Астана. 17 қараша. BM.KZ – Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған күдікті бір тәулікке жетпей Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ мәліметінше, тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. — Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада. Құқық қорғау органдары күдікті заң аясында қатаң жазаланатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Елорда маңында 14 жасар қыз кісі қолынан көз жұмды.
Автор: erimbetkaz
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Беларусь азаматы Андрей Буримге халықаралық іздеу жарияланды. Сот блогерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. — БАҚ тарапынан келіп түскен сауалдарға орай хабарлаймыз, Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Андрей Александрович Буримді (15.12.1988 ж. т.) халықаралық іздеуге жариялады. Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету…
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. — Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады. Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген, — делінген құжатта. Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және…
Астана. 17 қараша. BM.KZ – 2025 жылдың қазанынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді. Осы операциялардың нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жерасты зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды. Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді. Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. -Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастырады,-делінген хабарламада.
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Ақмола облысы прокуратурасының талдау нәтижесі бойынша уәкілетті органдардың тарапынан адам өлтіру және өзге де қылмыстар үшін сотталған тұлғаларды қамқоршы ретінде тағайындау деректері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршылар мен қорғаншылар болып психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар тағайындалмауға тиіс. Мәселен, екі бірдей әрекетке қабілетсіз тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болған. Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде «шизофрения» диагнозы қойылған азамат тағайындалған. Сондай-ақ, уәкілетті органдармен әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылданбаған. Нәтижесінде, облыстың 28 қайтыс болған тұлғасы әлі де «әрекетке қабілетсіз» санатындағы есепте тұрған тұлғалар…
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Италиялық, әлемнің 2-ракеткасы Янник Синнер бірде-бір сетте ұтылмай, қатарынан жылдың екі қорытынды турнирін ұтқан бірінші теннисші атанды. Италиялық теннисші Туринде аяқталған ATP қорытынды турнирінің финалында әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасты жеңді — 7:6 (7:4), 7:5. Синнер 2024 жылы да ATP қорытынды жарысында үздік шыққан еді. Онда финалда америкалық Тейлор Фрицтен басым түскен. Осылайша, италиялық теннисші спорттық жолында 24-інші, биылғы маусымда алтыншы титулына қол жеткізді. Бұған дейін ол Парижде, Бейжіңде, Венада, сондай-ақ Уимблдон Аустралия ашық чемпионатында үздік атанды. Сонымен қатар Синнер үздік ондыққа кіретін теннисшілерді 59 рет ұтты. Ол соңғы 78 матчтың 71-інде қарсыластарын қапы қалдырды.…
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарының алғашқы күнінде екі алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті мәлім етті. XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрама командасы жарысты тамаша бастап, екі алтын және екі қола медальға қол жеткізді. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хамзе Ғұлама финалдық белдесуде алжирлік спортшы Бухидель Абдеррахманды иппонмен таза жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. 73 келіге дейінгі салмақта ел қоржыныna екінші алтынды Шадияр Қуандық салды. Ол финалда кореялық дзюдошы Хванг Хёнды иппонмен ұтып, жоғары шеберлік пен белдесу соңына дейінгі барынша жинақылықтың жарқын үлгісін көрсетті. 48…
Астана. 17 қараша. BM.KZ – Полиция тергеу жұмысын бастады. Адамдарды жалған хабарламаға сенбеуге шақырды. Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласындағы оннан астам мектепте жарылыс болып, балаларға қастандық жасалатыны туралы хабарлама тарады. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. — Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бағытында жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артты. Азаматтарды жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырамыз, — деп…
Астана. 16 қараша. BM.KZ – Астанада 11 қарашада хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Темірхан Темірлан өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпаратты волонтерлер таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Марқұмның денесі қалай табылғаны әзірге жарияланбады. Іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілер оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты ашып айтылмайтынын атап өтті. Волонтерлердің мәліметінше, Темірхан Темірлан 11 қараша күні сағат шамамен 15:00-де Жұмабаев көшесі, 4-үйдегі жатақханадан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Соңғы рет көргендер оның келесі киімде болғанын айтады: сарғыш түсті сырт киім, қара джинсы, қара баскиім. Іздестіру кезінде жігіттің сырт келбеті төмендегідей сипатталған: бойы – 175 см; дене бітімі – орташа; шашы – қара, қысқа; ерекшеліктері – ернінде және бетінде меңдері бар…
Астана. 16 қараша. BM.KZ — Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алды. 1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті. Санжарәлінің қоржынында енді кем дегенде қола медаль бар.