Автор: erimbetkaz

Астана. 11 қараша. BM.KZ – Әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек пен дәрі-дәрмектер қол жетімсіз және шектеулер пайда болғаны жайлы ақпарат тарады.  Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынын мәлімдеді. Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады. ТМККК пакетінде мыналар қалады: туберкулез, АИТВ инфекциясы, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр цирроздары,…

Толығырақ

Астана. 11 қараша. BM.KZ – Алматыда ер адам мектеп маңындағы аялдамада қыз балаға өзімен бірге жүру үшін ақша ұсынған. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Ер адам әуелі мектеп оқушысына 100 мың теңге, кейін 300 мың теңге беретінін айтып, өзімен бірге жүруге көндірмек болған. Жазбада оқиға қаладағы № 50 мектептің маңында болғаны айтылған. Алматы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ер адам ұсталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. — Ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 11 қараша. /Диана Ыдырыс/ BM.KZ – Жоба Nvidia компаниясының инфрақұрылымы негізінде жүзеге асырылады және ұлттық жасанды интеллект жүйелерін орналастыруға арналған орталыққа айналады, деп хабарлайды Crowdfund Insider. Қазақстанда өңір бойынша ең ірі жасанды интеллект орталықтарының бірі салынады. Freedom Holding Corp (FRHC) пен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын «Sovereign AI Hub» жасанды интеллект орталығын салу жөнінде келісімге қол қойды. Министрлік бұл бастаманы қолдау мақсатында ірі есептеу кешендерін орналастыру мен пайдалануға қажетті жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, жасанды интеллект саласында кәсіби мамандар даярлауға арналған арнайы білім беру бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр. 100 мегаватт…

Толығырақ

Астана. 11 қараша. BM.KZ – Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруы керек. Бұл реттеу заңның сақталуын қадағалау маңызды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға осындай тапсырма берді. Бұл туралы өзінің Telegram парақшасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі «Қарасора-2025» республикалық операциясының нәтижесін шығарды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ол есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған. Оған маусым — қазан айлары аралығында полиция, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының және Қорғаныc министрлігінің қызметкерлері қатысты. Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары жұмылдырылды. Жалпы 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 110 мыңнан астам бұталары жойылды. 4 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталды. 6 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды. Жамбыл облысында 200 килограмнан астам марихуана тәркіленді. Алматы әуежайында Үндістан азаматы анықталды. Ол…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Айта кетелік Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдаған еді.

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында студент көз жұмды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады, деп хабарлайды Kazinform. Полицияның дерегінше, жасөспірімнің өлімі бойынша Байзақ ауданында қылмыстық іс қозғалды. — Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД. Айта кетелік бұған дейін сәуір айында Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында да 15 жасар жасөспірім көз жұмған еді. Тергеу шамамен 4 айға созылды, үш күдіктіге қатысты материалдар сотқа берілді. Сонымен қатар, бірнеше күннің ішінде Байзақ ауданына қарасты Түймекент және Дихан ауылдарының жасөспірімдері мен тараздық кәмелетке толмаған екі…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. 2022 жылы аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары кеден органдарына жалған мәліметтер ұсынып, құны 254 миллион теңге болатын жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көк серке етін Еуропалық одақ елдеріне заңсыз экспорттаған. Балық өнімдерінің заңды шығу тегін көрсету мақсатында кәсіпорын шын мәнінде балық өсіру немесе ұстау жағдайлары болмаған өзімен байланысы бар тұлғалар мен шаруашылықтардан балық сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар ресімдеген. Тексеру барысында бұл шаруашылықтардағы су айдындарының толықтай кеуіп қалғаны, ал құжаттарда көрсетілген жүк көліктерінің тасымалдау қызметін іс жүзінде атқармағаны және тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етілмегені анықталды. Сонымен…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді. Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті берген ақпаратқа сәйкес, аталған балалар үйі — жеке қайырымдылық ұйымы. Қазіргі уақытта онда 35 бала тәрбиеленуде. Бүгінде барлық тәрбиеленушілердің жағдайы жақсы, балалар қауіпсіз жерге орналасқан. — Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қала әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қорғаншылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары енді, — делінген комитет…

Толығырақ