Автор: erimbetkaz

Астана. 14 қараша. BM.KZ — «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысы аумағындағы учаскесінде жүк көлігі өртенді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алматы-Өскемен» тасжолының 900-шақырымында Shacman маркалы жүк көлігі өртенген. — Алдын ала келіп түскен деректер бойынша өрттің шығуына ауыр жүк көлігінің техникалық ақауы себеп болған. От дөңгелек бөлігінен тарай бастаған. Жүргізуші жағдайды дер кезінде байқап, көлікті тоқтатып, қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ, — делінген ақпаратта. Осы ретте, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін мұқият тексеру қажеттігін еске салды. Еске салсақ, осыған дейін елордада көлік бағанға соғылып, жүргізуші мерт болғаны хабарланған.

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ -15 қараша күні елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді. Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады. Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады: 1. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы 2. «Астаналық цирк» автотұрағы 3. «Бас Мешіт» автотұрағы 4. «Орталық саябақ» автотұрағы 5. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы. Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды. Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды. Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті. ҚР ҰОК мәліметінше, Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды. Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — Жолаушы апатты шығу есігін өзі ашқан: Air Astana шығынды өтеу талабымен сотқа жүгінді. Қызылорда қалалық сотына «Air Astana» АҚ жауапкерден 23 млн теңгеге жуық шығынды өтеу талабымен жүгінді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі болғандай, «Air Astana» ұшағы Астана-Алматы бағыты бойынша рейсін орындап, трапқа дейін күтіп тұрған кезде жауапкер апатты шығу есігін өз бетінше ашқан. — Апатты шығу есіктері тек төтенше жағдайларда және экипаждың бұйрығы бойынша ғана пайдаланылады. Апатты шығу есігін ашу және эвакуациялық үрлемелі трапты іске қосу нәтижесінде талап қоюшыға материалдық шығын келіп, трапты ауыстыру қажеттілігі туындаған. Ауыстыру құны 22 995 936 теңге.…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — Аталған үйдегі 16 лифтінің тек 6-ауы ғана пайдалануға беріліп, есепке қойылған. Қалған 10 лифт есепке алынбаған және пайдалануға берілмеген. Бұл туралы Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлайды. Басқарма таратқан ақпаратқа сәйкес «Арыстан» тұрғын үй кешенінде (Төлебаев к., 5) 16 лифт орнатылған (әрбір кіреберісте 2 лифт). Тұрғындар кірген сәттен бастап лифт қызметін «Эколифт» ЖШС компаниясы атқарған, алайда тұрғындардан жиі шағым түскен. — Жауапты органдар — ЕҚК, аудан әкімдігі және тұрғын үй инспекциясының өкілдерінің тексерулері мен шығу жиындары нәтижесінде 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап «A-TEKNIK» ЖШС лифт қызметін «LIFT STROY IMPORT» ЖШС компаниясына ауыстырған. 16…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ — Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде лифт ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлері болған. — Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскен жұмысшылардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отырғанын мәлім етті. — Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр. Оларға қажетті барлық…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ — Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Литвадан 17 жыл бойы кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде болған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Ведомство мәлім еткендей, 2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз жолмен баю мақсатында Алматы қаласына келген. Олардың қылмыстық әрекеті өзге қылмыстық топ өкілдерімен жанжалға әкеліп, соның салдарынан олардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған. 2008 жылғы 19 мамырда күдіктілер өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алып, оған бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ басынан тиген, яғни «бақылау» оқ…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды. Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Алматы қалалық № 2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала 2025 жылдың 30 тамызында, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған. — 40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету аппаратында болды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр. Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр. Әрбір грамм, әрбір тыныс дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Талапкерлерге 2026 жылғы ҰБТ-да қандай шекті балл белгіленгені белгілі болды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы. Орталықтың мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Сонымен 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары төмендегідей болып белгіленді: Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3; Оқу сауатталығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3; Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5; 1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5; 2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.

Толығырақ