Автор: erimbetkaz

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында туа біткен жүрек кемістіктері бойынша италиялық мамандардың мастер-кластары өтті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Тәжірибе алмасу шеңберінде олар күрделі хирургиялық араласуды қажет ететін алты балаға сәтті операция жасады. Бүгінгі таңда кішкентай пациенттердің жағдайы тұрақты, асқынулар байқалмайды. Операциялар төрт-алты сағатқа созылды. Барлық пациенттер механикалық желдету аппаратынан ажыратылады, төрт бала әрі қарай емдеу үшін бөлімшеге ауыстырылады. Сондай-ақ, италиялық кардиохирургтар 80 балаға консультация беріп, қазақстандық әріптестерімен бірге терапияны түзетіп, пациенттердің жағдайын бақылай отырып, реанимация бөлімшесінде күнделікті айналымға қатысты. Мастер-класты «Оspedale del Сuore. Fondazione Toscana Gabriele Мonasterio» кардиологиялық орталығының мамандары (Масса…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Түркістан облысы, Түлкібас ауданында атыс орын алып, 3 адам жараланды. Олардың екеуі аяғынан жарқат алған. Бірінің денесіне бірнеше жерден оқ тиген. Ал, бір адамның жүрегіне оқ тиіп, ажал құшты. Оларға белгісіз азаматтар қаннен-қаперсіз уақытта оқ жаудырған. Қазіргі таңда, екі жәбірленуші ауруханада жатыр. «Стационарлық емге түскен науқастың санына, балтырына, табан сүйектеріне оқ жарақаты тиген. Ал, екінші науқастың тек табан сүйегінде жарақаты бар. Қазіргі таңда, науқастардың жағдайы тұрақты. Емі хатамаға сәйкес тазаланып, алынды. Тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты»,-деді Түлкібас аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Жансұлу Ақылбаева. Ауыл тұрғындары жағымсыз жағдайдан шошынып қалған. Үрейленгені соншалық беймезгіл уақытта…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Қазақстан аумағынан сәуір айының аяғына дейін бұқашықтарды шығаруға тыйым салынды. Тиісті бұйрық 5 қарашада күшіне енді. Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 8 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасы бұқашықтарды (ІҚМ) әкетуге тыйым салу шарасын қажет болған жағдайда ВАК-қа шығармай, одан әрі автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 416 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды. — Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге 2026 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы мерзімге тыйым…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — 5 қараша күні кешке Қызылорда облысы Шиелі ауданының Тартоғай стансасындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. — Алдын ала мәлімет бойынша «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жол қозғалысы ережелерін бұзып, Тартоғай стансасындағы қараусыз теміржол өткелінде Маңғыстау-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызымен соқтығысты. Соның салдарынан автокөлік жүргізушісі медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. «Қазақстан темір жолы»…

Толығырақ

Аға буын қайраттықтар кезінде Кеңес футболының алып командаларын сескендірген еді. Қазір «Қайрат» футбол клубы нағыз жұлдызды сәтін өткеріп отыр. Екі жыл қатарынан ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасына қатысуы – Қазнетті дүр сілкіндіріп, елде футболға деген қызығушылықты арттырды. Алайда, жанкүйерлердің көбі 1980-жылдары бұл клубтың өз «алтын дәуірі» болғанын біле бермейді. 1986 жылы команда КСРО чемпионатында жетінші орын алып, аз-ақ қалған еурокубок аймағына ене алмады. Ал «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов сол жылы турнирдің ең әдемі голының авторы атанған болатын. Алматылық клубтың бұрынғы капитаны BM.KZ тілшісіне берген сұхбатында не себепті сол кездегі «Қайрат» КСРО чемпионы бола алмағанын, кеңестік футболшылар қанша жалақы алғанын…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ – Қарағанды облысында полиция есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды облысының полиция департаменті “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында өңір аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 5 қараша күні полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның көмегімен Қарағанды қаласының Сортировка кентінде кең ауқымды арнайы операция өткізді. Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын есірткі заты —…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ – 6 қарашаға қараған түні Қазақстан президенті Вашингтонға сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Ақорда мәліметінше, бейсенбі күні мемлекет басшысы Құрама Штаттар президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері де қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Айта кетейік, Трамп 6 қарашада Орталық Азия елдерінің басшыларымен келіссөз жүргізетіні қазанның аяғында мәлім болған. Атап айтқанда, 26 қазанда Тоқаев Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдаған.

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ – 6 қарашада таңертең Астана қаласындағы базарлардың бірі өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік мәліметінше, базар елорданың Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан. Қазір астаналық өрт сөндірушілер көтерме-бөлшек сауда базарындағы өртті сөндіріп жатыр. Нақты мәліметтер бойынша ангар үлгісіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутик өртенді. Оқиға орнында жедел штаб жүр. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрт сөндірушілер келген кезде от лаулап тұрды. Оның үстіне ғимарат құрылысының ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру қиындады. Бұған қоса қатты түтін өрт сөндірушілерге кедергі жасады. Құтқарушылар ғимаратта адамдардың бар-жоғын тексерді. От тұтанған сәтте оның ішінде ешкім болмаған. Базардағы…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді. Осыған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті ұтқан қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді. Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан М.Киз ауырып қалуына байланысты матчтан бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты. Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Бір сағат 13 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 8 эйспен…

Толығырақ

Астана. 5 қараша. BM.KZ – Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімі жасалды, бұл әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді. Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады: ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»; ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс; ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»; ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ; ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра; ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ; отандық өнім шығарудың…

Толығырақ