Автор: erimbetkaz

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Астанада 101 және 112 қызметтері біріктіріліп, бірыңғай жедел ден қою жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ТЖМ. Ведомствоның мәліметінше, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 112 қызметінің Жоспарлау және жедел басқару орталығында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жабдықтар жаңартылып, заманауи цифрлық байланыс құралдары енгізілген, қалалық «Сергек» бейнебақылау жүйесімен біріктірілген бейнеқабырғалары бар бірыңғай операторлық зал құрылған. Тәулік бойы кезекшілік пен қызметкерлердің демалысына арналған үй-жайлар жаңартылған. Бұл қоңырауларды өңдеу жылдамдығын арттыруға және жедел қызметтердің үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. ТЖМ дерегінше, жыл сайын 112 диспетчерлері елорда тұрғындарынан шамамен 750 мың қоңырау қабылдайды. «Біз бірыңғай әрі заманауи ден қою жүйесін қалыптастырып жатырмыз.…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Бүгін елордада Chery Tiggo көлігі көше жарық шамы бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды. Бұл ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. — Chery Tiggo автомобилінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай көше жарық шамы бағанына соғылды. Соның салдарынан автомобиль аударылып қалды, — деп атап өтті департаменттен. Ұсынылған мәліметке қарағанда, көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған. — Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр, — деді ведомстводан.

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Бекзат Кемеловаға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Істегі жәбірленуші — Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған бұрынғы министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова. Аталған істі судья Назгүл Бапақова жүргізіп отыр. Материалдарға сүйенсек, Альмира Нұрлыбекова өзінің туысы Бекзат Кемелованы 990 мың АҚШ долларын (айыптау актісіне сәйкес 453 млн 182 мың 400 теңге) иемденді деп айыптап отыр. Талқылау басында жәбірленушінің адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Бекзат Кемеловадан келтірілген шығын сомасын өндіруді сұрады. Айыптау актісі жарияланған соң судья айыпталушыдан айыппен келісетін-келіспейтінін нақтылады. Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындамады. Қазіргі уақытта сотта жәбірленушінің жауабы тыңдалып жатыр. Еске сала кетсек, экс-шенеунік…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер іздеу жарияланған Екатерина Биволға қатысты ресейлік ішкі істер органдарымен қандай іс-қимылдар жасалып жатқанын сұрады. — Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сонымен қатар халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Арнайы арналар арқылы Ресейдің полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Екатерина Бивол ұсталса, Бас прокуратура органдары арқылы экстрадиция мәселесі шешіледі, — деді Санжар Әділов.

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Тбилисидегі емханадан шығарылып, жазасын өтеу үшін түрмеге қайтарылды, деп хабарлайды Курсив. Елдің қылмыстық-атқару жүйесі қызметі саясаткердің денсаулығын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Михаил Саакашвили Тбилисидегі «Вивамеди» емханасында 2022 жылдан бері жатқан. Ол енді №12 түзеу мекемесіне (Рустави түрмесі) барады. Саакашвилидің анасы Гиули Аласания қазір бұған қатысты нақты ақпараты жоқ екенін айтты. «Мен ешнәрсе білмеймін, тек оны Руставиге ауыстырды деп естідім. Соңғы күндері оны ешкім қараған жоқ еді, білуімше. Денсаулығына қатысты қорытындыны кім жасағанын білмеймін», – деді ол журналистерге. Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 2021 жылғы 29 қыркүйекке қараған түні жасырын еліне оралған. Келген соң Facebook парақшасында бейнеүндеу…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырды. Бұл жөнінде Qazaq Style лақап атымен танымал боксшы Instagram-да жазба жариялады. Әлімханұлының жеке парақшасындағы Stories жүйесінде қан сараптамасының суреті бейнеленген. – Мен қашанда таза спортты қолаймын. Спортшының допингті қолдануына қарсымын. Біз VADA-ға тест тапсырдық, кеше нәтижесі келді – барлығы таза, — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы. Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие болған. Енді Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Ашық аспан астындағы бірінші мұз айдыны Мұз сарайының маңында, екіншісі Арбат аллеясында салынады. Жоба жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылады. Қалада сырғанау алаңдарын орнату жұмыстары басталды. Алғашқы мұз айдыны Байтұрсынов көшесіндегі «Мұз Сарайы» ғимаратының алдында орналасады. Ол 550 шаршы метрді (ұзындығы 34 метр, ені 17 метр) қамтиды. Онда ай сайын 20-30 мың адам тегін коньки тебетін болады. Екінші мұз айдыны Арбат аллеясында ашылады. Ол айтарлықтай үлкен, жалпы ауданы — 1830 шаршы метр (ұзындығы 150 метр және ені 12,5 метр). Бұл алаңға айына 50-60 мың адам келеді деп жоспарланған. Екі мұз айдыны да 400 кВт заманауи тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталады.…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. — «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясы көлде моторлы қайықты тоқтатты. Оның ішінде 35 жастағы Жетісу облысының және 37 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болған, — делінген ақпаратта. Тексеру кезінде қайықтан ұзындығы 2500 метрлік ау табылды. Сонымен қатар 8 жәшік балық тәркіленді. Жәшіктерден көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын және сазан секілді балық түрлері шықты. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы — 252,3 келі. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2…

Толығырақ

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сонымен Мемлекет басшысының мемлекеттік сапары аясында қабылданған құжаттардың тізімі төмендегідей: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында үшінші елдерге экспортқа жеткізуге арналған ресейлік және қазақстандық жүктерді темір жол көлігімен транзиттік тасымалдау және ауыстырып тиеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы бойынша өзара ықпалдастық жөніндегі келісім; 4. Қазақстан Республикасы…

Толығырақ

Астана. 12 қараша. BM.KZ – Бас прокуратураның хабарлауынша, қызметкер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. – Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында, Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды, — делінген хабарламада. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Толығырақ