Астана. 19 қараша. BM.KZ — Қарағандыда балаға қатыгездік көрсеткен анасының құқықтары сот шешімімен шектелді, деп хабарлайды облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Қарағандыда бұрын бірге тұрған ерлі-зайыптының 4 жасар ұлын тәрбиелеп отырған әке мен ананың ісі сотта қаралды. Сот анықтағандай, баланың анасы оны жалғыз қалдырып, қолын байлаған, бала ұзақ уақыт жылаған. Сараптамалық қорытынды бойынша баланың денесінде көгерген іздер табылған және оның психомоторлық дамуы мен сөйлеуі кешігіп, дене салмағы төмен болған. Сонымен қатар, балада жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері мен тәрбиеге немқұрайлылық көріністері байқалған. Әйел тұрған пәтерінен зорлық-зомбылықтың салдарынан шығарылып, балақай балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Көршілердің айтуынша, анасы баланың…
Автор: erimbetkaz
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. — Атап айтқанда, біз бұл заң арқылы әкелердің де құқығын қорғап отырмыз. Қазіргі қолданыстағы жүйеге тоқталсақ, егер жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне есептеледі. Алайда, дәл осы құқық әкелерге берілмеген. Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсындық. Енді заң қабылданса, егер бала күтіміне әке шықса, бұл кезең оның да еңбек өтіліне қосылады. Бұл – тек әлеуметтік әділеттілік емес, сонымен…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Ол жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мыңға дейін оқиғасы тіркелетінін айты. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың оқиғасы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында адам ауырған. Соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 183 мың оқиғасы тіркелді, 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16%-ға артқан. Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы –…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген. Соған қарамастан, аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде). — Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде шыққан өрттің қылмыстық құрамы жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. — Кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранды, шатыр ішінара құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөндірілді. Өкінішке орай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы — балалар. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, — деді ол. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, оқиға орнында тергеу шаралары…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Өскемен – Риддер трассасында жүргізуші жол жиегіне дейін жақындап келген қонжықты көрген, деп хабарлайды Kazinform. Әуесқой түсірілімде кішкентай жыртқыштың жолға шығып, артынша орманға қарай жүгіріп кеткені анық көрінеді. Қонжығының жанында басқа аюлар болмаған. Мамандардың айтуынша, күздің соңында қонжықтың жалғыз жүруі – алаңдатарлық жағдай. — Бізге бұл жөнінде ешқандай шақыру түскен жоқ, бірақ бұл ахуалды назарда ұстаймыз. Егер қонжық анасыз қалған болса, оны қолға түсіруге тура келеді. Бұрын Риддерден табылған қонжық сияқты, зообақпен келісіп, сонда жеткізу қажет болады. Өйткені ол табиғатта жалғыз өзі өмір сүре алмайды, — деді ШҚО орман шаруашылығының жедел жасағы. Ведомство мамандары аюдың…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Қазақстанда «Солтүстік қазағы» лақап атымен танылған ресейшіл блогер Аслан Төлегеновке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл ақпаратты Ақмола облыстық сотының өкілі растады. Көкшетау қалалық соты Төлегеновке қатысты ұлттық араздықты қоздыру және жалған ақпарат тарату бойынша (ҚК 174-бабы 1-бөлігі, 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) қылмыстық істі қарады. Сот блогер «Youtube» арқылы сарапшылардың қорытындысы бойынша ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған видеороликтерді орналастырған және жариялағанын анықтаған. Сонымен қатар, Төлегенов жалған ақпарат таратқан. Сотта Аслан Төлегенов өз кінәсін толық мойындап, ұсынылған дәлелдерге дау келтірмеген. Іс қысқартылған тәртіппен қаралған. Төлегеновтің кінәсі оның мойындауымен, сараптамалар қорытындыларымен, ұялы телефонды қарау нәтижелерімен, интернет-сайт және видеожазбаларды…
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Компания мұндай ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды LS. «ҚазМұнайГаз» бұқаралық ақпарат құралдарында тараған, ҚМГ «Лукойлдың» Қарашығанақтағы үлесін сатып алуды жоспарлап отыр деген хабарламаларды ресми түрде теріске шығарды. Сонымен қатар ұлттық компания жобаны іске асыруға санкциялық шектеулердің ықпалы қандай болуы мүмкін екенін және туындауы мүмкін тәуекелдерді ҚМГ серіктестерімен бірге үнемі талдап, бағалап отыратынын атап өтті.
Астана. 19 қараша. BM.KZ — Орал қаласында 10 жасар қызды зорлау дерегіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға 29 қыркүйек күні Зачаган кентіндегі № 20 орта мектеп маңында болған. Бастапқыда БҚО полиция департаменті жасөспірімге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Орал қаласының прокуроры Мейірхан Ізімовтің мәлім еткеніндей, қылмыс болмастан бұрын ата-аналар сол мектепке барар жолдағы ағаштарды отап, шамдарды орнату жөнінде әлденеше рет шағымданған. Алайда Зачаган кентінің әкімдігі бұған салғырт қараған. Тек оқиға болғаннан кейін ғана жол бойындағы ағаштар оталып тасталды. Прокурордың айтуынша, өз қызметтеріне салғырт қарағаны үшін Зачаган кенті әкімдігінің лауазымды…
Астана. 18 қараша. BM.KZ — Көпқабатты үй тұрғындарын екі күн, мектепті бір күн бойы үрейде ұстаған күдікті 8-сынып оқушысы болып шақты. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ақтөбе полициясы «жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабар берген күдіктіні анықтады. — Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 8-сынып оқушысын анықтап, ұстады. Ол 22-қазанда «1414» бірыңғай байланыс орталығына орта мектептердің біріне және көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсірген. Полиция жасағы, қызметтік иттері бар кинологтар және саперлер қарап, тексерді. Оқу орны мен тұрғын үйді мұқият тексеру барысында күдік тудыратын қандай да бір зат табылған жоқ. Қылмыстық кодекстің 273-бабы, яғни, «Терроризм актісі туралыкөрінеу жалған хабарлау»…