Автор: erimbetkaz

Астана. 4 қараша. BM.KZ – Қайтарылған активтерді басқаратын компания бұрын тәркіленген мүлікті, соның ішінде сәнді сағаттар, зергерлік бұйымдар және аксессуарларды сатылымға шығарды. Аукционға барлығы құны 520 млн теңгеден асатын 42 сәнді зат қойылды. Әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдары мен сағаттардың көбі сатып алушыларын таппады. Сатылған жалғыз зат — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен алынған «қынабындағы самурай қылышы» болды. Оның сату бағасы 540 мың теңге. Бұған дейін қылыштар, монеталар және басқа да қайтарылған активтер аукционда 10 млн теңгеге сатылған. Сондай-ақ Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы Оқу-ағарту министрлігіне берілген. Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы 1,8 млрд теңгеге…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — 2025 жылы 2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. — Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген ресми…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, аталған компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы ретінде көрсеткен. Азаматтарға салған қаражатының 300 пайыздан 800 пайызға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған. Жоба шарттары бойынша салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған. — Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылып,…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады. Ол астық сақтау сыйымдылығы республика бойынша 30,7 млн тоннаны құрайтынын атап өтті, оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда – 13,3 млн тонна, шаруаларда – 17,4 млн тонна орын бар. Жаңа жиналған егіннен элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. «Сақтауға тапсырылған жұмсақ бидайдың 53%-ы жоғары сапалы түріне жатады, 35%-ы – төртінші сынып, 12%-ы – төменгі сынып және сыныпсыз астық», — деді Айдарбек Сапаров.

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Аймақта итбалықтардың жаппай қырылуы қайта басталды. Кеше 3 қарашада Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы жағалаудан 112 Каспий итбалығынның өлексесін тапты. Экологтардың хабарлауынша, мамандар Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізген. — Сонымен қатар, облыстық балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында, 112 бас Каспий итбалығының өлекселері анықталды. Оның ішінде, Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін – 39 бас, Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутино мүйісіне дейін – 73 бас, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — 2025 жылғы 4 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда абай болу ескертіледі. — Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау, жолдардағы көктайғақ пен төмен көріну жағдайларын ескеру ұсынылады, — делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында. Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қостанай облысының тұрғыны аса қатыгездікпен екі адамды өлтіргені үшін 19 жылға сотталды. Сот дерегінше, 2025 жылдың шілде айында айыпталушы отбасылық жанжал кезінде жұбайына және оның анасына бірнеше пышақ жарақатын салған. Жарақат салдарынан екі әйел оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін ер адам қашып кеткен. Мемлекеттік айыптаушы оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушілер өкілі де қатаң жаза тағайындауды талап еткен. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Сот Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын атап өтті. Істе жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар анықталмаған. Қылмыстың сипатын және айыпталушы туралы…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қарағанды облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел іс-шара барысында полицейлер ірі интернет-дүкен иесін ұстады. «Қарасора» жедел операциясы кезінде Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген. Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone маркалы ұялы телефон, 200 000 теңге көлемінде ақша, салмағы шамамен 2 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді. Ал тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды. — Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Тергеу барысында «HRT» компаниясының салымшыларға самокат сату және жалға беру арқылы пайда тапқаны анықталды. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінен хабарлады. — Компанияның аймақтық филиалын ашып, пайда табуды көздеген Т.Теңелбаева компания қызметімен толық танысып, «Telegram» желісіндегі «Remo 888» аккаунты арқылы кері байланыс орнатқан. Кейін «HRT» жүйесіне жаңа салымшыларды тіркеу арқылы пайдасын арттыру жоспарын құрған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ол әр салымшыдан 15 пайыз көлемінде сыйақы алып келген. Осылайша облыс аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, жалпы көлемі 33 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Аппеляциялық сот үкімімен Т. Теңелбаева ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 218-бабы…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде екінші кездесуін өткізді. Қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кортқа шықты. Бұған дейін қарсыластар өзара он рет кездесіп, соның алтауында Швентек басым түскен еді. Бүгінгі ойынның маңыздылығы сол, онда ұтқан теннисші жартылай финалға жолдама алатын еді. Өйткені Рыбакина да, Швентек те, алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткен болатын. Бірінші партияда Швентек басымдылық танытты — 6:3. Бұдан кейін Елена дес бермеді — 6:1, 6:0. Бір сағат 38 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 7 брейік-пойнттың бесеуін пайдаланды. Швентек 2 эйс, 1 брейкпен (3…

Толығырақ