Автор: erimbetkaz

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында өткізілген авиациялық қауіпсіздіктің кешенді аудитінің (USAP-CMA) нәтижелерін ресми түрде жариялады. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болды. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден (72,01) және Еуропа елдерінің көрсеткішінен (87,92%) жоғары. ҚР Азаматтық авиация комитеті мәліметіне бойынша, Қазақстанның нәтижесі ТМД елдері мен ИКАО-ның Еуро-Азиаттық (EUR/NAT) аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде: Әзербайжан — 74,66% Өзбекстан — 85,47% Қырғызстан — 85,76% Грузия — 89,75% Беларусь — 91,85% Ресей — 94,14%. Таяу өңірлерде осындай көрсеткіштер төмендегі…

Толығырақ

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады. – Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз. Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін, – делінген құттықтауда. Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында…

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ – Қырғи-қабақ соғыс кезеңіне тиесілі құпия есептерді 3 мың фунтқа сатып алуға болады. Бұл туралы Kazinform жазды. Лондондағы сирек кітаптар сатумен айналысатын Peter Harrington антикварлық дүкені британ үкіметінің Орталық Азияға барған дипломаттарының 1950-жылдардың соңы мен 1960-жылдардағы сапарлары туралы ресми есептер жинағын сатылымға шығарған. Бұл ерекше құжаттар топтамасының бағасы – 3 мың фунт стерлинг. Жинаққа бұған дейін құпия сақталған есептердің бірқатары енгізілген. Құжаттарда британ дипломаттарының кеңестік Орталық Азияны қалай қабылдағаны жөнінде тың деректер мен сол дәуірдің ерекше көрінісі қамтылған. Мәтіндерде жергілікті тұрғындармен кездесулер мен әңгімелердің нақты, өмірден алынған эпизодтары суреттелген. Peter Harrington дүкенінің сипаттамасына сәйкес, жинақ он машинкамен…

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ – Стамбұлдың Бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға «геноцид» жасады деген айыппен қамауға алу туралы ордер берді. Бұл туралы DW жазды. Сонымен қатар, Израиль үкіметінің тағы 36 өкіліне, сондай-ақ, бірқатар саяси және әскери тұлғаларға да ордер шығарылған. Бұл туралы түрік прокуратурасы қараша айының 7-сі, жұма күні кешке «X» әлеуметтік желісінде хабарлады. Олардың қатарында Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац, ұлттық қауіпсіздік министрі және ультраоңшыл «Оцма Йехудит» («Еврей күші») партиясының жетекшісі Итамар Бен-Гвир, сондай-ақ Израиль қорғаныс армиясының Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Эяль Замир бар. «Израиль Газа секторында жүйелі түрде жасап отырған геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстардың салдарынан әйелдер…

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ — Бүгін таңертең Павлодар қаласындағы жекеменшік мектептің құрылыс алаңында еден плитасы құлаған жердегі іздестіру жұмыстары аяқталды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, құтқарушылар кинологиялық есептер мен тепловизорды қолдану арқылы плитаның құлау салдарынан жоғалған ер адамның орнын анықтады. Өкінішке қарай, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Құтқарушылар оның денесін үйінді астынан тауып, алып шыққан. «Мемлекеттік органдар тарапынан марқұмның отбасына жан-жақты қолдау мен қажетті көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Павлодар қаласының әкімдігі марқұмның отбасына құрылыс нысанында жұмыс жүргізген мердігер ұйым мен тапсырыс беруші – жеке кәсіпкер тарапынан көмек көрсетілуін бақылауға алады», – деп жазылған әкімдік мәлімдемесінде.

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ — Димаш Құдайберген Мысырда өтетін концертке қатысатынын жариялап, тыңдарманына үндеу жасады. Әнші бұл туралы 7 қараша күні өзінің Instagram парақшасында бейнежазба жариялау арқылы хабарлады. Онда Қазақстанның халық әртісі алдағы кешті асыға күтетінін жеткізген. «Қуана хабарлаймын: 30 қараша күні мен The Pyramids Echo фестивалінде өнер көрсетемін. Бұл – музыка мен махаббатқа толы екі сағаттық концерт болады. Барлығыңызды көргенше асыға күтемін! Сіздерді жақсы көремін, қымбаттыларым!» – деді Димаш Құдайберген. Фестиваль 2025 жылғы 24-30 қараша аралығында Гиза пирамидалары кешенінің маңында өтеді. Биылғы шараның тақырыбы – «Өркениеттердің бесігі… Өнер мен мәдениеттер тоғысқан кеңістік». Бағдарлама аясында классикалық оркестрлер, жеке орындаушылар мен…

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ — «Павлодар – Қызылорда» автожолында автобус аударылып, бір адам көз жұмды. Одан бөлек, тағы 6 адам түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар – Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара отырып, оны жол жиегіне аударып алған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Толығырақ

Астана. 8 қараша. BM.KZ – Бүгін WTA турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің теннисшіcі Арина Соболенко мен әлемнің алтыншы ракеткасы, Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина кездеседі. Финал матчы 8 қараша күні, сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойын Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы корттарда өтеді. Маусымның қорытынды турнирінің жеңімпазы трофеймен бірге 5,235 млн доллар көлеміндегі жүлде қорымен марапатталады. Рейтинг тұрғысынан алғанда, турнирдің нәтижесіне қарамастан Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады. Ал егер Елена Рыбакина финалда жеңіске жетсе, ол WTA рейтингінде бесінші орынға көтеріледі.

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер журналисті ұстады. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.  Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Облыстық прокуратура мәліметінше, арнайы «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану – халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі. Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Толығырақ