есе жоғары. Қыркүйекте көз ауруларын емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты 1611 өтініш орындалған. Жалпы сомасы – 1,4 млрд теңге. Мұндай өсім зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге жұмсау мүмкіндігі тоқтатылғаннан кейін байқалды. Қаржы мониторингі…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын. Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын дайындады. Тұжырымдамалық құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанған ақсақал Салтанат Түйтебаев елге оралды.  80 жастағы қария көпке үлгі көрсетіп, жүгіруді күнделікті әдетіне айналдырған. Марафоншыны әуежайда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, туған-туыстары құшақ жая қарсы алды. «Әлемде ең беделді саналатын 6 марафон бар. Олар Лондон, Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио қалаларында өтеді. Бұл бәсекеге тек жарна төлеп қана қатыса алмайсың. Арнайы уақыт нормативін орындауға тиіссің. Мен Амстердамдағы трассада белгілі бір уақыт көрсеткішін тіркеп, Нью-Йорк марафонына қатысуға өтініш жібергенмін. Биыл 200 мың үміткер арасынан шақырту алдым. Өз карьерамда екінші мәрте Нью-Йорк…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ — Германияда қайтыс болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева ісіне қатысты Қазақстанда жаңа қылмыстық істер тіркелді. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбақова Instagram парақшасында хабарлады. Еске сала кетсек, 2025 жылдың маусым айында Германия аумағында экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған болатын. Адвокаттың айтуынша, қайғылы оқиғадан бері бір жарым жыл өтсе де, Германиядағы құқық қорғау органдары тарапынан істі тергеуде айтарлықтай ілгерілеу жоқ. — Қазақстан аумағында Айгүлге жасалған азаптаулар фактісі бойынша қылмыстық іс тіркей алдық. Оның құрбылары Донцовтың қолынан алған дене жарақаттарының фотосуреттерін ұсынып, куәлік берді, — деді адвокат. Оның мәлімдеуінше, неміс полициясы әрекетсіз отыр және күдіктілерді іздестіру…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – АҚШ-та жергілікті басқару органдарын сайлау шарасы өтті. Бірқатар штатта тұрғындар губернаторды, мэрді және мен қалалық кеңес мүшелерін таңдады. Бұл сайлаудағы ең үлкен жаңалық Нью-Йоркте болды — 34 жастағы демократ Зохран Мамдани қала мэрі болып сайланды. Ол Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр және кейінгі жүз жылда осы қызметке келген ең жас саясаткер атанды. Мамдани 49,6% дауыс, оның басты қарсыласы Куомо – 41,6%, ал Слива 7,9% дауыс жинады. Бұл жеңіс Мамданидің Нью-Йорк саясатындағы шамамен бір жыл бұрын науқанын бастағаннан бері күрт көтерілгенін көрсетеді. Ол штаттың заң шығарушы жиналысының танымал емес мүшесінен бастап Американың ең ірі қаласының көшбасшысына…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Қазақстанның фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеу жүргізілетін бірқатар дәрілік заттар бағаларының төмендегені байқалады. Өзгерістер жаңартылған баға белгілеу механизмін жүзеге асыруға байланысты, ол препараттардың құнын қалыптастыру ашықтығын және болжамдылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті. Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді. Рецептіден тыс босатылатын тағы 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды және өкілетті органның тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіліп нарықтық бағалар бойынша өткізіледі. 2025 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг өткізді. Зерттеуге бес фармакологиялық топқа: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы,…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Конституциялық Сотқа құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерінен өтініш келіп түсті. Ол алкогольге байланысты медициналық куәландырудан бас тарту қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық болып танылуы мүмкін деген заң нормасына күмән келтірді. Дәл осы себеппен ол қызметінен босатылған, деп хабарлайды Конституциялық Соттың баспасөз қызметі. Өтініштің мазмұны «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-тармағы 13) тармақшасының және 80-бабы 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты, онда құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін жұмыстан босату үшін негіздер айқындалған. Бұған дейін өтініш беруші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот оны сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Осыдан…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды. — ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қаза болғандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Толығырақ