Автор: erimbetkaz

Астана. 18 қараша. BM.KZ — «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Олимпиакос» және «Брюггемен» Астанада ойнайды. «Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіретінін хабарлады. — Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді, — делінген клуб мәлімдемесінде. Сондай-ақ алматылық клуб билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болатынын мәлімдеді. Билеттер 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан жарақат алған төрт адамның жағдайы белгілі болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, барлық пациент дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Ем-шаралар толық көлемде жүргізіліп жатыр. Он үш жастағы ұл бала Ақжайық аудандық ауруханасынан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 17 қараша күні сағат 21.40-та жеткізілді. Жабық бас-ми-жарақатына қоса оның миы шайқалған. Төбе тұсындағы жұмсақ тіндерінің жарақаты бар. Сол мезгілде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1 жасар қыздың да жабық бас-ми жарақатымен бірге миы шайқалған. Сол жақ сан сүйегінің кіші бұдыры сынған. Бұлардың екеуінің де жағдайы орташа ауыр. 23 жастағы әйелге алғашқы медициналық…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Облыс әкімдігі тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен бірге марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толықтай қолдау жасалады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына шұғыл барып, өрттен қайтыс болған отбасының жақындарына көңіл айтты. Оқиға болған үйді көріп, құзырлы орган басшылары мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Аудандық ауруханаға барып, өрттен аман қалған тұрғындардың жай-күйімен танысты. Өңір басшысы Президент тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылғанын, зардап шеккендерге тиісті көмектер берілетінін жеткізді. Бүгін таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оқиға орнына…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Астанада бірнеше азаматты алдап соққан әйел адам сотталды. Ол өзін Оңтүстік Кореяда сенімді таныстары бардай көрсетіп, тиімді бағамен автокөлік әкеліп беремін деп уәде берген, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі Жәбірленушілер толық алдын ала төлем жасағаннан кейін, алаяқ оларды жалға беру компанияларынан уақытша алынған көліктермен алдап келгені анықталды. Мәселен, ол бір азаматтан 4 көлік әкеліп беремін деп 14,5 млн теңге алған. Бірақ көліктер ресми тіркелмеген, ал ақша жеке мақсаттарға жұмсалған. Қылмыскер жалған әрекеттерін жасыру үшін көліктерді жалға алу ақшасын да өзі төлеп отырған. — Жалпы алғанда, алаяқтың іс-әрекетінен 70-тен астам адам зардап шекті, келтірілген шығын көлемі 420 млн теңгеге жетті. Сотта оның жәбірленушілерге…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Бұл ақпаратты Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. — 18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер — әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, — деп жазды Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Instagram парақшасында. Ведомство мәліметінше, 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда болған пациентке барлық қажетті…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан оның бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылды. Заңсыз әрекеттер мен басқаларға қауіп төндірмеу үшін аумақ толығымен қоршауға алынды. — Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер азамат бағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды. Шабуылға тойтарыс беру және өмірге қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер ауаға ескерту оқтарын атты. Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқық бұзушы алған жарақатынан оқиға…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомство мәліметінше, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді. — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың…

Толығырақ

BM.KZ колумнисі Диана Ыдырыс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы интеграцияның неге кенеттен жеделдей бастағанын түсінуге тырысты. Ресми баспасөз хабарламаларына сенсек, Қазақстан мен Өзбекстан расымен де қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шықты. Стратегиялық әріптестік, альянс, миллиард долларларға бағаланатын бірлескен жобалар – бәрі үлкен саяси-экономикалық романның басталғанын көрсетіп тұр. Практикада біз сирек болатын синхрондылықты көрдік: екі президент бір мезетте жеті жобаны іске қосып, 17 келісімге қол қойды, көлік дәліздерін, энергияны, суды және мәдени бағыттарды талқылады. Сырт көзге әдемі көрінгенімен, көкейде бір сұрақ қалады. Бұл – үлкен экономикалық серпілістің бастамасы ма, әлде, жай ғана әдептілік витринасы ма? Қазақстан интеграция туралы талай бастамалардың Кеден одағы деңгейіндегі қиындықтарға…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Екібастұздағы бірқатар медициналық ұйымдарды тексеруді бастады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Тексеріс 40 жастағы ер адамның қазасынан кейін басталған. Науқас тізесіне жасалған екпеден кейін төртінші күні көз жұмды. Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, тексеріс Павлодар облыстық департаменті және тәуелсіз сарапшылар — терапевт, анестезиолог-реаниматолог және травматологтың қатысуымен жүргізіліп жатыр. «Павлодар облысы бойынша департамент құрамына тәуелсіз мамандарды тарта отырып, Екібастұз полициясы тергеу бөлімінің қаулысына сәйкес пациенттің қозғалыс маршруты бойынша медициналық ұйымдарда тексеріс жүргізуде», — делінген хабарламада. Комитет анықталған заңбұзушылықтар болған жағдайда материалдар Екібастұз қалалық полиция басқармасының тергеу…

Толығырақ

Астана. 18 қараша. BM.KZ — Америкалық Chevron компаниясы ресейлік «Лукойлдың» Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Reuters агенттігінің жазуынша, Chevron «Лукойлдың» қазақстандық активтеріне қызығушылық танытып отырған Carlyle және басқа да ықтимал сатып алушылар қатарына қосылмақ. Бұл туралы ақпаратты бірден бес дереккөз растаған. Қазақстандағы «Лукойл» портфелінің жалпы құны шамамен 20 млрд доллар деп бағаланады. — Дереккөздердің айтуынша, Chevron «Лукойлдың» толық портфелін емес, тек бірлескен жобалардағы үлестерін сатып алу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұған дейін Chevron тарапынан мұндай қызығушылық туралы хабарланбаған, — деп жазады Reuters. Қазақстандағы Chevron мен «Лукойл» қатар үлеске ие негізгі жобалар — Теңіз (америкалық компанияның «Теңізшевройлдағы» үлесі 50%, «Лукойлдың» үлесі…

Толығырақ