Астана. 12 қараша. BM.KZ – Қарағандыда такси жүргізушісі төрт жасар баланы алып кетіп, бір сағаттан соң анасына қайтарған. Әйел тәртіп сақшыларынан оқиғаны «қалжың» деп қарастырмай, жүргізушіні жазалауды талап етіп отыр. Әйелдің әлеуметтік желіде жазған жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оның айтуынша, оқиға 4 қараша күні сағат 16:40 шамасында болған. Ол Indriver қосымшасы арқылы такси шақырған. Қолында бір жасар сәбиі болған, ал төрт жарым жастағы қызын артқы орындыққа отырғызып жатқан сәтте көлік жүріп кеткен. — Қызымды отырғыза сала көлік орнынан қозғалып кетті. Мен артынан жүгіріп, тоқтатуға тырыстым, бірақ үлгермедім. Телефон соғып, бірнеше рет қоңырау шалдым — көтермеді. Кейін тапсырысты жауып, картадан мүлде жоғалып…
Автор: erimbetkaz
Қазақстандық мейрамханалар, түнгі клубтар, радио мен телевизия әлі күнге дейін өзге авторлардың музыкасы мен зияткерлік меншігін заңсыз пайдаланып, оған бір тиын да төлемейді. Сол себепті шетелдік поп-жұлдыздарға әділдік іздеу үшін қазақстандық заңгерлерге жүгінуге тура келеді. Жуырда әлеуметтік желілерде композитор әрі музыкант Еркеш Шакеевтің авторлық құқығының бұзылуына қатысты жазбасы қызу талқыланды. Ол Батырхан Шүкенов қоры шығарған «91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» атты кітапқа әндері енгенімен, қасында есімінің көрсетілмегенін айтып, наразылық білдірді. Нәтижесінде іс сотқа дейін жетті. Бірақ, музыканттың айтуынша, сот күтпеген жерден жауапкердің жағына шыққан. Қазір композитор іс бойынша халықаралық сотқа жүгінуге ниетті. BM.KZ тілшісі осы тақырып бойынша «Идеяларды қорғау» компаниясының…
Астана. 12 қараша. BM.KZ — Парламент Мәжілісі балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты жаңа нормаларды қабылдады. Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл құжатта балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында жария кеңістікте, сондай-ақ масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып, педофилияны және дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруды шектеу жөніндегі нормалар көзделген. — Балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі жағымсыз контенттен қорғау туралы қоғамның алаңдауын ескере отырып, заң жобасына қоғамдық кеңістікте педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Жасанды интеллект министрлігі мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға қарсы. Бұл туралы вице-министр Дмитрий Мун Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің сұрағына берген жауабында айтты. — Қазақстанда 5-6 жастағы балалардың өзі TikTok пен Instagram-да ата-ананың растауынсыз-ақ тіркеле алады. Ал басқа мемлекеттерде жас шектеуін енгізген заңдар қабылданып жатыр. Мысалы, Данияда, Аустралияда әлеуметтік желіге тіркелуге құқық беретін жас — 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбританияда, Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты, растауы керек. Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігінің осы мәселедегі ұстанымы қандай? Мектептерде смартфон қолдануға мемлекеттік ұстаным бар ма? Англия, Нидерланд сияқты әлемнің 40 пайыздан астам мемлекеттерінде тыйым салу туралы шешім қабылдады. Біздегі…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутин ауылдарының маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде құстардың өлекселері анықталған. — Аталған аумақты аумақтық инспекция, балық инспекциясы және табиғат қорғау полициясы қызметкерлері аралап шықты. Тексеру барысында жағалаудың әр жерінен 13 құстың өлексесі табылған. Олардың арасында үйректер, суқұзғындар мен шағала бар. Алайда, зертханалық талдау үшін үлгілер алу мүмкін болмады. Себебі, өлекселер бұзылып кеткен, — делінген хабарламада. Аумақтық инспекция аудан әкімдігіне құстардың өлекселерінің қалдықтарын шығарып, жою жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама жіберген. Мониторинг жұмыстары әлі де жүріп…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Енді ол тергеу аяқталғанша қамауда отырады. — Сот 2 айға санкция берді. Өзге ақпарат берілмейді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. Хромтау ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, 40 жастағы Сағындық Шабықбаев осыдан екі жыл бұрын қала әкімі қызметіне кірісті. Оған дейін әкімнің орынбасары болған. Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады. 2016 жылы әкімшілікте қызмет етті. 2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, 2018-2023 жылдары аралығында қала әкімінің орынбасары болды.
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, Түркияның C-130 әскери-көлік ұшағы Грузия аумағында апатқа ұшырады. Әзербайжаннан Түркияға бағыт алып Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған түркиялық әскери-көлік ұшағының қалдықтары табылды, деп хабарлады Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі NSosyal әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. Министрлік бортта 20 адам болғанын да растады. Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр. «Әзербайжаннан елімізге қарай ұшқан С-130 әскери-көлік ұшағымыз Грузия мен Әзербайжан шекарасында…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Ертіс-Баян өңірінде көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 132 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. — Ұсталған 132 шетелдік азамат ҚР заңнамаларын бұзған. Соттарға 93 әкімшілік материал жолданды. Соттардың қарауы нәтижесінде 9 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Тағы 37 шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану бойынша 43 деректі анықтады. Барлық дерек бойынша шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов. Сондай-ақ ел аумағында шетелдіктердің белгіленген ережелерді сақтауын қамтамасыз…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Қазақстанның алтын қоры қосымша 98 тоннаға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты. — Мемлекет басшысы Жолдауында геология саласын цифрлық жүйеге көшіру арқылы жаңа деңгейге жеткізу қажеттігін ерекше атап өтті. Осы міндеттерді жүйелі іске асыру арқасында бүгінде сала жаңғыртудан өтіп жатыр. Қазір ел бойынша 103 түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған. 2 900-ден астам лицензия және 250-ге қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар, — деді ол. Оның атап өтуінше, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Қалжыр кен орындары мемлекеттік…
Астана. 12 қараша. BM.KZ – Ақорда Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізгенін мәлімдеді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында бүгінде ешқандай түйткіл жоқ екенін алға тартты. – Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор…