Автор: erimbetkaz

Астана. 15 қараша. BM.KZ – Биылғы наурызда полиция қызметкерлері оқиға орнында дәлелзат «жоғалтып алған». Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтар Б., Б. және К. еңбек тәртібін бұзбағандарын айтып, қолданылған тәртіптік жаза шамадан тыс деп есептеп, өздерін жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, қызметке қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмыстан шеттетілу уақытына еңбекақы өндіру туралы талап арызбен жүгінген. «Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурызында талапарыз берушілер тергеу-жедел тобының құрамында тергеу әрекеттерін жүргізген. Сол кезде оқиға орнынан тапанша алынған. Алайда алғашқы қараудан біраз уақыт өткен соң қару оқиға орнынан жоғалып кеткен. Бұл факті қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін арыз берушілерді жұмыстан босатуға…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Алматы облысында полиция өзге мемлекеттің туын өртегендерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Полицияның мәліметінше, 13 қарашада Ұйғыр ауданында тұрғындардың рұқсатсыз жиналуының жолы кесілді. Топ мүшелері шетел мемлекетінің туын және сол ел басшылығының фотосын өртеп, заңға қайшы әрекеттер жасаған. Полицияның мәліметінше, материалдар сотта қаралғаннан кейін 12 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар алты адамға 20 АЕК көлемінде (78 640 теңге) айыппұл салынды. Осы дерек бойынша араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты. Мемлекет басшысы су тиімділігін арттырып, ирригациялық желілерді жаңғырту керек екенін айтты. — Су қоймаларының шамамен 60 пайызы ауыл шаруашылығы еншісінде. Аграрлық салада суды тиімді пайдалану, сайып келгенде, елдегі бүкіл су экожүйесінің тұрақтылығына әсер ететін факторға айналып отыр. Агросекторда заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, суды көп қажет ететін дақылдар алқабы азайтылып жатыр. Бұл үлкен жұмыстың басы ғана. Сарапшылардың есебінше, алдағы үш жылда су үнемдеуші технологиялар кемінде бір миллион гектарды қамтитын деңгейге жетеді, — деді Мемлекет басшысы. Цифрлық шешімдерді енгізу және жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңін қатаң бақылауға алу арқылы су инфрақұрылымын жаңғыртуды…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары туралы айтқан сөздеріне қатысты тексеру жүргізуді бастады, деп хабарлайды Gazeta.ru. Басылымның хабарлауынша, Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі желіде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізетін видео жарияланғаннан кейін Ресей Ішкі істер министрлігі оған қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Онда полиция өкілдері Ресейде қылмыстық іс қозғауы мүмкін екені айтылған. Бұл туралы басылымға РФ ІІМ азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаменті өкілдері хабарлаған. «Өтініште көрсетілген мән-жайлар бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы бойынша Бас басқармасы тиісті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», — дейді департамент басшысының орынбасары…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Теннис тарихында ең ірі көлемде табыс тапқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына ресми тіркелді. Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) биылғы WTA қорытынды турнирінде 5,235 млн АҚШ долларын тапқан болатын. Осыған дейін мұндай табысқа ешкім жеткен емес. Бұрынғы рекордтар белоруссиялық Арина Соболенко мен испаниялық Карлос Алькарасқа тиесілі еді. Олар биылғы АҚШ ашық чемпионатында 5 млн АҚШ долларынан тапқан-ды. Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы жылдың қорытынды жарысында барлық бес қарсыласын жеңгені белгілі. Соңғы финалдық бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен ұтқан болатын. Осылайша, Елена Рыбакина Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет еніп отыр. Ол…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын ұйымдастырып жатыр. Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Зауыт жұмысшысы өндіріс орнында күйіп қалған. – Аталған оқиға 12 қараша күні болған. Қазіргі уақытта тексеру, тергеу іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның қалай өрбігенін, себеп-салдарын анықтаймыз. Күйіп қалған ер адам екені анықталды. Зардап шегушінің жасы, кім болып еңбек ететіні туралы мәлімет қолымызда жоқ, — деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров. Жалпы Ақсу ферроқорытпа зауытында қызметкерлердің күйіп қалу оқиғалары жиі қайталанатыны байқалады.

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – 1893 жылы Астанада абсолютті ең төмен температура тіркелген – минус 51,6 градус. «Астана жақсы ма, әлде Алматы ма?» деген бітпейтін сұрақ биылғы күзде қазақтілді әлеуметтік желіде қайта қызды. Бұған себеп – қазан айының қалыптан тыс жылы және құрғақ өтуі. Фейсбук пен тредс қолданушыларының пікірі тоғысты. Олардың ойынша, енді Астананың климаты бұрынғыдай қаланың үлкен кемшілігі емес. Зумерлер дәуірінде қарашада плюс температурасын көру – «базалық миниумға» айналды. Бір кездері климатологтар жиі айтатын «Астана – Улан-Батордан кейінгі әлемдегі ең суық екінші астана» деген тұжырым қазір өзектілігін жоғалтып жатыр. «Қазгидромет» мамандары BM.KZ тілшісіне соңғы он жылда Астанада тұрақты жылыну…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — Қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы анықталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың сирек бейнематериалы «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Красногорск қаласындағы Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінен табылды. — Бишінің «Бипыл» халық әніне мың бұрала билеген бейнежазбасы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде сақтаулы. Сараптау нәтижесінде бейнематериалдың 1958 жылғы 21 желтоқсанда өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінің қорытынды концерті кезінде түсірілгені белгілі болды. Аталған онкүндік — қазақ халқының мәдениеті мен өнерін бүкіл Кеңес Одағына танытқан алғашқы…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — Қазақстандық аңыз боксшы, әлемдік бокстың жарқын жұлдызы Геннадий Головкин (GGG) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Азия бокс қауымдастығының президенті Пичай мырзамен кездесуде хабарлады. Пичай мырза Головкиннің World Boxing ұйымының президенті лауазымына кандидатурасын ұсынғанын естігенде қуанғанын білдіріп, Головкиннің бұл бастамасын толық қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, Головкин бокстан жан-жақты жақсы хабардар және бұл жоғары лауазымға әбден лайық азамат. «Мен әлі де бір жекпе-жек өткізгім келеді. Оны Қазақстанда өткізгім келеді, оған барлығының келгенін қалаймын»,- деді Головкин. Сонымен қатар, Азия бокс қауымдастығының басшысы Головкиннің жекпе-жектерін YouTube арқылы үзбей тамашалайтынын, 43 жаста екеніне қарамастан, боксшының тамаша…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ — ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген. Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компаниясының атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған. Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған. — Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен.…

Толығырақ